Бүгін

Бүгін, ертемен күндегі тәртіп бойынша, жұмысқа шықтым, бір машине жол бермей түйісіп қалдық (бамперім болмаса). Дереу тоқтап түстік (екі шопыр) сол-ақ екен, әлгі машинеден бір келіншек (қыз да болар бәлкім) шығып жібермесі бар ма. Мен де, виноват шопір де қарап тұрмыз. Апай дейін десем жас, қарындас дейін десем жіберіп жатырғаны кемпірлердікінен жаман. Менікі бамперім болар болмас сызылған, анадайды көріп құрсыншы деп уже кешіріп тұрмын, оның екі есігі сызылған нормально. Краскілеу керек. Маған айтад сен виноватсың дит әлгі әйел. Ал ана шопыр ештеме айтып тұрған жоқ, кешіргесін кеткісі келіп тұр.
Содан қоймастан Гәй шақырдық. Келп сызып берді, мен притензиям жоқ деп бердім. Әлгі байғұс келіншегі, не апасының кесірінен есігімен қоса ДТП жасағаны үшін штарап төлейтін болып кетті.
bk
Бөлісу:

2 пікір

alisha
ия, мынадай көктайғақта абай болу керек, жолда иманымызды айтып, әзер жетеміз межелі жерге…
Gastarbaiter
Ия біз әдейі преключен іздеп шықпасақ, ауылда бұндай қызық бола бермейді. +1