Темелдің хикаялары-3

***************
Темел бір күні матчқа барыпты. Кассир матчтың билеті 5 лира екенін айтады. Темел болса, 2,5 лира береді. Кассир түсінбей Темелдің бетіне қарайды. Сөйтсе Темел: Тек өзіміздің команданың ойынын ғана көрем депті.
***************
Бір күні біреу үйінде өлейін деп жатыр дейді. Бір кезде ас бөлмеден бұрқырап кекстің иісі келеді. Әлгі кісі соңғы күшін жиып, қиналып, төрт аяқтап, жер бауырлап, әйтеуір, ас бөлмеге жетеді. Кескті енді ала бергенде қолынан біреу бір ұрады, сөйтсе әйелі дейді: Тиме антұрған, бұл садақаның кекстері!
***************
Темелден: — Сұлу болғанды қалаймысың, жоқ ақымақ болғанды ма,- деп сұрапты.
— Ақымақ болғанды,-деп жауап береді.
— Неге?
— Өйткені сұлулық өткінші.
*****************
Бір күні адам ана дүниеге аттанады. Оған таңдау ұсынылады. Жаһаннамды қалайсың ба, әлде Жәннатты ма деп. Адам жәннаттың жанынан өтіп бара жатып кілең намаз оқығандарды көреді. Ал жаһаннамда бүткіл жұлдыздар жүр дейді. Адам жәһаннамды таңдайды. Таңдауын жасағасын оны жаһаннамға жібереді. Адам есікті аша салысымен отқа түседі. Сосын сұрайды: Қайда манағы толып жүрген әнші әртістер?.. Сөйтсе ондағылар: А, ол жай әшейін клиент тарту үшін жарнама ғой деп жауап береді.
Бөлісу:

2 пікір

asaubota
ілмектерге шамалы жауапкершілік танытсақ?
aktobe88
кешірім өтінем ағай. жақсы.