Кеш жүктілік турасында
Бұрын 35-40 жаста бала көтерген әйелдердің өмірі қауіпке толы болатын. Ал, бүгінгі таңда 27-28 жастағы жүктіліктің өзі тым кеш саналады. Сол себептен қазір 30 жастағы келіншектер операцияның көмегімен баланы өмірге әкеледі. Осыны ескерген дәрігерлер тұңғыш баланы 20-25 жаста көру керек дейді.Кейде табиғи заңдылықтар әрқашан адам ойын іске асыруға мүмкіндік бермейді. Нақтырақ айтсақ, ерте отбасын құрып, бала сүйе алмай жүргендер қаншама. Ақырында өзгенің баласын бауырына басып алғаннан басқа амал қалмайды. Бүгінде әрбір бесінші отбасы бедеулік мәселесіне тап болып отыр.




Бала мазасыз. Көп жылайды. Кірнелеп қалған шығар деп көрші апайға жиі жүгіреміз…