Халық біліп айтады

Бала мазасыз. Көп жылайды. Кірнелеп қалған шығар деп көрші апайға жиі жүгіреміз…
Мазасыз күндер мен түндер өтіп жатыр. Төрт айлық болған кезінде, бауы берік болсын айтып бір достарымыз келіп қалды.
Оларда жас отау еді. Досымның әйелінің емшектегі баласы бар… Қонақ келгендегі қазақы жанұяның әдетіне басып, мен қой сойып, әйелім болса өз тірлігімен тырбыңдап жатқан кезіміз еді…
Тілі жаңа-жаңа шығып сөйлей бастаған қызым «бала жылап жатыр» — деген соң, омыра-уындағы қызы ұйықтап жатқандықтан мен досымның әйеліне «сенде құнажынсың ғой, сүтің бар — үйге кіріп ұлымды емізе салшы» -деген қалжыңымды еш жауап қатпастан, іңгәлап мазасы кеткен ұлымды емізе салмасы барма…
Күйеуі шатынап әлек, "құрттың бәрін, енді құдалығымыз құрдымға кетті" — дегенді айтып :-).
Не керек, күйкің тірлікті бітірп үйге кіріп дастарханға отырдық. Тағы да қаладан келетін достарымыз да келдіі.
Тойлап, ойнап; студенттік кезеңдеріміздің небір кездерін еске алып бірааааз отырып қалыптық…
Кенеттен, менің әйелімнің мазасы кете бастады. «Балам оянар емес, омырауым сыздап барадыны» — айтып… Барып қараймыз, пыс-пыс тәтті ұйқыда. Осы кезде, менің құнажынымнан кекселеуі: жасы да үлкен, бала туу жағынан да біраз алда — "Әй қыз сен осы балаңды тойғызбайтын сияқтысың, немесе сүтің сұйық " — дегенді айтты, айта отырып «ауылда отырсыңдар ғой ешкінің сүті кәт емес шығар, оның сүтінен артық ешнәрсе таппайсыңды» — қосып қойды…
Ести сала, вешірімізге байқатпай(байқасада кешірген шығар) бір көше кейніріек тұратын ешкісі көп(12 балалы ана) үйге қарай түнделете шаптым.
Руы Боққайнат(осындайда ру бар) жеңгеме ұшып бардым да, ешкісін саудырып алып келдім. Асығыс жиналғаны 250 граммдай сүт…
… Қонақтар кетті, балама алып келген сүтімді қосымша бердік. Рахат — ұйқысы тыныш, күліп оянады. Саңғырығы да қоюланды...;-)
Келесі күні жексенбіні асыға күтіп мал базарына қарай аяңдадым… Алғашқы сауда — сауда деген шартпен қаруланып алғаным тағы бар.
Ешкілер көп… Менің көзім — емшектерінде: «неғұрлым салалы болса соғұрлым сүттірек» — деген ойым ғой.
Міне біреусі кезікті. Емшегі тырсиып тұр. Өзі де жуастау, көпті көріп көп сауылған ешкі осындай болар деген ой кетті. Сатушысы (кейін білдім делдал екен) тіпті ақжарқын адам. Мәселемді май шамман қарап алған соң салалы емшекті тартып жіберіп еді сүт дегенің ағыл-тегіл. Құдай берді, оңынан келді — сатып алдым. Біраз жиналған ақшама, тұқымы жақсы (абсент) тайды(құлынды) қоса алып, оларды ақ тілекке аянбайтын спонсорларға жуа-жуа үйге де жеттім ау әйтеуір…
… Ертесінде оянсам боққайнат жеңгем қайнап жүр. "Өй ақымақ, сыңар емшек ешкіге соншалықты есің кеткенше, бізден ақ сатып ала салмадыңба, ақшаң төгіліп жатсаны" — айтып.(Өзінде ғой бар кінә — сол түні ешкіні сауып отырып сіңбіріп жіберіп сауынды жалғастырмағанда сүтті сол кісіден ақ алып тұрар ма едік)? :-) Гигиенасссс…
Балам тоқ, уайым жоқ. Ешкінің қасиеті ай, буаз бола жүріп сүт беретін. Буаз екен. Бір айдан соң егіз лақ туды…

сурет
Бөлісу:

60 пікір

Gulistan
Кейде сол ешкі түгіл, сүтін іздеп жүретіндер бар. «Мың ауруына ем» деп бекер айтпаған болар. сиырдыкінен де ұқұнарлы деседі.
Қилеке, шын айтсам, бас жағын түсіне алмадым. Вечерде кімдікін кім емізді, құрсақ құда болуға бекінген бе едіңіздер жолдасыңызбен?
Gulistan
Әлде бесік құда?
KILYZAMAN
Екі құнажынның(әзіл) іші томпайып құрсақ көтергендегі ниетіміз(оны да бір құдай білерін біле тұра) болатын…
Gulistan
Әзіліңіз мықты екен;)
asaubota
ол кезде қазіргідей смесь жоқ шығар? :)

адам сүтіне ең жақыны ешкі сүті дейді ғой.
KILYZAMAN
Бар болатын. Мен қарсылық білдіретінмін…
Aramza
сенде құнажынсың ғой, сүтің бар — үйге кіріп ұлымды емізе салшы»
өхәхәхә))))))
asaubota
Қилеке, осылай қызықты, түсінікті дүниелер жазып тұршы. көп жағдайда сенің жазғаныңды түсінуге қиналамын :)
KILYZAMAN
Кейде өзімді өзі түсінбей қиналатын кезім көп ;-)
bazuka
үлкен ағамның қызын анам былай өсірді: сүтке тары қосып ұзақ уақыт қайнатады, сүт әбден қоюланып қайнаған соң тарыны сүзіп алып, балаға сүтін ішкізді. сүт сиырдікі болды. өте дәмді болады, әрі құнарлы. балаларыңыз жарытпай жатса осылай жасауға болады.
asaubota
шәйға тары салып ішсе де сүт қою болып шығады.
KILYZAMAN
Ақтөбеліктердің керемет шәй мәмзір… Құдалықта болып, 1000 жылға байланғаным және осы шәй жайлы ойланғаным бар ед ;-)
bazuka
мәмзір деген мақтағаңыз ба?
KILYZAMAN
мәзір дегім келген… :-( Шәй мәзірі…
bazuka
иә мен шәйға тары салып ішем, күшті болады.
dark_nazgul
менің әжем шайға тары, сары май, қант салып ішетін. фу, қалай ішеді екен деп ойлайтынмын. еще тарыны дастарханға салмайды ғой, дорбамен әкеліп, столдың астына тығып отырады, шайдан тұрғанда өзімен ала кетеді)))
Gulistan
Менің мамамдай (әжемдей) екен. Кемпірлер ала дорбасымен жүретін еді, ішінде қайнатқан сары секері бар, оны да аз-аздан шайға тістеп ішеді.
sammita
сары секерің науат па?
bazuka
науат ақ болмай ма? сары шекер ол құмшекерді күйдіріп пе қайнатып па істейді, кішкентайымда мамка көп істеп қоятын, қазір толық есіме түспи тұр жасалу жолы.
sammita
нават сары болады.
dark_nazgul
науатты былай жасайды деп еститінмін: қантты қайнатқан кезде, үстіне жіп іліп қояды екен. қанттың буы сол жіпке жабысып, сыртынан қата береді дейді)))
sammita
қанша уақыт ұстау керек жіпті, толығырақ жаз Нұрғиса сұрайды қазір:)))))))))))))))
bazuka
кешірім өтінемін! кішкентай кезімде мұз сияқты бірдемелер болатын соны науат деп жататын, негізі тәтті нәрселерге тәбетім жоқ(шекерден бастап торт дегендерді жемеймін) содан мән бермеген болып тұрмын))
Zhan
Менің ата-апамның сүйікті тәттісі. ))))
satibaldi
Уксус пен шекер.
Gulistan
Рецептіңіз ерекше!
Gulistan
Ия, сол. Өзі кәдімгі ұнтақ секерді сүтпен, ұнмен араластырып қайнатып отырады. Кейде көңіл-күйі төмен болса, не болмаса үйде әлдекім ауырып қалса, «секерім дұрыс шықпады» деп отыратын, жарықтық. ондайда карамельше созылған қоңыр тәтті бізге бұйыратын, бірақ көп жей де алмайсың, тым тәтті.
Gulistan
Базуканыкі дұрыс. Ал науат дегендерің ақ кристал меніңше.Оны да қысқашпен шағып, секер орнына тістей береді.
dark_nazgul
науатты қанттың заменителіретінде жейді, давлениесі бар адамдар.
sammita
мен көрген науаттың бәрі сары. Кімдікі дұрыс болса да.
Анау сүт пен қантты қоюлатып қайнатқанда бізде кәдімгі сгущенка сияқты шығады, какао қосуға болады.
Көп қайнатса карамель болады.
bazuka
Саммита ерінбей гуглдетіп келдім мен айтқан мұз сияқты ақ түрлері бар екен))
sammita
сенем. Бізде науат жасамайды, сатып аламыз.
satibaldi
мен көрген науаттың бәрі сары.
Дайындау технологиясы күмән тудырады…
Abilakim
Баяғыда әжем жеп отырушы еді шәй үстінде.Науат бар кезде қантты менсінбейтін
bazuka
иә осылай, былай дастарханға қойғанда кәдімгі құмшекерге қарағанда әдемі болып тұрады сән беріп.
Кейде көңіл-күйі төмен болса, не болмаса үйде әлдекім ауырып қалса, «секерім дұрыс шықпады» деп отыратын, жарықтық.
менің анам да тап осылай дейтін))
Gulistan
«Вареный сахар» деп тапқаным мынау болды:
t3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcSAJHE_7qDFSfB-or-BtXVI-gR060DQfMmzeQQ-7WzkHgFJbydU
Мен көрген науат осы болды:
pics.livejournal.com/iqmena/pic/0019s43x
Abilakim
Менің есімдегі науат бозғылт болушы еді
a63a1
мынау ирис тәріздіме қалай?
Abilakim
Шәрбәт, ириске келеді.Ирисіңнің өзі қайнаған сүт қой.Сгущенканы суға қайнатсаң бір банка ирис аласың
dark_nazgul
біріншісін білмеймін, екіншісі науат.
Abilakim
екіншісі ашылмай тұр менде
Gulistan
Суретін әдейі ілдім ғой қарасын деп.
AKY
Бұл — қатырған шекер, ал науат мұз секілді болады.
sammita
қай газеттен деп өзіме сенбей төменгі жақты 2 рет қарадым:)
жақсы жазба, көңілді.
бірақ саңғырық деп құстың несін айтпаушы ма еді:)
KILYZAMAN
Ұлымды сұңқарға теңегенім деп білерсің… Армандауға болмайма? Қуа-қуа болашақ тұлпарында сатып алғанымды айттым ғой сол жерде…
dark_nazgul
Бала емізетін әйелдің өз сүті баласына жетеді, егер бар болса. Жоқ болса, басқа әңгіме. Омыраудағы сүттің құрамы баланың тәуліктегі қажеттіліктеріне қарай өзгеріп отырады. Қатты ыстық, шілдеде болмаса, алты айға дейін балаға су да берудің қажеті жоқ, бала бәрін сүттен алады.
Баланың саңғырығы сұйық, көпіршік болатын себебі, көп әйелдер білместікпен, омырауын кезек ауыстырып емізеді, сөйтіп бала бетіндегі шөл қандырар сұйық сүтті ғана емеді де, соңындағы иіндісі қалып қояды.
KILYZAMAN
Міне қызық! Құнажында не ес-ақыл болсын… РАХМЕТ-Керекинф: о)
sammita
осы ешкілер жиі егіз табады. Бізде ешкі тым көбейіп кеткен солай. Еще жылына 2 рет лақтайды.
Gulistan
«Ешкі мен баланың жүрмейтін жері жоқ», текелерімен қосылып қаңғып жүреді де қояды. «Шекшек келгір» деп қуып жүретін әжелеріміз.
satibaldi
Досымның әйелінің емшектегі баласы бар…
Досыңның баласы емес пе сонда?
KILYZAMAN
Санаң не дддддддеген саралы еді дей тұрып, жалаңдамашы десем де — жуынды жоқ саған, Тузигім ішіп қойды…
Zhan
Бірінші рет естіп отырмын ешкінің буаз болса да сүт беретінін, обычно сиырлар сразу суалып кетеді ғой. Ал ешкі дегенің шынымен мықты екен. Біздің үйде де ешкілер болды, бірақ біз оларды сауып ішпейтінбіз. еті деген еще сасып кеткен. Бұзық, қорадағы қойлардың ақырына түсіп алып, шөптің бар жақсысын жейтін, еще қырға жайылымға шыққан кезде кәдімгідей топ бастайды. Көлеңкені де «дедтік» жасап ешкімге бермейді.
Gulistan
Ешкінің майы тез қататыны есіме түсіп кетті. Шыжығын тез жемесең, таңдайыңа қатып қалады.
KILYZAMAN
еті деген еще сасып кеткен.
— халқымызда үйленбей жүріп қалған жігіттерге айтатын әзіл: «Теке сасып кетіпсің ғой» — негізі ешкінің сүтінен бөлек еті де өте пайдалы… Отардың алдында(қойлардың) жүріп шөптің шүйгінін, дәмнің(дәннің) сүйгенін жеп жүретіндікетен болар :-)

ЗЫ. Қошақрдыңда еті күйек кезінде сасық…
KILYZAMAN
Бірінші рет естіп отырмын ешкінің буаз болса да сүт беретінін
— бір жылда екі рет төлдейтіні пысықтығы, күйі.
Қазақы қойларда сондай (мериносссссссс) — төлдері ширақ, өздеріде ширақ!
Zhan
Жасқабай да Ширақ деп қойыңыз, еріксіз еске түсіп кеткені ))))
KILYZAMAN
Деширакқамеңземегеніңді түсіне алмай әлекпін… :-(
Lyaila
Ешкі сүті құрамының ана сүтіне жақындығында дау жоқ! Ал, сиыр сүтінің баланың еңбегін тез, табиғи мерзімнен ерте қатайтып жіберетін "қасиеті" барлығын педиатр-ұстаздың айтқаны бар еді. Мұның сәбиде «внутричерепное давление» пайда болуына да әсері болатындығын ескерткен…
KILYZAMAN
Ұлыма ренжіп қалып, ешкіден бетер мазасызсың дерім барма