Алақай, ауылға газ келді!
Жаңа жылды біздің ауыл жақсы көңіл күймен қарсы алды! Тура 31 желтоқсан күні ауылдағы 60 үйге газ кірді. Тура сол күні ақ түтек боранмен арпалысып аудан әкімі жаңа демалыс паркінің есігін ашты. Сол күні ауылдағы тұңғыш сауна да тұрғындарды тегін суға түсірді. Бұл жаңалықтардың бәріне де қуандым. Өйткені, от жағып, отын сатып алу оңай шаруа емес. Оның үстіне біздің жақтың бораны ғаламат. Қазір аудан орталығындағы құрылыс дүкенінде сауда қызып тұр. от жағудан мезі болған тұрғындар қардың қалыңдығына, қыстың ызғарына қарамастан, газ кіргізуді бастап кетті. Кеше үйге қонаққа келген апамдар босағадан аттай бере "Үй Ташкент, ночноймен жүрміз" деп қырып салды. Осылайша, бәріміз қуанып жатырмыз. Тек қи сататын бір әже «газ келіп, боқтың астында қалатын болдық қой» деп өкпелеп жатыр дейді.
Ал қуаныштарыңа ортақпын. Надандық пен жоқшылықты газбен жеңейік!!!
ЗЫ. жаңа жылыңмен лібәймайд!!!
Қуаныштарың ұзағынан болсын!
Не aғып тұрғaн су жоқ көшелерде, не гaз жоқ. Қaрaғaндының көмiрi aмaн болсын, тaусылмaсын!
«2020 жылға қарай — батысқа қарай 1 400 шақырым жер телімін қосып алу» делінген екен.
Мұндай есеппен шамамен 2022 жылы Шыңжаң құрамында газ да болад, жарық та болад
Ұзынқұлақтарға сенсек, Батысымыздағы газды Шығысымыздағы алпауытқа қарай тарпақшы екен. Сол кезде «күріштің арқасында су ішкен күрмек» болып қалуымызда мүмкін дейді Арал-Қазалы-Қармақшылықтар.
Жанатаска да келсе екен газ, кудыктан аламыз суды, кузде жерасты суларынын денгейi томендеуге байланысты уйге насоспен тартып койган суымыздын кудыгында су мулде калмай (терендету керек) абiржiп кеттiк. Очм былай: Имангали ага, Жанатаска акiм болынызшы!!!
жездем жанатастан қаратауға көшіп алды, мысал үшін
www.massagan.com/angimeler.php?mod=angime&angimeid=74&jazushy_id=704
Пы.Сы. Газ құтты болсын! Біздің Тоқмансайдағылар сияқты ауылыңыздағылар әр үйге бір термометр қойып жүрген болар…
Тұрғындар аралас түсті ме?
өкімет екіжүзді болуға қарады ма деп іштей секем алдым
Айтайын дегенім, газ келгенде халық біраз жеңілдеп қалды, бірақ бағасы сол кез үшін, әрине қымбат болды.Тұрбасымен қосып тарттырғанда 60-70 мың шамасына шығатын.Қазіргі бағамы 200 мыңға барып жығылатынан естігенде таң қалғам.
Ал нағашыларым тұратын Тайсойған өлкесі ұялы байланысқа биыл, газға былтыр қол жеткізді. Телефон қатынасы да 2005-тен бастап тартыла бастады. Сондағы халықтың қуанышын сөзбен жеткізу қиын.
Телефон демекші, басында әлдеқандай ақаулар болды ма, бірінің желісі екіншісімен параллель араласып қосылып кеткен ғой. Біреуі көтерсе, әр жағынан екеудің әңгімесінің үстінен түсетін жағдайлар көп болған.Ол аздай, той-садақада үлкендердің басы қосыла қалса, кім кімнің не әңгіме естігенін айтып отыру қалыпқа айналып кеткен.
Бірді айтып, бірге кетті демеңіз, кішкене ауылдың үлкен қуанышына ортақпыз. Ойға келгенін жазғаным ғой.
жобаның мемсараптамадан өткен-өтпегенін білу қажет
өтпеген болса бәрі де бекер