Кеш жүктілік турасында

Бұрын 35-40 жаста бала көтерген әйелдердің өмірі қауіпке толы болатын. Ал, бүгінгі таңда 27-28 жастағы жүктіліктің өзі тым кеш саналады. Сол себептен қазір 30 жастағы келіншектер операцияның көмегімен баланы өмірге әкеледі. Осыны ескерген дәрігерлер тұңғыш баланы 20-25 жаста көру керек дейді.

Кейде табиғи заңдылықтар әрқашан адам ойын іске асыруға мүмкіндік бермейді. Нақтырақ айтсақ, ерте отбасын құрып, бала сүйе алмай жүргендер қаншама. Ақырында өзгенің баласын бауырына басып алғаннан басқа амал қалмайды. Бүгінде әрбір бесінші отбасы бедеулік мәселесіне тап болып отыр.

Бұл мәселені шешуге біріншіден шыдамдылық керек. Бала көтеру ел ойлағандай бір ай немесе бір жылдың ішінде іске аспайды. Кейбіреулер тіпті бедеулікті емдеуге 10 жыл уақыттарын жұмсайды. Денсаулығы балғадай әйелдердің жасы 35-тен асқан соң жүктілік болу мүмкіндігі бәсеңсиді.

Бір жағынан қазіргі заманғы медициналық мүмкіндігінің арқасында 20-25 жастан асқандар беделдікке әкеп соқтыратын гинекологиялық ауруларды емделіп, бала сүюде.

Әлбетте медицина қызметкерлері жасы ұлғайған сайын бұл бақытты көрудің қиынға соғатынын алға тартумен әлек. Балалар дәрігерлері жаңа туған балалардың арасында дені саулары тым аз деп дабыл қағуда. Оның ішінде патологиялық індеттің көрсеткіші жоғары. Өйткені дені сау анадан қандай құрсақ дамиды?

Дегенмен ақыл тоқтатқан кезде баланы дүниеге әкелу (мұнда 40 жастың аралығы) «бір құшақ аурумен» нәрестелі болумен тең. Өйткені, осы жаста құрсақ көтерген келіншектің саулығы отыз жастағылардан қарағанда 10 есе әлсіз. Осының салдарынан дүниеге келген нәресте де аурушаң болады.

Өйткені жүктілік кезде әйелдердің аурулары қозып, қан тамырлары кеңейеді. Сол себептен болашақ ана баласының өміріне алаңдаушылық білдіріп, өзін шыдамдылыққа үйрете берген жөн.

Алайда, қауіп тек қана жасы келгендерге төніп тұрмағанын ескеру керек. Өйткені жастар арасында да мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Мәселен, дене бітімі дамымай қалған ауру баланың туылуы немесе түсіктің кездесуі кең етек алуда.

Кез-келген болашақ ана баласын өмірге әкелуге ерекше дайындалады. Олар түрлі қоспасы бар витаминдер мен минералдар ішіп, салмағын сақтап, ерімен дәрігерге барып, жұқпалы ауруларды алдын-алады.

Бұл кезде ішімдік пен темекіден бас тартқан абзал. Кофені де аз мөлшерде ішу керек.

...Қай жаста тұңғыш құрсақ көтерген дұрыс-20 жаста ма, әлде 30 я болмаса 40 жаста ма? Бұл сұрақтың жауабын әр әйелдің өзі біледі. Өйткені, қазіргі заманда әркім өз қалауынша бұны жоспарлайды. Алайда, аналық сезімнің әр мөлшерде әртүрлі сипат беретінін айтып өткім келеді…

Дәрігер-гинеколог Елена ВЫСОЦКАЯ-ның мақаласынан аударылды.
Бұрынғы Арулар сайтынан
Бөлісу:

60 пікір

a63a1
Қажет ақпарат екен
asaubota
апталықты өзім бастап, өзім үлгі болуым керек
Aigolek
аудармасы тура мен аударган аудармалар сиякты екен
patick
Анам 39-жасында соңғы баласын дүниеге әкелді
dark_nazgul
Таразда тұрғанда бірнеше көрші әпке болды, 40-42 жас аралығында босанған.
Мен де, "қырықтың қырқасына шыққанда" кейін шайымды құйып беретін бір кенжетай тауып алуды ойластырып жүрмін, Алла бұйырса.
Abilakim
ол кезге дейін номеріңізді өзгерте қоймассыз, осы бастан алып алсақ?
dark_nazgul
қырықта туатын кенжетайыма кіндік шеше болайын деп пе едіңіз?
dark_nazgul
беделдікке әкеп соқтыратын гинекологиялық ауруларды емделіп, бала сүюде
бедеулікке шығар
Marationok
мүмкін сақау шығар?
aikarakoz
мені анам 42 жасында босанған
Zhan
Мені 21 жасында туыпты. 31 жасқа келгенше бес баласын туып үлгерген. Он жыл бойы бала туудан көз ашпаған ба деп ойлап қаласың шы.
aikarakoz
 бір жылдан перерыв болыпты ғо
Zhan
Со ғо, інім 82, 84, сіңлім 88, кенже інім 90-шы жылғы.
aikarakoz
күшті-күшті… үлкен кісілердің арасын суытпай босанып алған дұрыс дегенін құлағым шалып еді… анаңыз да солай жасаған шығар  за то бәрі тете өседі
Zhan
Дұрыс айтасың, інім екеуміз қырылып қала беретінбіз. Ата мен апаға таласып. Таңертең ерте тұрып апам мен атамның ортасында шай ішіп отырам. Бір уақытта інім тұрады да есікті ашып жіберіп, көзін уқалаған күйі маған: «Тұр орныңнан, ата мен апаның қасына мен отырам» дейді. Мен біраз қиғылыққа салынғанымен атам: «сен үлкенсің ғо, қазір анау бақырып жыламай тұрған кезде ана жерге барып отыра ғой» дейді. Әулетімізде ер бала аз болғандықтан біздің шаңырақта ер баланың авторитеті жүріп тұр.
salta
менің мамам 29 жасына дейін 5 бала тауып тастаған, 37 жасында әже болды, қазір шүкір 50ге келді. Құдайға шүкір!!!
Marationok
Анаңыз бақытты жан екен.
sammita
ал біздің мама 29 жасқа дейін алты баланы туған.
satibaldi
Ну, те были людми еще…
AKY
ал біздің мама… біздің мама… 3-еу ақ екен ғой, әкесс))))
satibaldi
Оның өзінде — біреуі мен дейсің ғой.
dark_nazgul
менің дос қызымның мамасы жиырма тоғыз жасында тоғызыншы баласын туған.
sammita
меніңше денсаулыққа ауырлық сияқты бұл(
dark_nazgul
он төрт жасынан бастап туса, ауыр да шығар…
қазір алпысқа енді толды, шөбере сүйіп отыр…
Abilakim
біздің ауылда бір келіншек 27 жасында 7 баласын туды, ол ауылға келін болып 17 жасында түскентін.Құрдастары әлгі келіншекті"Іші бос жүрсе ауырады" деп мазақтайды
Abilakim
мені шешем 46 жасында туыпты деп жүрсем, мен олардың тұңғыштарының баласы екенмін және шеше деп жүрген кісім әжем екен ше
Gazizkizi
Өте әдемі тақырып. Тек ішіне бала сүюге кедергі болатын қан топтарының үйлесімділік мәселеін қосса тіпті әдемі болар еді. Ондай да ақпарат бар. Мені анам 33 жасында дүниеге әкелген, кенжесімін. Алдымда 69, 72, 73, 74, 77 жылғы туғандарым бар!!! Өзім 22 жасымна алғаш ана болдым.
satibaldi
Алдымда 69, 72, 73, 74, 77 жылғы туғандарым бар!!!
Айқайлама нақ.
salta
 маңдайыңыздан теуіп кеткендей жан дауысыңыз шықты ғой…
Gazizkizi
Айқайлайм нақ, құймақ!
satibaldi
Қатал жазалау керек сені нақ.
Gazizkizi
кел Астанаға, жазалайық!
Armanjan
ық, ық, Сатекеңе де «шопақ» жегізетін қыз бар екен ғой
Abilakim
"Өзіңнен зор шықса, бір көзің сонда шығады" деген сөз бар ғой
satibaldi
қыз бар екен ғой
Жынысының күйіне құқықтық баға беруде асығыстық таныттыңыз.
Gazizkizi
Бұдан былай есіміңе тиіспеймін, Сатыпалғыр! Шын атың-ау шамасы, ұқсап тұрсың тормммм…
satibaldi
Тек жата кетуге мүдделімін.
Abilakim
Айтпақшы, Арқадағы сапарыңыз не болып жатыр? Арқаның қай жеріндесіз?
Gastarbaiter
Кеш жүктілік деген болмайды, сәтті және сәтсіз жүктілік ғана болады.
Климакс сасыған тақырып. Денсаулықты күтсеңдер бәрі жақсы болады.
Сатыбалды сияқты он екіде бір гүлі ашылмай тұрып, «мен жаспын, мен өмір сүргім келеді» деп өмірді пезнес қып сүріп қойғандар 20 жасында да түсік тастап жатад.
satibaldi
Өй, сен де бір
Gastarbaiter
Басым дыңғырап отыр, мазамды алмашь нақ
asaubota
Фантамен тіріліп отырмын
Marationok
Ата, әжелерің көрген адамдар бақытты жандар деп санаймын.
Abilakim
атаңмен сөйлесіп отырып мында жазып жібердің бе?
Marationok
орынсыз сұрақ.
Abilakim
негізі түсіндім ғой, тек анабір үтір мен "Ң" әріпі мағнаны басқаша беріп тұр.Өзімде көбіне қалай болса солай жаза саламын негізі
Marationok
енді ескеретін боламыз сіздердей диктаншылдарға жету қайда…
izbasar
Осыны ескерген дәрігерлер тұңғыш баланы 20-25 жаста көру керек дейді.
Бұл еуропалықтар үшін шығар. Біздің қыз келіншектерде осы жас шамасына қарай ойысып бара жатқан сияқты орта есеппен. Ертен 30 дейін 2 баладан аспай сосын демографиялық проблеманың шетін шығып жатыр.
KILYZAMAN
Кез-келген болашақ ана баласын өмірге әкелуге ерекше дайындалады. Олар түрлі қоспасы бар витаминдер мен минералдар ішіп, салмағын сақтап, ерімен дәрігерге барып, жұқпалы ауруларды алдын-алады.
satibaldi
Қилеке, бәрін айт та бірін айт: осы биыл — отанды қаншадан сатып жатырсыңдар?
Zako
Әйелдер тұрмақ көп еркектер 40 жаста ауылдағы шашылайын деген нивадай болып қалады.
Ramzik
Онда жас кезінде туып-туып алып қартайғанда ақыл тоқтатып, таңдап жақсы күйеуге шығу керек.
SaryQazaQ
Бір сөзбен айтқандай, қыздар 20 жаста немесе дейін күйеуге шығу керек. + әйел-еркек санының дисбалансын қосыңыз. Қыздардың құлақтарына алтын сырға!