ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙДІҢ ТІЛ ЗАҢЫМЕН ЖҮРЕ МЕ?



Жасыратыны жоқ ақпарат кеңістігіміз, іс-қағаздарымыз, заңдық құжаттар: сот іс-қағаздары, нотариустар, барлық келісім-шарттар, сенімхаттар, т.б. барлығы дерлік орыс тілінде. Қысқасы орыс тілі мемлекеттік тілдің қызметін атқарып келеді. Бірақ осы күнге дейін бірде бір БАҚ, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар орыс тілінің мемлекеттік тіл қызметін атқарып келе жатқанын – яғни мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті басқару органдарында екі тіл тең қолданылады деген конституциялық норманың орындалмай жатқанын жаза алмады. Енді осы норманың бұзылып келе жатқанын ескерген ҚР Мәдениет министрлігі мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік тілді білуі міндетті деген орынды мәселе көтере қойып еді, ресейлік және отандық орыс тілді басылымдар «тіл төңкерісі», «мемлекеттік төңкеріс» болады деп сес көрсетіп, айқай-шу көтерді. Ал шын мәнінде керісінше қазақ тілінің мемлекеттік тіл қызметін атқара алмауы «тіл төңкерісі» болып табылмайды ма? Іс-қағаздарын тек қана орыс тілінде жүргізіп келе жатқанда Конституцияның нормасы неге орындалмайды деп ешқайсысы айтпайды. Яғни 20 жыл бойы бұзылып келе жатқан Конституциялық норманы іске асыра қояйын деп едік, орыстілділер заңсыздықты жақтап шу көтерді. Бұл жолы орыстілділер Қазақстан Конституциясына қарсы екенін ашық көрсетті. Одан да бұрын ресейлік ақпарат құралдарының Қазақстан үкіметінің іс-әрекетіне өре түрегеліп қарсы шығуы таңқалдырды. Бұл дегеніміз Ресейдің ашық Қазақстанды басынып, ішкі істеріне араласуы болып табылады. Ресейлік ақпарат құралдарынан сескенген ҚР Мәдениет министрлігі болса артынша мемлекеттік тілді міндеттеген норманы алып тастапты. Бұл туралы «Мегаполис» газетінің 2011 жылғы 15 тамыздағы санында ҚР Мәдениет вице-министрі Ғ.Телебаев хабарлады. Сонда бұл қалай, біз Ресейдің боданындағы елміз бе? Қазақстанның өз заңдары шеңберінде әрекет етуіне не кедергі? Бұл түрімізбен ертең Қытай ақпарат құралдары шу көтерді деп қытай тіліне де басымдық беретін шығармыз. Егер де Қазақстандағы тіл жағдайына зерттеу жасап, тіл мәселесі қандай заң нормаларына сәйкес, қандай заңдармен әрекет етіп жатқанын бір сөзбен айтқанда: біздегі тіл туралы барлық әрекеттер Қазақстанның емес Ресейдің тіл заңдарымен жүріп келе жатқандай әсер қалдырады. Әйтпесе Конституцияның орындалуын талап ете алмай келе жатқанымызға да 20 жыл өтті. Мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметкерлеріне міндеттей алмай жатқан масқара мемлекет болдық қой. Қазақстан мемлекеттік қызметкерлерінен мемлекеттік тілді талап ететін норманы қайта енгізуі тиіс. Біздің мемлекеттік саясатымызға, ішкі істерімізге ешкімнің араласуға құқы жоқ. Осындайда еліміздегі орыстілді азаматтарымыздың сатқын әрекеттері әшкере болды. Мемлекеттік тілге, мемлекеттік саясатқа қарсы шыққан азаматтарымыз заң аясында жауапқа тартылсын. «Алаш айнасы» газеті: Қазақстандық Православтар одағының Spgk.kz сайтында жарық көрген Ф.Ми¬рог¬ловтың мақаласында: «Орыс азаматтары мұндай шешімдерге салқын қараңыздар. (заңды) Өздеріне жаза берсін. Тілге қа¬тыс¬ты кез келген жарлық пен заңды күле отырып оқыңыздар, себебі оның барлығы – фантастика ауылынан туылған дүние. Бұрынғыдай негізгі тілде, құдіретті, ұлы орыс тілінде сөйлеуді және жазуды жал¬ғас¬тыра беріңдер. Оған тосқауыл қою еш¬кімнің қолынан келмейді...» деп жал¬ға¬са береді. Міне, арандатушылықтың кө¬кесі қайда жатыр! Осындай арандатушы Қазақстанның азаматтарын жазалансын. Кезінде Ресей империясы Қазақстанға күшпен орыс тілін енгізгенде қазақтардың, қазақтілділердің құқы туралы сөз болмап еді, енді қазақ тілін қайта қалпына келтірейін десек тағы да орыстар кедергі болып тұр. Орыс тілінің Қазақстанға қалай енгенін еске түсіргендеріңіз абзал. Орыс тілін үйренбегендерді кемсітіп, қызметте өсірмей, мәжбүрлеп, табанында езіп отырып орыс тілін үйреткен еді. Ал біз — қазақтар қазақ тілін күшпен, зорлықпен үйретіп жатқанымыз жоқ қой. Тарихты қайта қозғамай-ақ қоялық, әйтпесе Ресеймен басқаша сөйлесуге тура келеді. Біз зорлықпен қазақ тілін үйретуді жақтап отырғанымыз жоқ, Конституциялық норманың орындалуын талап етіп отырмыз. Сондықтан алынып тасталған заң нормасын қайта қосуларыңызды сұраймыз.

Фазылбек Әбсаттарұлы
Әрі қарай

Диагноз

Бір кісі ойнап-күліп жүріп, денсаулығына шағым айтпастан ана дүниеге кете барыпты. Көз шырымын алып алмақ болған, содан оянбай кете барған. Мәйітті дәрігер келіп тексеріпті. Марқұмның бала-шағасына мемлекеттен көмек көрсету үшін тексертпесе болмайды. Содан еш аурудың белгісін таба алмапты. Әйелінен " соңғы кезде денсаулығы бойынша шағым айтып жүр ме еді?" деп сұрапты. Анау «Жоқ» деген. Сондағы дәрігердің қойған диагнозы, заключениесі «Аңдамай сөйлеген, сондықтан да ауырмай өлген» болыпты
Әрі қарай

Хан,сурет һәм суретші

Баяғы бір заманда Қарахан атты хан болыпты. ағын ғана мемлекетті басқарып отырсада өз маңайындағы басқа елдерді шошытып, ара-тұра шабуылдар жасап ықтырып алады екен. күндердің күнінде бір патшаның қызы Қараханнан өз суретін беріп жіберуді өтініпті. Хан өз еліндегі суретші атаулының бәрін жинапты. Қарахан оң жақ қолы кеміс, бетінде ақтаңдақ дақтары бар жәнеде ақсақ адам екен(соғысып жүріп жаралады ма,әлде туайы солай ма білмеймін.Әйтеуір екінші топтағы мүгедек болған ғой). Кімде-кім суретін өзі ойлағандай салып берер болса соған ат басындай алтын беретінін жариялапты. Суретші біткен ханның суретін салуға кірісіпті. Жарқыратып, асқақтатып, айбынын асырып, кемдігін жасырып салған суретшілерді де, өз кейіпі қалай болса суретке де солай салған суретшілерді де жазалапты.Бірін асыпты, енді бірін ат құйрығына байлап сүйретіп өлтіртіпті. Ханың ауласы қан сасыпты. Не керек елде суретші қалмады-ау деген шақта «Мен салып беремін» деп он үш-он төрт жасар түбіт мұрт бозбала келіпті. Мұны естіген ел-жұрт "Өледі-ау байғұс бала"-дан басқа түк айтпапты. Содан бала суретін салуға кірісіпті. Бір сағат салды ма, бір күн салдыма,әлде бір апта ма нақты дерек жоқ (анығы ешқандай фотошоп пайдаланбағаны). «Суретіңіз дайын, хан ием!». Қарахан бала салған суретті қолына алып, бір бозарып, бір қызарып қарапты. Арғымаққа мінген ханның қыстың көзі қырауда аңға шыққаны бейнеленіпті. Оң қолының кемісін садақ тартып тұрғанымен білдірмей жіберіпті. Кемсітті деуге де келмес. Бетіндегі ақтаңдақтарды жапалақтап жауған қармен жасырыпты (қар бетке жабысады ғой енді). Атта отырғандықтан сол аяғының қысқалығы да білінбей кетіпті. еш әсірелеу де, кемсіту де жоқ. сөйтіп Қарахан өнерлі өренге ат басындай алтынын беріп шығарып салыпты. Қызын бермепті. Соған қарағанда үйленбей жүріп қалған ханға ұқсайды.

ПыСЫ: Аңыздың желісі ақын Жұматай Жақыпбаевтың «Хан суреті» атты өлеңінен алынды. Өлеңнің сөңында бұл аңызды оқысаң, басқаларға айта жүр делінген екен. Ақынның басқа өлеңдерін оқып жүргеніммен, мына өлеңін оқымаппын.
Әрі қарай

Не деген Қызықстан!

қазақтардың фэнтези жанрындағы телеканалы

© @Jacqabaies_Chirac


Баяғыда әлеуметтік желілер, мессенджерлер жоқ кезде қызық жаңалық, приколдарды пошталарымызға жіберуші едік. Қызық еді. Күлуші едік. Шынымен күлуші едік. Тіке мағынасында. Қазір де бөлісеміз қызық ақпараттармен. Бірақ, қарасам қазір бұрынғыдай емес приколдар. Шын болып жатқан оқиғалар, жаңалықтарға күлеміз. Яғни абсурдтарға! Күлеміз. Ызадан. Топастықтан. Кім топас? Кім ақымақ? Жариялаушы ма? Оқушы халық па? Қажыдым анассгин…
Әрі қарай

Жаздың шілдесінде отопление қосылып тұр

Сирена ұйқымды бұзды. Барып қарасам, өрт болып жатыр. Өрт сөндіруші машиналар өртенген жерден алысқа тоқтап, ұзын шлангілерін апарыпты: себебі мұрттыбаймайт жүргізушілер көліктерін жолдың шетіне парковкі етіп алған. Тар жолға кішкене көліктер сыймаса, үлкен машина сыймайды. Шіләңгінің ұзын болғаны да жақсы болыты.
Қазіргі тұрып жатқан үйдің батареясы жаңа салынған үйлердегідей контролі жоқ, КСРО кезіндегі Хрущев заманының үйлері дит. Қала күніне орай өлтіріп ремонтын да жасаған, жаңа Астананың кейбір үйлерінен кем емес, қайта оларға қарағанда комфортный мен үшін. Бүгін жаздың шілдесінде отоплениені жіберіп қойғаны түсініксіз. Энергиялары тасып бара жатса, басқа жақа жібермей ме.
Әрі қарай

Пойыздың шопыршысы...

Барлық қазақ ауылдарының үстінен темір жол өтпейтіні белгілі. Бірақта көп аудандарда темір жолдардың бары рас. Біздің Қарағанды облысының кей аудандарында темір жол жоқ.Сол себепті ауылдардың балалары пойызға әскерге кетіп бара жатып бірінші рет мініп жатады(Разъездердің баладары мектепке пойызбен баратынын айтпай-ақ қояйын). Мектептен кейін оқуға түскендері «общий» вагондар арқылы пойыздың не екенін біліп алады. Не оқуға түспеген, не басқа жаққа пойызбен қыдырып бармаған бір ағамыз (1975-ші жылғы) өзін әскерге шығарып сап тұрған жігіттерге :«Жігіттер, пойыздың шопыршысы қай жерінде отырады, жолда дәрет қысса...» десе керек…
Әрі қарай

"ҚазСат-2" қазақстандық жасанды жерсерігі ұшырылды

2009 жылы ұшырылуы тиіс "ҚазСат-2" қазақстандық жасанды жер-серік бүгін ұшырылды. Ресейдің «Протон-М» зымыран-тасығышымен көкке көтерілген қазақстандық жер-серікті «Бриз-М» үдету блогы геостационарлық орбитаға (экуатордан 35 790 км биіктікте) дейін жеткізеді.

"ҚазСат-2" жасанды жерсерігінің игілігін халық көрсін, ғұмыры ұзақ болсын деп тілейміз.

Міне, мынау "ҚазСат-2"-нің өзі
Әрі қарай

hanas hom awilinan aser

hom  awilinan  aserhanas altayding bwirxin degen awdaninda ornalashan ulttih awil ol hitayda aldinggi sayahat rayondaring biri, al hom awilida sol hanaspen korxiles jathan osi awdanning mangizdi halharalih sayahat rayondaring biri edi .biltir osi homga barip haythan edik sodan bir aser sizw oyimda bolip osi twindimdi sizip xihtim, algax barganda (burin munday kop agax uylerdi kormegen ekenmin ) beyne basha bir dunyege kelgendey boldim, xetinen dizilgen haling agax ulyi awil, munda hazah magul ulting tagi bir rwi twa degen rwlari aralas honistangan eken ,biz osi men sizgan uyding birinde jattih, onda zat bagasi adettegiden bir ese jogari turadi eken. tangerteng kun xihpay turip algan men ,tangning salhin samalina toingip xidamay hazah kisiden kyim surap kygen jerim tagi bar. kornisine kozing toymaydi…
Әрі қарай