Айтатын ойы бар тіркестер

Ақ па, қара ма, әйтеуір
Айтатын ойы бар тіркестер
Жазуды жөн көрдім Керекке

Айдала болғанмен адам көп
Жапанда жалғыз болып қалғам жоқ
Сондықтан бұл орта ерекше

Табиғат байлығын аямай
Жерасты қойнауы қара май
Жәндіктер әлемі кезекте

Дәуіт, сарышаян, шегіртке
Шыбын, бұзаубас, кесіртке
Жылан да бар дейді көргем жоқ
Айбат шексе тек тиіспе

Апай топай басталатын желі
Ескертусіз күйдіретін күні
Тұз татыған суы менен ауасы
Дертке дауа – «пысық» барлық масасы

Шексіз сағыныш оянып
Сырғанақ сағымға боялып
Арманға бой бердім, жетекте

Шығысты сүйетін арумын
Ертегі әлемім – қаруым
Шындықпен қаланған өлеңді
Жылы қабыл ал қауым!

Шикі жұмыртқа, былжыраған қызанақ лақтырсаңдар да маған бәрібір, өйткені көзімде әшки, басымда каска, үстімде соғысқа арналған киім, аяқта сейфти бутс
Бөлісу:

3 пікір

KILYZAMAN
Шынында шындықпен қаласа керек, мына өлеңің!
Beisek
Атыраудың масасы туралы жыр жазылып жатқанын қарашы! Атыраудың масасы шақса өліні тірілтерлік ғажайып!
Beisek
Сонда да неткен сұлу неткен көркем, Осы менің масаға толы, балшыққа батқыр туған өлкем!