ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙДІҢ ТІЛ ЗАҢЫМЕН ЖҮРЕ МЕ?
Жасыратыны жоқ ақпарат кеңістігіміз, іс-қағаздарымыз, заңдық құжаттар: сот іс-қағаздары, нотариустар, барлық келісім-шарттар, сенімхаттар, т.б. барлығы дерлік орыс тілінде. Қысқасы орыс тілі мемлекеттік тілдің қызметін атқарып келеді. Бірақ осы күнге дейін бірде бір БАҚ, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар орыс тілінің мемлекеттік тіл қызметін атқарып келе жатқанын – яғни мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті басқару органдарында екі тіл тең қолданылады деген конституциялық норманың орындалмай жатқанын жаза алмады. Енді осы норманың бұзылып келе жатқанын ескерген ҚР Мәдениет министрлігі мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік тілді білуі міндетті деген орынды мәселе көтере қойып еді, ресейлік және отандық орыс тілді басылымдар «тіл төңкерісі», «мемлекеттік төңкеріс» болады деп сес көрсетіп, айқай-шу көтерді. Ал шын мәнінде керісінше қазақ тілінің мемлекеттік тіл қызметін атқара алмауы «тіл төңкерісі» болып табылмайды ма? Іс-қағаздарын тек қана орыс тілінде жүргізіп келе жатқанда Конституцияның нормасы неге орындалмайды деп ешқайсысы айтпайды. Яғни 20 жыл бойы бұзылып келе жатқан Конституциялық норманы іске асыра қояйын деп едік, орыстілділер заңсыздықты жақтап шу көтерді. Бұл жолы орыстілділер Қазақстан Конституциясына қарсы екенін ашық көрсетті. Одан да бұрын ресейлік ақпарат құралдарының Қазақстан үкіметінің іс-әрекетіне өре түрегеліп қарсы шығуы таңқалдырды. Бұл дегеніміз Ресейдің ашық Қазақстанды басынып, ішкі істеріне араласуы болып табылады. Ресейлік ақпарат құралдарынан сескенген ҚР Мәдениет министрлігі болса артынша мемлекеттік тілді міндеттеген норманы алып тастапты. Бұл туралы «Мегаполис» газетінің 2011 жылғы 15 тамыздағы санында ҚР Мәдениет вице-министрі Ғ.Телебаев хабарлады. Сонда бұл қалай, біз Ресейдің боданындағы елміз бе? Қазақстанның өз заңдары шеңберінде әрекет етуіне не кедергі? Бұл түрімізбен ертең Қытай ақпарат құралдары шу көтерді деп қытай тіліне де басымдық беретін шығармыз. Егер де Қазақстандағы тіл жағдайына зерттеу жасап, тіл мәселесі қандай заң нормаларына сәйкес, қандай заңдармен әрекет етіп жатқанын бір сөзбен айтқанда: біздегі тіл туралы барлық әрекеттер Қазақстанның емес Ресейдің тіл заңдарымен жүріп келе жатқандай әсер қалдырады. Әйтпесе Конституцияның орындалуын талап ете алмай келе жатқанымызға да 20 жыл өтті. Мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметкерлеріне міндеттей алмай жатқан масқара мемлекет болдық қой. Қазақстан мемлекеттік қызметкерлерінен мемлекеттік тілді талап ететін норманы қайта енгізуі тиіс. Біздің мемлекеттік саясатымызға, ішкі істерімізге ешкімнің араласуға құқы жоқ. Осындайда еліміздегі орыстілді азаматтарымыздың сатқын әрекеттері әшкере болды. Мемлекеттік тілге, мемлекеттік саясатқа қарсы шыққан азаматтарымыз заң аясында жауапқа тартылсын. «Алаш айнасы» газеті: Қазақстандық Православтар одағының Spgk.kz сайтында жарық көрген Ф.Ми¬рог¬ловтың мақаласында: «Орыс азаматтары мұндай шешімдерге салқын қараңыздар. (заңды) Өздеріне жаза берсін. Тілге қа¬тыс¬ты кез келген жарлық пен заңды күле отырып оқыңыздар, себебі оның барлығы – фантастика ауылынан туылған дүние. Бұрынғыдай негізгі тілде, құдіретті, ұлы орыс тілінде сөйлеуді және жазуды жал¬ғас¬тыра беріңдер. Оған тосқауыл қою еш¬кімнің қолынан келмейді...» деп жал¬ға¬са береді. Міне, арандатушылықтың кө¬кесі қайда жатыр! Осындай арандатушы Қазақстанның азаматтарын жазалансын. Кезінде Ресей империясы Қазақстанға күшпен орыс тілін енгізгенде қазақтардың, қазақтілділердің құқы туралы сөз болмап еді, енді қазақ тілін қайта қалпына келтірейін десек тағы да орыстар кедергі болып тұр. Орыс тілінің Қазақстанға қалай енгенін еске түсіргендеріңіз абзал. Орыс тілін үйренбегендерді кемсітіп, қызметте өсірмей, мәжбүрлеп, табанында езіп отырып орыс тілін үйреткен еді. Ал біз — қазақтар қазақ тілін күшпен, зорлықпен үйретіп жатқанымыз жоқ қой. Тарихты қайта қозғамай-ақ қоялық, әйтпесе Ресеймен басқаша сөйлесуге тура келеді. Біз зорлықпен қазақ тілін үйретуді жақтап отырғанымыз жоқ, Конституциялық норманың орындалуын талап етіп отырмыз. Сондықтан алынып тасталған заң нормасын қайта қосуларыңызды сұраймыз.
Фазылбек Әбсаттарұлы
Біздің олардан қай жеріміз кем?
Түсінбейтінім, әлі күнге шейін тіл мәселесі неліктен шешілмей келе жатыр? не кедергі болып тұр?
20 жыл бұрыңғы газттерде тіл мәселесі жайында оқығанымда, бір байқағаным, қазырғы мәследен еш қандай өзгеріс болмағандығына ой келді…
Содан кейін орыс тілділердің /қазақтарыдың өздері өз тілін жетік білмейді/ деген пікір қалыптасып кетіпті; тіпті өз құлағыменен естігенмін бар… қысқасы қаным қайнап жүр
АЛ ресейлік басылымның айтуы еш заңға қарсы емес дер ем. Себебі БАҚ тәуелсіз пікір айтуға құқылы. Бұл мемлекеттік орган емес қой. Әрине бірақ құптарлық емес.
Шынымен-ақ өзге елдің мемлекеттік тілінде сөлйеп, соны насихаттау, мекен ететін елінің мемлекеттік тіліне қарсы шығу, мойынсұнбау ұлттық, мемлекеттік қауіпсіздікке қарсы жасалған іс-әрекет деп түсінемін. Сондықтан мұнымен тікелей ҰҚҚ айналысу керек. Идеалда солай енді.
Мемлекеттік тілді білмейтіндердің барлығын мемлекеттік қауіпсіздікке нұқсан келтірушілер деп айтуға болады. Енді ше өзге елдің мем. тілінде сайрап жүр.
Жалпы осы тектес мақалаларды орысшаға аударып оқыту керек соларға.