Мына мақаланы оқып қалдым. Енді мақаланың алғашқы болып енгізсеңіз сайттың дәрежесіне емес мақаланың бірінші жарияланған жеріне іздеу сайттары жіберетін болады. Осыны Яндекс алғашқы болып іске енгізіп жатыр. Жақын арада бұл әдісті Гугл мен Бинг та іске қоспақшы. Не боларын көрерміз, бірақ мына мақаланы оқып Арулар.kz, Мәліметтер.com, Beu.kz, Блогшылар т.б. өздерінің мақалаларын іздеу жүйесінде алға шығара алады.
Түрік халқы да ырымшыл ма деймін. Түркияның бірнеше газеттерінің логотипінде «көз тимесін» функциясын атқаратын көзмоншақ бейнеленген. Солардың бірен-саранын ғана таба алдым Интернеттен. Мысалы, мынадай:
Мына бір видеоға қарап отырып бір жағдай есіме түсіп кетті. Жақында ғана болған жағдай.
Бір еркек ішіп келіп әйелі мен балаларына ұрсып, оларға қол көтереді. Өзі удай мас. Әйелін өлтіріп қоюына шақ қалады. Маскүнемнің зомбылығына шыдамаған әйелі менттерді шақырып, көмектесулерін өтінбей ме әлгі жерде. Сөйте әлгі менттер: "Өкінішке орай, біз ешқандай көмек көрсете алмаймыз. Ол мас адам ғой. Сауыққанша қамап қоямыз. Кейін қайта босатып жібереміз" депті. Әлсіз әйелдің сенген менттері солай ешкілік танытып кетіпті.
Әйелдер мен жас балалардың құқықтарын қорғай тек заңның емес, әрбір адамның ар-ожданының ісі болса керек. Көршісінің мас болып келіп әйелін сабап жатқанын көрсе де көрмеген адамдай бола қалатын көршілер қалайша әйел мен жас балаларға көмектесуден бас тартады?!
Көп адам «ерлі-зайыптылардың арасына ессіз адам ғана түседі» деген қисық мақалды ұран қылып алады. Ал егер әйелі жазым болса, әлгі мақалыңмен көршінің данышпандығы артып қала ма, қышуы қана ма?!
Май-май, күйе-күйе X вагон жөндеу депосының машинистінің көмекшісі, есік алдында темекі тартып тұрған кадр бөлімінің бастығын жағадан алады:
— Сен бір жылға тұрғызсам — 200 000 теңге деп едің, ептібайымайд! — жұрттан жүз-ақ
«Стандарттау және метрологияның» есігінің алдында Тәреннің жүргеніне екінші күн:
Қытайдан өлгенше резеңке қолғап әкелген оның тауарын сертификаттап жатыр. Сол нақ: бір пяншікатаңанә электрик токқа түсіп қалып, онысын "қолғаптан болды!" деп, зар
@boztorgai аға сұрағасын жазып отырмын. Мүшәйрада тек финалға шыққан ақындардың өлеңдері ғана оқылды. Жалпы саны 150 ақын қатысқан, оның ішінде 15 ақын ғана финалға өткен екен. Барлық ақындардың өлеңдері мен ақындардың тізімін таппадым, тек финалда орын алғандары туралы ғана ақпарат бар екен:
Ғылыми конференциядан соң «Кең дүние төсіңді аш мен келемін!..» атты жазба ақындар мүшайрасының қорытынды бөлігі өтті. 150 ақын қатысқан жыр додасында бас жүлде – жеңіл автокөлік ақын Жүрсін Ерманға бұйырды. Бірінші жүлде (1млн. теңге) – Қапшағайдан келген Мақпал Мұсаға бұйырды. Екінші жүлде (750 мың теңгеден) – Иранғайып (Иранбек Оразбаев) пен қытайдан келген ақын Білісбек Әбдіразаққа тиді. Үш үшінші жүлдені (500 мың теңгеден) –Сәкен Иманасов, Әділғазы Қайырбек, Ырысбек Дәбей жеңіп алды. Бес ынталандыру сыйлығын (200 мың теңгеден) –Жәркен Бөдеш, Қуандық Шолақ, Серік Ақсұңқарұлы, Батық Мәжит, Кәдірбек Құныпияұлы иемденді. Еркін Ібітанов атындағы екі арнаулы сыйлық (150 мың теңгеден) –Болат Үсенбаев пен Жарас Сәрсекке бұйырды. Ақпарат мына жерден алынды.
ls – файлдар мен каталогтар тізімі
ls -al – қалыпталған (форматированный) файлдар мен каталогтар тізімі, жасырын файлдар, папкалар
cd dir – dir каталогына ауысу (өту)
cd – қолданушы каталогына өту (домашний каталог)
pwd – ағымдағы каталогты көрсету
mkdir dir – dir каталогын ашу (создать мағынасында)
rm file – file файлын өшіру
rm -r dir – dir каталогын өшіру
cp file1 file2 – file1 файлын file2 файлына көшіру
cp -r dir1 dir2 – dir1 каталогын dir2ге көшіру
mv file1 file2 – қайта атау (переименовать)
touch file – file файлын ашу (создать)
cat > file – стандартты нәтижені fileға жазу
more file – file ішіндегіні шығару
head file – file-дың алғашқы он долын шығару
tail file – file-дың соңғы он долын шығару