Хакерлер Твиттерде Обаманы өлтірді


Кеше 4 шілде Американың Тәуелсіздік? күнінде Fox News каналының Твиттер аккаунтын бұзған хакерлер «Обама қайтыс болды, 2 жерінен оқ тиді» деп жазып кеткен. 33.000 оқушысы бар екен Fox News-тің. Оқиға түн ортасында болғандықтан Fox News Твиттерге хабарласып, аккаунттарын қалпына келтіре алмаған. Кейін хакерлер мұның ойын екендерін білдіріп, өз қолтаңбаларын Th3 5CR1PT K1DD13S және логоларын қойып кеткен.
Әрі қарай

Оқымысты әйел

Бір жігіт балық аулауды жан-тәнімен сүйіпті. Сенбі, жексенбі болса универсалды Пассатының артына қармақтары мен резеңке қайығын салып алып,қасына келіншегін ертіп балықшылығына тартып отырады екен. Келіншегі болса табиғат аясында, көлеңке түбінде кітаптарын оқитын болыпты. Осындай бір сапарда жолдан шаршап келген жігіт шатырды тігіп(жаман сөз емес), қайығын үріп болған соң шамалы көз шырымын алмақ болады. Әйелі қайыққа мініп кітабын оқып отырады. Әйелдік қызығушылығы артып ескекті есіп жағалаудан қамыс арасына қарай сәл ұзаңқырап кетіпті. Қолы талып, «сәл демалып алып қайтамын ғой» деп кітабын оқып отырса балық инспекторы келіп(бұлда қайықта, басқа қайық): «рұқсат қағазыңызды көрсетіңіз » депті. Жоқ екені белгілі.
-Айыппұл төлеңіз?
-Мен кітап оқып отырмын, балық аулауға қатысым жоқ
-Менде сізді балық аулады деуге барлық дәйектемелер бар(иегімен қармақтарды нұсқапты).
-Онда, мен «мені зорлады» деп сіздің үстіңізге арыз жазамын.
-Неге? Мен Сізге тақалғанымда жоқ,өз қайығымда отырмын.
-Менде де солай арыз жазуға негіздемелер бар-деген әйел иегімен нұсқапты
Әрі қарай

Ерболат Төлегенов: Киностан.kz сайтын ашылуымен құттықтау



Ерболат Төлегенов комедия жанрында бірқатар фильмдерге түсіп үлгерді. «Ойпырмай» картинасында ерке ұлды, «Супербаха» фильмінде Майбасты сомдаған жас актердің әншілік өнері де жоқ емес. Салтанатты кештердің бірінде «Киностан» сайтының ашылғанын естіген Ерболат жаңа ресурстың ашылуымен арнайы құттықтады:
Әрі қарай

Ақтөбе стадионында...

Мына төмендегі видео Ақтөбенің стадионыңдағы жағдай. Диктормен Ақтөбе фанаттарының гол салған адамның аты-жөнін айтуы.

Ал мына видеода Ақтөбе жанкүйерлерінің істеген толқыны.
Әрі қарай

Әбіләкімнің Астанаға жорығы

Бүгін Алла қаласа түстен кейін Астана қайдасың мына жақтасың деп Астанаға қарай тартып отырамын. «Мінберге» тізлмеген ем, жәй барып шо пашом көріп қайтайын деген ой ғой. Әрі Астаналық блогерлермен жүздесіп, кәукілдесіп қайтпақ ниет бар.«427-ні еске алу кешін» ұйымдастырмақ ниет бар)))) Жексенбіге дейін «жестоко» демалмақпыз…
Әрі қарай

"Сендер жазыңдар, мен көшірейін"

ҚазНеттегі қазақша сайттардың арасында (басқасында шаруам жоқ) шығармашылыққа қарағанда ұрлыққа жол беретіндері көбейіп жатыр. Олардың негізін бір-бірінен реферет ұрлайтын сайттар құрайды. Ондай сайттары мектеп жасындағы балақайлар орыстың жарнамасын (ресейлік жарнамалар) орнату арқылы ақша табу үшін жасайды. Жеке (бірыңғай, қайталанбас) контент деген НӨЛ. Бұлардан басқа тағы…

Жаңалық агрегаторлары бар. Белгілі бір сайттарда жарияланатын мақалаларды автоматты түрде көшіреді. Солай ету арқылы оқырмандарды жинап, жарнама орнатып, ақша табуға мүмкіндіктері бар. «Агрегаторлар көшіреді, сондықтан Гуглда бірінші шықпайды» деген түсінік қате. Үнемі олай бола бермейді. Мысалы, ҚазАқпараттың материалдарын іздесеңіз, бірінші кезекте сол сайттан көшірген агрегаттардан табасыз.
Әрі қарай

Пайым

Өтірік сияқты көрінер,
Біз оған сенеміз, шын дейміз.
Ақ қарды ериді дегенмен,
Ол бірақ, жылайды білмейміз.
Әрі қарай

"Қатыным біреумен сүйісіп тұр екен"

Кейде телеарна алдында отырып қарадай қарап күйесің. «Әзілқой», «халықты қыран топан қылатын» бағдарламалар бар ғой… Иә. Бірақ солар әзілдерді қайдан алатынына миым жетпей-ақ қойды… Аспаннан алған дейін десем, брэйк билейтін әже мен қыздарға қырындап жүрген қарттың, әйелінен қорқатын еркек пен күйеуінің көзіне шөп салып жүрген әйелдің аспанға не қатысы бар? Әйтеуір бізге, көрерменге ұсынылған өнімдерден ұғатынымыз, «ұнамаса көрмеге» жүгінуіміз керек боп тұр. Олай болмаған күнде, бір сықыр сүйек ербеңдеп билесе шегіміз қатқанша күлуіміз керек екен. Бір көксоққан қатынынан қорқып бұтына жіберіп қойса да, бұратылып күлкіден жатып қалуыңыз керек. Дым күлкілі емес. Дым өтпейді.Өткенде бір «Тематик шоу» деген хабарды қарап отырсам мынандай әзіл айтады.
— Кеше үйге келсем әйелім біреумен сүйісіп тұр екен.
Қасындағы екінші әзілкеш-сымақ
— мәссаған – дей беріп еді, анау:
— оны қойшы, ең бастысы тамақ істемеген ғой -деп «қыран топан қылды»
Қазақтардың әзілінің сиқы осы.
Әрі қарай

Достың агетке жібергеннен. "Денсаулық құпиясы"

Бір досым агентке мыналарды жіберген екен сіздермен бөлісейін деп отырмын.
Өйткені адамның ішкі жан дүниесі оның дерсауылығына тікелей әсер етеді.

Егер ауырғың келмесе… Сезіміңді білдір. Жасырын іште сақталған сезімдер мен түйсіктер гастрит, язва (ойық жара) және бел ауруларына апарып соқтырады. Уақыт өте келе қатерлі ісік ауруына айналады. Демек, сезімді, ішкі ойларымызды бір-бірімізбен бөліскеніміз жөн!
Сұхбаттасу, дидарласу — өте күшті ем һәм әсері керемет!
Егер ауырғың келмесе… Шешім қабылдағайсың. Шешімсіз адам сенімсіз, уайымшыл және қорқақ. Қиналады. Ол қақтығысты көбейтеді. Шешім қабылдау өзгелердің де табысқа жетуіне жол ашуды үйретеді. Бір шешімге келе алмайтындар асқазан аурулары мен жүйке және тері ауруларына шалдығады.
Егер ауырғың келмесе… Шынайы бол!

Құметті Керекші ішкі ойыңмен бөлісе отыр.
Әрі қарай