Қазақстанға АЭС қажет пе?

Соңғы уақытта мені осы мәселе қатты толғандырып жүр. Бұған қатысты мамандардың пікірі екіге жарылып отыр. “Ой, АЭС салса, ел энергия тапшылығы мәселесін шешіп қана қоймай, одан кейін басқа да салалар дүрілдеп дамымақ” деген сияқты жылтырақ сөздерді өзім ұнатпаймын. “Қазақстан Жапония сияқты теңіздердің ортасында тұрған жоқ, уранды шикізат күйінде сата беру ақымақтық, соңғы технологияның жетістігін пайдалану керек” деген ғалымдармен де келіспеймін. Сонымен мені не алаңдатады?
Әрі қарай

Менде ұсынайын үш ән

"Ә л е м н і ң ж а р ы ғ ы ы ы ы ы ы ы ы ы ы ы ы ы ы ы н" деп басталатын әнді/жалғыз айтқан қызық еместін/ дуэт, трио, квартет, айлық алғанда көбіне хормен айтқан да кездер артта қалды. Бірақ ән талғамымды маңыздырақ етіп жазайын дедім. Әркімнің де сүйіп тыңдайтын әндері болады. Аудандық «Жас Қанат» байқауының 2-орын иегері болсам да кезінде, менің талғамымның басқаларға ұнамайтын да тұстары болса керек. Қабыл алыңыздар, Жамағат!
Әрі қарай

Ұят болды-ау...

Атам қазақ елжелден-ақ «Сәуір болмай тәуір болмас» — деп Сәуір айында тәуір істер орын алатынын айтып кеткен. Биылғы сәуір айындағы тәуір іс ол – кезектен тыс Президент сайлауы. Таңғы сағат 7-00 де әрбір сайлау учаскелерінде еліміздің әнұраны айтылып, салтанатты түрде дауыс беру науқаны ашылды. Таң сәріден адамдар ағылып келіп, өз таңдаған кандидаттарына дауыстарын беріп жатты.
Әрі қарай

Әлемдегі ең үлкен бөжектер!

дәу қоңыз
Осы таңдамалы суреттерді үйдегі балақайларға көрсетіп едім, қараған сәтте үркіп кетті, содан соң қатты таң қалды… Бөжей келе жатыр дегенде естеріне осы бөжектер түсетін болар енді )))
Әрі қарай

Айқас. Екінші бөлім: Сиқыршы



Жалғасы. Басы мұнда.

Кто ищет зла, к тому оно и приходит.
Притчи Соломоновы (Прит., 11, 27)


— Тоқтат!

Екі орынтағы екі алып кесірткенің бейнесінде жасалған тақты ауыр денесімен боздатып барып Әмірші орнынан көтерілді.

Қыста суық, жазда ыстық өткізбейтін жорық шатырының іші толы адам. Бас қолбасшы мен оның артында тұрған отыз орынбасары бір тізерлей кеткен күйінде тына қалған. Сықырлатып қару асынған әскери кеңесшілер, үлде мен бүлдеге оранған төрелер үнсіз, иектерін көтеріп, алдарына тік қарауға батылдары жетер емес. Күтушілер мен Әміршнің жеке күзеті де қандарын іштерін тартып сұп-сұр болып алған.
Әрі қарай

Асық ойыны және құмарпаздық


Үш табан



Әбіләкім бастаған постты жалғастырып менде асық ойыны ережелері мен асық ойыны туралы жазуға кірісітім. сонымен, Үш табан — 2 немесе 4 бала (төрттен көп болмағаны жөн) әрқайсысы 1 (2) мүжік асықтан тізіп ойнайтын ойын. Ойын күндіз, далада тақыр жерде ойналады.
Әрі қарай

Алдандымммммммм

Әуелі алдағанымнан бастайыншы, бірақ алдағаным мен алданғанымның бір-біріне қатысы жоқ. Кеше сағат түнгі 00:00ден асқасын бүкіл қазақ студенттерге смс жіберіп шықтым: "Қайырлы түн құрметті отандастар! Сендерге өнемлі бір дуйуру бар. Қазақстаннан мәлімет жаңа ғана жетті. Сайлау күні ертеңге ауысыпты. Сондықтан таңертең сабағы барлар түстен кейін, түстен кейін сабағы барлар таңертең консулдыққа келіп дауыс берулері сұралады". Сосын әйдә, смстер «рас па ей, Ғалеке», «рас па-еу», «алдап жатырған жоқсың ба?». Сосын енді ғана жауап жазайын деп жатсам, типа «рас, мұндай нәрселермен ойнауға болмайды ғо»деп, бүкіл қазақ студенттерінің старостасы Мақсат смс жазады "Ғалеке, мұны саған кім айтты" деп. «Мәке, үндемей қоя тұр, бірінші апрельдің әзілі ғой»десем, «мен уже бүкіл студенттерге жалған ақпарат екенін смс-пен таратып жібергем»дейді. Осылайша алдауым жүзеге аспады.
Ал алданғанда, мықты алдандым. Теріскейге. Оны кешке жазам.
Әрі қарай