Ұят болды-ау...

Атам қазақ елжелден-ақ «Сәуір болмай тәуір болмас» — деп Сәуір айында тәуір істер орын алатынын айтып кеткен. Биылғы сәуір айындағы тәуір іс ол – кезектен тыс Президент сайлауы. Таңғы сағат 7-00 де әрбір сайлау учаскелерінде еліміздің әнұраны айтылып, салтанатты түрде дауыс беру науқаны ашылды. Таң сәріден адамдар ағылып келіп, өз таңдаған кандидаттарына дауыстарын беріп жатты. Бірақ, аталмыш іс шара біз ойлағандай тәуір өтілмеді. Сайлаушылар: — «Сағат 7-00 де келгенбіз, бірақ біз тізімде жоқпыз, 3 күн алдын жазып кетсе де өзімізді тізімнен таба алмай, дауыс берместен үйге қайтып барамыз» — деген сынды наздарын айтты. Тіпті аудан әкімдерінің орынбасарлары да өз тізімін таппай үйіне қайтты. Ал комиссия мүшелері болса, тізімде жоқ жандарға дауыс беруге арналған бюллетеньдерді бермеді. Бермеуі де керек. Себебі заңда солай жазылған. Ия, 2011 жылдың ең маңызды саяси, тарихи Республика президентін таңдау іс шарасында осындай салғырттық болғаны, елін сүйген жандар үшін көңіліне ауыр тиетіні белгілі. Әлі тәуелсіздігімізді алмаған болсақ, елімізде сайлау бірінші мәрте өтіп жатса айтылған салғырттыққа түсіністікпен қарауға болар еді. Бірақ, мұндай жауапсыздыққа бүгінгі таңда жұмуға болмас. Себебі біз дамыған мемлекеттер қатарындамыз( жәй ғана сөз жүзінде екен бұл сөз). Тағы да айта кетерлік жайт, халық дауыс беріп үлгермей үйлеріне қайтып кетіп жатты. Оған себеп жасырын кабиналардың аздығы, бюллетень таратушылардың көп еместігі, арнайы отырып кезек күтуге арналған орындықтың жоқтығы және баса айтатын дүние ол тізімде сайлаушының табылмай жатқандығы. Қазақ десе өзімізге тиеді, дегенмен тереземіз өзге елдермен теңескен заманда мұндай ессіздікке жол бергеніміз оңбады. Тіпті ұят болды. «Тойдың болғанынан болдысы қызық» — демекші, президлент сайлауына дайындалған көпшілік қауым, ұйымдастыру шаралары нашар екендіктерін айтып, оданда «әне болады, міне болады» деп жүре бергеніміз жақсы, бұндай сайлауы құрысын деп наразылықтарын айтып жатты. Дауыс беруге келген қарт адамдар да ескерусіз қалды. Қарт кісілердің біреуінің жүрегі, біреуінің басы ауыратыны белгілі. Бірақ, ешбір сайлау учаскесінен жедел жәрдем қызметкерлерін қарасы көрінбеді.(3-4 сайлау учаскесінде болдым). Еліміздің конституциясында басты байлық – «адам» делінген емес пе? Бүгін осы заңға көйлеңке түсті. Жетер, «Айқайлай берсең қасқырдан ұят болады» — деген бабалар сөзін ұстанымға айналдырайын. Дегенмен, келесі кезде осы жайттар ескерілер деген ойдамын!
АЛДАСПАННЫҢ ЖАРҚЫЛЫ!
Бөлісу:

5 пікір

edige
«тізімде жоқ жандарға дауыс беруге арналған бюллетеньдерді бермеді. Бермеуі де керек. Себебі заңда солай жазылған.»
Әрбір 18 ге толған азамат дауыс беруге құқылы деген жазылмаған ба?
келесі кезде осы жайттар ескерілер деген ойдамын
Келесі Президент сайлауы ма? қашан ол?
Aldaspan
Дұрыс түсінбей қалған сынайлысын! Комиссия төрағасының құқығы жоқ тізімде жоқтарға бюллетень беруге! не болса да бермегеніне куә болдым!!!
Nurkoke
Айтқанға бәрі оңай, тізім жасау оңай емес.Мен өзім де Комиссия төрағасының орынбасарымын.Біріншіден ауылдық,қалақ округ әкімдері не себепті сайлауға қарап отырады, олардың күнделікті жұмыстары емес пе, олар өз тұрғындарын жатқа білулері керек.Және Юстициямен бірлесіп жұмыс істеулері керек, жүйелі түрде.Тізімде бар кісі ,үйіне барсаң мүлде басқа үйде тұратын болып шығады, сайлаудан сайлауға дейін бізді күтіп, жұмысымызды істеп берсін демей өздері тап тұйнақтай болып отырмай ма? Олар үшін ел істеп береді,әбден иек сүйеп алған.Қаншама мұғалімдер, бюджет қызметкерлері жүгіріп жүріп ,үйді үйге кіріп отырып, бәрін анықтап тізім жасаймыз.Келесі жылы сайлау болса, олар тағы отырады бәрін былықтырып, тағы бәрін реттеп біз жүреміз.Сосын сайлаушылар шіреніп отырмай сайлауға дейін учаскеге келіп, тізімде бар ма жоқ па, жоқ болса тіркетпей ме, дәл сол күні байбалам салмай.Кейбір үйге бірнеше рет барамыз,үйінде үнемі құлып тұрады, иттері ол арсылдап үйге кіргізбейді, телефон шалсаң, неге маза бермейсіңдер деп ренжиді.Тізім жасау өте қиын әрбір үйге сайлауға дейін ,әй бір он он бес рет барасың.Округ әкімдері осы жағын, күнделікті қатты қадағалауы керек, бізді жұмсап қойып отырмай.
edige
Мен тізімде жоқпын, 4 жыл алдын қайтыс болған атама шықты. Бірақ ол кісі бара алмады
Abilakim
атаңның пенсиясын алып жүрсіңдер ме?