Орамал таққан қыздар қандай жақсы!

«Баурасын жүрегіңді балдай нәпсі,
Тәнімді тамашалап таңдай қақшы» –
Деген ой сезілмейтін жүрісінен,
Орамал таққан қыздар қандай жақсы!
Қымтанып, қиналмай-ақ жандары шын,
Көрсетпей бөтен көзге ар-намысын.
Шілденің аптабына шыдайды олар,
Тозақтың жалынына жанбау үшін.
Көпшілік сырттарынан не демейді?
Ал олар соның бәрін елемейді.
Алланың разылығын іздегенді,
Адамның қаңқу сөзі бөгемейді.
Әр ісі тұнып тұрған мағынаға,
Дәл мұндай тәрбиеші табыла ма?
Жақсы ана болады олар ұрпағына,
Жақсы әйел бола алады жарына да.
Соларға қолың жетсе – бағың жанды,
Ұғасың шаттығыңның барын мәңгі.
Ұлтымның ұятының ұясындай,
Сыйлаңдар хиджаптағы аруларды.

www.azan.kz сайтында Makpal атты қолданушының посты
Әрі қарай

Алматы—бәсекеге қаблетті қалалар қатарында. (Орта Азиядан бірден-бір...)

Британдық «Экономика парасат қамбасы» наурызда жәриялаған «дүние жүзіндегі бәсекеге ең қаблетті қалалар» рейтингінде, еліміздіңең үлкен қаласы: Алматы таңдаулы 120 қаланың ішінде 100 орынға табан тіреген.
Әрі қарай

Жазалар әлеміне саяхат: Айқыш ағашқа керіп тастау


(жалғасы, басы мұнда)
Жазала, жаным, жазала мені...© Мазох Бабаның үмметтері

Жазаның бұл түрі Ежелгі Рұм елінде ең азабы көп өлім жазасының бірі саналды. Ерекше қауіпті деп саналған қылмыскерлерді, әсіресе қашқын, сатқын, бүлікші, көтерілісшілер бұл жазаның «рахатын» көрді.
Әрі қарай

Әлемнің бойшаң қыздары

Көптеген қыз-келіншектер модельдік бойға қызығады. Бірақта әр нәрсе өз үйлесімділігімен болғаны жақсы. Бірақ жаратылысқа қарсы жүзе алмайсың дегендей… Таныс болыңыздар әлемнің ең биік қыздары
Әрі қарай

"Армадада" жүздесу!

Құрметті Атыраулық керекшілер!


Ертең, яғни ақпан айының 1-жұлдызында Алматылық керекші Мақпал-Зилоланың Атырауға кезекті сапарына орай «Армада» лоунж-барында кездесу ұйымдастырып жатырмыз.

Ауа райына байланысты кездесу осы бейсенбі, 2-ақпанға шегерілді.

Уақыты: 19.00 ~ 19.30 (жұмыс барысына қарай)
Өтетін орны: Атырау қаласы «Айжан» кешені, 4-қатар алишаның ұсынысымен

Келем деушілерге есік ашық!
ПыСы: Егер таңдалған орын көңілге қонымсыз деп тапсаңыз, өз пікіріңізді білдіре отырып, жаңа орын ұсынудан бас тартпаңыз.
Ұйымдастыру комитеті атынан: nurbergen_makym VS Gulistan
Әрі қарай

«Христиан бауырлар» туралы

Наймандардың несториандық бағыттағы христиандықты қабылдағаны туралы мектеп оқулықтарында айтылады, бірақ Кіші жүз Ресейге кірмей тұрып христиандықтың ізі де қалмағанын жеті жарғы бойынша кімде кім христиандықты қабылдаса оның мүлкі тартып алынып, руластырына бөлініп беріп отығандығынан байқауға болады.
Қазақтардың алғаш шоқына бастауы Кіші жүз Ресейге кіргеннен кейін басталады. Алғашқыта патша үкіметі қазақтарға жақын болу үшін,өзінің саясатын түсіндіру үшін, жақындасу үшін татар молдаларды оқытып қазақтарға жіберіп отырады. Бірақ 19 ғасырдың басында Кіші жүз руларының арасында қақтығыс көбеюіне байланысты кедей жатақтар көбейіп, олар Ресеймен шекараға қоныс аударады, Христиандарға «шаруашылық мұқтаждық» үшін ақша бөлінетінін біліп жатақ қазақтар шоқына бастайды!!! )). Ал жергілікті шенеуніктер шоқынға ішкі губернияларға жіберіп отырады. Бұл процесс старшындар мен сұлтандардың наразылық тудырғандықтан тоқтатылып тастайды. Егер сол кезде патша үкіметі наразылыққа қарамай шоқынуды кеңінен қолдағанда не бола еді ?)) Мүмкін бір бірімізге, шынымен, «Христиан бауырым» деп отырар ма едік? ))
Әрі қарай

Ұнайды. Ұнамайды.

Маған ұнайды:
-Жарыстарға қатысу.
-Достарыммен азаннан кешке шейін қаңғу.
-Жақсы, жақсы әзілдер.
-Жануарлар.
-Туған жерім.
-Ең жақсы үй мен ең әдемі ыңғайлы бөлме.
-Футбол ойнау.
-Жазда өзенге барып шомылу.
-Қыста балалармен күресу.
-Достарыммен үйде прикол көріп, көңіл-көтеру.
-Робин ван Перси деген футболшы.
-Асық ойнау.
-Машина айдау.
-Ет жеу.
-Иманды адамдар.
-Намаз оқу.
-Кино көру.
-Әң тыңдау.
-Футбол көру.
-Балық аулау.
-Аңға шығу.
-Кітап оқу.
-Көп жақсылық істейтін, Жомарт адамдар.
-Қыста қармен атысу.
-Азаннан кешке дейін мал бағу.
-FC ARSENAL және HOLLAND командасы.
-Жеміс-жидек теріп
-Кешке таза ауаға шығу.
-Таза адамдар.
-Қазақтар.
-Интернет.
-Әдемі қалалар. (Лондон, Париж, Лос-Анджелес, Алматы және т.б.)
-Әңгіме айту.
-Көңілді кештер, Көңілді суреттер.
-22-наурыз.

Маған ұнамайды:
-Қу адамдар.
-Көп мақтанатын адамдар.
-Сасық мусор.
-Сараң адамдар.
-Сатқындық.
-Көп боқтайтын адамдар.
-Жануарларды азаптайтындар.
-Қателігін мойындамайтындар.
-Көшенің таза еместігі.
-Үйдің таза еместігі.
-Лас ауа.
-Лас жер.
-Біреулерге көп жала жабатындар.
-Өсек айту.
-Рождества.
Әрі қарай

Жарығың сөнбесін... ))))))))))))))))))))

Опшым, осыдан 3 жыл бұрын болған жағдай еді…
Астананың Иманов көшесімен күндіз қонаққа бара жатып, осы бір дүкенге кіріп, бара жатқан үйдің отанасына қораптағы кәмпит, балаларына тәтті-пәтті алғанбыз. Содан қонақтық жақсы өтіп кешке үйге келе жатқанда тағы сол жермен өттік. Күндіз Супермаркетке кіріп едік, кешке шам жанғанда ол мынадай етіп атын өзгертіпті… )))))))))))))))))



Жарықтарың түгел болсын, керекшілер)))))))))))))))))))))))))
Әрі қарай

Кто самый великий казах?

Номад сайты осылай деп бақыртып тұрып сауалнама жариялапты. Қажеті қанша соның? Бітти балалардың Арнольд Швартснегр мен Джеки Чан раз на раз шыкса кім жығады деген сияқты сандырақ қой. Ең алдымен кімнің кім екенін дұрыстап зерттеп алмай ма? Мағжанның сүйегін, Қасым ханның күл салғышқа айналған басын әлі күнге қайтара алмай отырғанымыз жоқ па? Оның үстіне «великий казахтарының» ішінде Абайды, Мағжанды, Шоқанды атамған. Олар қазаққа жатпай ма әлде? Еще аттарында әбден орысшалаған екен, жоқ орыстар «Ш»мен «Ж» ны біз сияқты айта алады ғой. Мында «Джанибек хан» мен «Мустафа Чокаев-ты» әрманин кып жіберген гой — нақ…
Әрі қарай