Суық торғайдың (воробей) құйрығы неге күрек?

Баяғы өткен заманда жер бетіндегі жануарлар мен жәндіктерді үш басты айдаһар билеп-төстеп тұрыпты. Елін 20 жыл билеген айдаһар қартайып айықпас дертке душар болыпты. Жан-жақтан алдырған емшілер кәрілікке қарсы ем таба алмай қиналыпты. Тек біреуі ғана «Патшамыз әлемдегі ең тәтті қанды ішсе құлан-таза айығады» деп диагноз қойыпты. Патшаның уәзірі бұл істі масаға тапсырыпты. Талай қанның дәмін татқан маса кімнің қаны тәтті екенін жақсы білетін. Мақсатты түрде адам қанын, оның ішінде жас сәбидің қанын іздеуге қолына колбасын алып жолға шықты.
Әрі қарай

Терезесi тең ынтымақтастықты жақтаймыз, ал экспансияға жол бермеймiз!

Қазақстан азаматтық қоғамының
ҚР Президентiне ашық хаты


Бiз, ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтар – саяси партиялар, қоғамдық және үкiметтiк емес ұйымдар, интеллигенция және сарапшылар қауымдастығының өкiлдерi –Қазақстан мен Қытай арасындағы тең құқықты және көпқырлы әрiптестiк қарым-қатынасты елiмiздiң гүлденуi кепiлiнiң бiрi ретiнде қарастырамыз. Алайда екi елдiң нақты экономикалық қарым-қатынасына алдын ала жасалған талдау көңiлiмiзге күдiк ұялатты, ерекше алаңдаушылық туғызды.
Әртүрлi мәлiметке сүйенсек, соңғы жылдары Қазақстандағы газоконденсант пен мұнайдың жылдық өндiрiсiнiң үштен бiрi қытайлық компанияларға тиесiлi екен. Осының өзi елiмiздiң стратегиялық мүддесi мен ұлттық қауiпсiздiгiне төнген қатер туралы айтуымызға толық негiз болады.
Әрі қарай

Дүние кезек...

Кішкентай кезімде әке-шешем маған көбірек көңіл бөлгенін, көбірек бірге уақыт өткізгенін қалап тұратынмын. Үлкендердің проблемасы азайған ба, балаларды қалай жеткізем (заманның оңай емес кезі), өсіріп-өндірем дегендей, тағы басқа алаңдайтын жұмыс, т.с.с. бар, общым, қалағаның бола бермейтін. Бір жеткен жетістігің болса, онымен бөліскенше асығасың да, бөліскеннен кейінгі үлкендердің реакциясы сен күткендей бола бермейді (мысалы, сен айтқан керемет жаңалық олардың күнделікті күйбең тіршілігінің арасында титтей болып оларға маңызсыз болып көрінеді дегендей)… іштей бұртиясың…
Әрі қарай

Қызықтан қалып қойдық

Қытайда вордпресске біраз шектеу жасалған сияқты. Бұрын оқып тұратын талай блогтарды аша алмай қалдық… Бүгін ашып тұрған бет, ертесі ашпай қалады. Аршат та себебін білмейді… Сөйтіп Құрылтайға қатысудың талап-ережелері жайында ақпарат ала алмай қалдым. Болмаса барып қатысып қайтудың амалын қарастыруға болатын ба еді. Асхатпен бір хабарласқанымда алдын ала өтініш қалдыру керектігін айтты, ал мен одан кешігіп қалыппын…
Не де болса бірқатар ақпарат құралдары мен кейбір азаматтардың блогтарынан құрылтайдың жақсы деңгейде өткенін естіп қуанып жатырмын. Қазақ тілінің туын көтеріп, ақпарат кеңістігіне тамшыдай болсын үлес қосып жатқандарыңызға ризашылығымды білдіремін! Істеріңіз жемісті болсын! Алла қаласа талай жиындарда жолығармыз!
Әрі қарай

Владимир мен Сақи: Қорқынышты радиотолқындар


Болған оқиғаға негізделген.

Капитан! Капитан!Қайдасыз? Капитан! — дүрбіге үңілген матрос шіңкілдеген даусымен зар қақты.
Мұны естіген ұйқылы-ояу боцман жақындап, матростың қолынан дүрбіні алды.
Әрі қарай

Қажетті бағдарламалар. Кез келген құжатты Pdf форматына ауыстыру.

Жұмыс барысында құжаттарды Pdf форматына ауыстыруға тура келетін жағдайлар болады. Сол кезде пайдасы тиетін, әрі қолдануы өте оңай бағдарлама.
dopdf

Кез келген құжатты Pdf форматына ауыстыру. Мысалы Doc, cdr, jpg,html т.б.

көшіріп алу.

www.dopdf.com/ru/download.php
Әрі қарай

Кашпировский. Психологиялық емдеу


90 шы жылдары есімде. Ол кезде біздің ауылға кешкі 19-00 ден түнгі 23-00 дейін қостыратын маторлы генератор бар. Оның пірі ауылдағы Тұрқара ағамыз. Жарқ етіп жанғанда әжеміз «Ей көзің ашылғыр Тұрқара» деп қояды, ал сөнгенде «Көр болғыр Тұрғара» деп қоятын жарықтық. Шам намазынан кейін атам кезінің ең мықты теледидары болған лампалы «Рекорд» теледидарын қостырады. Алатыны екі канал. Орыс арнасы 1 Останкинодан «Времья» бағдарламасы мен Кашпировскийдің сеансы көретініміз. Атам мен әжемнің жасына сәйкес болуы керек белдері ауырып, табаны қызып, буындары қақсайды…
Қаншама жыл өтіпті. Кеше телеарнада «Кашпировкий Қазақстанда» дегенге есіме түсіп отырғаны. Сол кісінің өзі ме екен, әлде басқа ма? Түрі жас көрінеді. Өзгермеген…
Әрі қарай

Гәкку ханымның бір шумақ жүректен шыққан сөздері...

Қазір поштама хат келді. Гакку есімді ханым жазған екен. Сайтты мақала жариялайтын сайт екен деп шатастырып алған болуы керек, көп адам тіркелем деп Кері байланыс арқылы сұрақ қойып жібертін кездер көп болады. Сайттың мүмкіншілігі туралы видеосабақ түсіру қажет болады. Айтайым дегенім ол емес еді. Гакку ханымның жазған мақаласы құр кетпесін деген ниетпен осында жариялай салайын, ол кісі қарсы болмас! Мен ешқандай мәтінін өзгертпей тікелей жарияладым…

Әрі қарай