Суық торғайдың (воробей) құйрығы неге күрек?

Баяғы өткен заманда жер бетіндегі жануарлар мен жәндіктерді үш басты айдаһар билеп-төстеп тұрыпты. Елін 20 жыл билеген айдаһар қартайып айықпас дертке душар болыпты. Жан-жақтан алдырған емшілер кәрілікке қарсы ем таба алмай қиналыпты. Тек біреуі ғана «Патшамыз әлемдегі ең тәтті қанды ішсе құлан-таза айығады» деп диагноз қойыпты. Патшаның уәзірі бұл істі масаға тапсырыпты. Талай қанның дәмін татқан маса кімнің қаны тәтті екенін жақсы білетін. Мақсатты түрде адам қанын, оның ішінде жас сәбидің қанын іздеуге қолына колбасын алып жолға шықты. Жақын маңайдағы ауылдың шеткі үйінде бір ұста жігіт отбасысымен тұрушы еді. Ұстаның бесікте жатқан ұлының қанын сорып жатқан масаны сол маңайды мекен еткен суық торғай байқап қалды. Ол торғай биліктің ауысуын қалап жүрген оппозиционер торғай болатын. Адамның өмірі үшін немесе өздерінің жарқын өмірі үшін екенін кім білсін, әйтеуір бар күшімен ұшып келіп масаны қанатымен қағып жіберді. Бала «шар» етіп жылап жіберді. Бауырсақ пісіріп жатқан анасы масаны қайдан көрсін, торғай баланы шұқып кетті деп ойлап үлгерді. Болған жайды күйеуіне айтты. Ашуға мінген ұста қолындағы балғаны торғайға қарай жіберді. Арматурадан жасалған шарбақта отырған торғай жалт бұрылып үлгерді. Дегенмен балға суық торғайдың жалғыз тал құйрық қауырсынына тиіп үлгерді. Ауыр балға қауырсынды күректей жалпайтып жіберді. Міне, осыдан бері суық торғайдың құйрығы күрек болыпты-мыс…
Бөлісу:

8 пікір

daugozhek
 мынау неге көрінбей қалған?
Marco
Мынау, бір, айтып жүретін нәрсе екен.
VKM
Қарылғаштың құйрығы неге айыр деген қазақша мультфильм бар. Тек торғайдың орнында қарылғаш) Бас жағы келеді, аяғы "қазақша" бітіпті сіздің ертекте
ken
Орысша бітсе қалай болар еді?
VKM
я там был, мед пиво пил да усы лишь обмочил)))
сказка ложь да в ней намек, добрым молодцам урок
Adiletshu
Мына ертегіні қалайша көрмей жүргенбіз
neoaskar
Жалғасы бар болу керек, Әбіләкім, жалғастыр қызып келе жатыр. масаны қуайық та айдаһарға дейін