Қызықтан қалып қойдық

Қытайда вордпресске біраз шектеу жасалған сияқты. Бұрын оқып тұратын талай блогтарды аша алмай қалдық… Бүгін ашып тұрған бет, ертесі ашпай қалады. Аршат та себебін білмейді… Сөйтіп Құрылтайға қатысудың талап-ережелері жайында ақпарат ала алмай қалдым. Болмаса барып қатысып қайтудың амалын қарастыруға болатын ба еді. Асхатпен бір хабарласқанымда алдын ала өтініш қалдыру керектігін айтты, ал мен одан кешігіп қалыппын…
Не де болса бірқатар ақпарат құралдары мен кейбір азаматтардың блогтарынан құрылтайдың жақсы деңгейде өткенін естіп қуанып жатырмын. Қазақ тілінің туын көтеріп, ақпарат кеңістігіне тамшыдай болсын үлес қосып жатқандарыңызға ризашылығымды білдіремін! Істеріңіз жемісті болсын! Алла қаласа талай жиындарда жолығармыз!
Бөлісу:

8 пікір

meirzhan
Қытайдағы wordpress-шілер не жазады екен осы, қызық.
Қазақстандағы wordpress-те админ деген бар ма?
KILYZAMAN
Ереке осында келіп, жаңалық айтып отырсаңшы. Негізі -сенің блогың өте тартымды. Мазмұнны мен мәнімен
meirzhan
Аспан деген Ертай деген кісі екен ғой. ммм
Asspan
keimgi kezde kol timei ketti… blogma da karai almai kettim. birak tyrysam
qisyq
Ереке, асс-м! Керекинфодан өзіңді көргеніме қуаныштымын) Жиі жүздесерміз енді)))
«Жаркенттің суы! Әрі балдай» деп еске алып Әлекеңнің сөзін))))))) Димаш
Asspan
Uaaleykum salam, Dimeke!
Men de kuanyshtymyn!
Sol kezdi kewe gana eske alp kulip aldyk)) Kazir men Hangzhouda Alekendikindemin. Murat ekeumz konakka kelgenbz)) sailau kutty bolsyn dep)))… Ol ekeui uikyny urp jatyr, anda)) Algi balyjtyn agalaryn izdel ali Jarkent jakka kydyrp bararmz)))
Sizdin janalktarynzd estip kuanp jatyrmz. Alla jar bolsyn! Menen salem, ol kisislerge))
urimtal
Ереке, google rss-і де істемей ме? wordpress.com блогтарын (өзгелерін де) gmail.com поштаңдағы reader деген rss арқылы жазылуға бола ма екен? Тексеріп көре аласыз ба?

Алғашқы құрылтай болған соң, шынымен де көптеген кісілер дер кезінде ести алмай қалды. Астанадағы миниблогкәмпта кездесуді де жазбады ғой :)

Көңіліне әлдеқандай кірбің салған болсақ, кешірім сұраймын. Блогың да, атқарып жатқан ісің де ел алдында ғой. Өзгелерге үлгі боларлықтай бөлісер тәжірибең де, білімің де бір төбе!

Алдағы уақытта алғашқылардың бірі болып, құрылтайдың ісіне белсене араласарсың деп үміттенемін. Осы бастан Қытайдағы қазақ блогшылырының ұйымдасуына дәнекер бола білсең жақсы болар еді.
Asspan
Ok, tekserein.
Oppa meni koterp «asspanga» ilip koidynz goi) Rahmet!
Konilde eshkandai da kirbin jok, Aseke! Alandama!
Barine de tyrysamyn!