Кашпировский. Психологиялық емдеу


90 шы жылдары есімде. Ол кезде біздің ауылға кешкі 19-00 ден түнгі 23-00 дейін қостыратын маторлы генератор бар. Оның пірі ауылдағы Тұрқара ағамыз. Жарқ етіп жанғанда әжеміз «Ей көзің ашылғыр Тұрқара» деп қояды, ал сөнгенде «Көр болғыр Тұрғара» деп қоятын жарықтық. Шам намазынан кейін атам кезінің ең мықты теледидары болған лампалы «Рекорд» теледидарын қостырады. Алатыны екі канал. Орыс арнасы 1 Останкинодан «Времья» бағдарламасы мен Кашпировскийдің сеансы көретініміз. Атам мен әжемнің жасына сәйкес болуы керек белдері ауырып, табаны қызып, буындары қақсайды…
Қаншама жыл өтіпті. Кеше телеарнада «Кашпировкий Қазақстанда» дегенге есіме түсіп отырғаны. Сол кісінің өзі ме екен, әлде басқа ма? Түрі жас көрінеді. Өзгермеген…
Бөлісу:

8 пікір

asaubota
иә, қайтадан шығып жүр ау деймін.
omarbirat
Жақында Алматыға келеді. Келесі апталарда, 6 сәуір ғой деймін.
sammita
Астанаға да келмек, көшеде жарнамасы ілулі.
Gastarbaiter
журиктердің арқасында аты шыққан сайқы мазақ
Abilakim
Бізге де сәуірде ат басын тіремек
TERISKEI
осы бәленің сеанстарынан шынында да әсері бар ма екен сонда? Қазақ даласынан қыруар қаржы жинап, бір жарылқап қалады деші:))))
Abilakim
Исабеков «Бонопарттың үйленуінде» Кашпировский жайлы жазып кетеді ғой
TERISKEI
иә, онысын оқығанмын;)