Гәкку ханымның бір шумақ жүректен шыққан сөздері...
Қазір поштама хат келді. Гакку есімді ханым жазған екен. Сайтты мақала жариялайтын сайт екен деп шатастырып алған болуы керек, көп адам тіркелем деп Кері байланыс арқылы сұрақ қойып жібертін кездер көп болады. Сайттың мүмкіншілігі туралы видеосабақ түсіру қажет болады. Айтайым дегенім ол емес еді. Гакку ханымның жазған мақаласы құр кетпесін деген ниетпен осында жариялай салайын, ол кісі қарсы болмас! Мен ешқандай мәтінін өзгертпей тікелей жарияладым…
…
Пікір:
достар, бул менин махаббатым жайлы бір узик сыр, окып кориниздерш: Біз бірақ кездеспедік…
Студенттік өмірімнің ең алғашқы жылы болатын. Мен жатақханада тұрушы едім. Қараша айы еді. Біз күзгі мерекеге арналған кешке қатыспақ болып, өз кезегімізді күтіп тұрдық. Мен күз ханшайымына көмекке келетін періште ролін сомдамақ болдым. Сөйтіп, өз ролімді сәтті орындап шықтым. Өз міндетімді орындап, сахнадан түсіп бара жатқанда алдыңғы қатардан алғаш рет мен ОНЫ көрдім… Небәрі бірнеше секунт қана көздеріміз түйісті де, мен шығып кеттім. Мейірімді көзқарас, жылы шырай, байсалды отырыс. Осы сурет менің көз алдымда мәңгі сақталып қалды… мен ол туралы ештеңе білмеуші едім. Тіпті есімін де. Айналамнан сұрастыруға тағы батпадым. Содан бері маған күз мезгілі сондай ұнап кетті. Сап-сары жапырақтарды сыртылдата басып кетіп бара жату- маған күз бейнесі бейнеленген сол кешті есіме салатын.
Біз солай сабаққа қызу кірісіп кеттік. Сабақ арасындағы үзіліс біздің ең тамаша сәтіміз болатын. Анда-мұнда жүгіріп жүріп тамақтануға да үлгеретінбіз. Сондай қарбалас күннің қарбалас сәттінде оқыстан менің көзім оны шалып қалды. Бейтаныс қалың жұрттың арасынан оның тұлғасы дараланып менен алыстап бара жатты. Мен енді оны жиі көре бастадым. Жәй ғана оны сыртынан көріп қалу- мен үшін үлкен бақыт еді. Ол төменгі қабатта оқығандықтан ба, менің тіпті үстіге көтерілгім де келмейтін. Әр нәрсені сылтауратып оны қарайлап жүре бергім келетін… Менің бұл әрекетім құрбыларыма да біліне бастады, ол жаман да шығар, бірақ жақсы жағы да болды. Мен ол туралы сыртынан естіп, біле бастадым. География мамандығында менен бір саты жоғары 2курста оқиды екен. Білесіз бе, мен осы күннен бастап география пәнін өте жақсы көріп кеттім. Ал мектепте ол маған тіпті ұнамайтын…
Бір топ студент даурыға жүріп жатақханамызға келетінбіз. Үй- жайды, ата-анамызды сағынып біз кейде жылап та алатынбыз. Бұл тәтті сағынышымыз бен мұңымызға құдды қала кінәлідей оны жамандап, өз ауылымызды жарыса мақтайтынбыз. Ал мен оған қосылмайтынмын. Себебі ОЛ осы қалада дүниеге келген еді. Сақылдаған Семейдің сары аязы, лайсаң болған көшелері, жиі соғатын тентек желі, қапырық ыстығы, бәрі- бәрін сүйкімсіз дейтін олар. Ал маған сүйкімді еді, өйткені осының бәрін ОЛ да менімен бірге, бір қалада кешіп жүрді. Әрине, біз бірге емес едік. Бірақ ол маған өте жақын, әрдайым жүрегімде болатын. Міне солай уақыт та жылжи берді. Мен де бір курсты аяқтап ауылыма қайтуға жиналдым. Автоустың терезесінен құрбыларыма қол бұлғап тұрып, көңілім босап кетті. Мен оларды қимадым. Және енді үш ай бойы ОНЫ көрмейтінім есіме түсіп, жанарымды төмен салып, қайта қарап едім, менімен бірге дала да жылап тұр екен… Содан бері мен жаңбырды жақсы көрем. Қимастық пен тәтті мұңның символы тәрізді көрінеді маған. Әлі де жаңбыр жауса автобусқа отырып ап бір жаққа сапарға шығып кеткім кеп тұрат. Және жылағым да…
Туған жерім мені сағына қарсы алды. Жып жылы желіне бетімді беріп, аяулы Алакөлімнің толқыны аяғымнан тынымсыз ұрып жатты. Ал мен ОНЫ ойлап тұрдым. Қарбалас ауыл тіршілігімен араласып кетсем де, ОЛ менің ойымнан шыққан емес. Шәуілдеген ит дауысы, құстардың сайрағаны, бәрі-бәрі маған- оның хабарын жеткізіп тұрғандай сезілетін. Даладан үйге жүгіріп кіріп, оның суреті жасырынған альбомды қатты-қатты қысып қана мауқымды басатынмын. «Түбінде қайыры болар істің кедергілері көп болат» деген пайғамбарымыздың сөзі ғана медеу еді жүрекке. Мен оны күткен едім…
… Күте-күте екінші, үшінші курсым да артта қалды. Мен оны ойлап ешкімге көз салмадым. Ұнатқан қанша адамның сезіміне селт етпедім. Әрбір думанды кеште ол келіп қалардай жалтақтай беретінмін, жан-жағыма. Біреумен билей бастасам-ақ, ту сыртымнан ОЛ қарап тұрғандай би біткенше асығатынмын. Мен мерекелерді жек көретінмін. Онсыз ештеңені тамашалағым келмейтін. Тек сабақ біткен соң кітапханаға барып, сабақ қарағанды ұнататынмын. Себебі, ол сонда жиі келетін. Сөйтіп мен үшінші курсты, ол институтты аяқтадық. Махаббатың да түр- түрі болады екен. Мен үнсіз, жауапсыз махаббаты өткердім басымнан. Сағынуды, жаксы көруді, күтуді үйрендім. Ол алыстап кеткен соң, енді еш кездеспейтінімді түсіндім. Себебі біз- қанша сапар шексек те ешқашан түйіспейтін, параллельді жолдармен жүріп келеміз. Ал қазір кітапханадағы ОЛ отыратын орындық та, баспалдақ та ОНЫ есіме жиі салат. Сағынған сайын жатақханаға да жиі барып тұрам. Мен ОНЫ ешқашан ұмытпаймын. Себебі оны ұмыту- менің балалығымды, сол оқиғаларға куә достарымды, алғашқы махаббатымды ұмыту болар еді. Бірақ енді ОНЫМЕН кездесуді тілемеймін де, қаламаймын да. ОНЫ өзім көтерген биіктіктен кенеттен түсіріп алам ба деп қорқам. Енді менің қолымнан келетіні- тәп- тәтті сағыныш пен мұңға оранған оны жүрегімнің бір жеріне жасырып қою ғана. Иә, солай… Мен оны жиі есіме алып тұрам. Өйткені ол менің еш таусылмас махаббат ДАСТАНЫМ ғой…
Гәкку СМПИ 4курс студенті.
24.03.2011ж.
…
Егер сенбесеңіздер міне суреті.
http://image.kz/img/10/1016dbc7a95f387de44e41473f1315eb.png

Ал мына жазба туралы айтар болсам, мен бұл посттың кейіпкеріне бұл қыз туралы айтып көргенім дұрыс болар деп ойлаймын. (титтей болса да көмегім болсын). Аталмыш қыз сезімін де білдіріп көрмеген сияқты сол жігітке. "Қазақ қыздары сезімді бірінші білдірмейді" — дейді. Мүмкін біреу бұған қолғабыс етуі керек шығар. Өзі (Гәкку) де қарсы болмау керек.