Соңғы дем...

Қайда барсаң да, қайда болса да,… ұры-қары, сауатсыз журналист.
Қазақ журналистикасының қаншалықты терең деңгейде екендігін айтып, жазып, саусақ гаргатудың қажеті жоқ. Қазақ журналистикасының деңгейін қазақша БАҚ пен тікелей өнімдері болып саналатын журналистерден көруге болады.
Егер журналистер жағында болсаңыз, "Бес саусақ бірдей емес. Барлық журналистке күйе жақпа!" деп, шайнаған кассетадай болмай, мені тыңдаңыз!
Әрі қарай

Махаббат диалогы

Махаббат диологы
— Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?
— Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?
— Бұлдырасам сағымдай не етер едің?
— Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?
Мұқағали Мақатаевтың махаббат диалогы… Өздеріннің сөздерінді жазсаныздар керекшілер?
Әрі қарай

Жаңа жылға не сыйлық алғыңыз келер еді?

40 күннің ары-берісінде өзіміз көптен күткен Жаңа жыл мейрамы келе жатыр.

Осы мезгілде қашанда бір ерекшелікті, сиқырды күтеміз ғой. Енді сиқыр болмасада ерекше сыйлық күтеміз. Өзгелерге қуаныш сыйлау үлкен бақыт қой. Қуаныштың ең үлкені жан жылуы екенін білеміз. Бірақ, қашанда өзіңіз сүйетін сүйіктіңіздің, туған-туыстарыңыздың ойында жүрген, ұнатып жүрген затын сыйлау үлкен қуанышқа алып келеді.

Біздің сіздермен ақылдасайық деген екі ойымыз бар. Ойларыңызбен бөлісе отырсаңыздар.

1.Жаңа жылға қандай сыйлық алғыңыз келеді? Ұлуы бар әшекей бұйымдары сіздерге ұнар ма еді?
2. Сіз өзіңіз жаңа жылға қандай сыйлық силар едіңіз? Бағасы қандай болуы керек?

Ойларыңызбен бөлісе отырсаңыздар!
Әрі қарай

Телевизиялық журналистік зерттеу бойынша тренинг өтеді



Алматыда журналистер мен ЖОО студенттеріне арналған семинар-тренинг өтеді.

Шараға тренер ретінде танымал тележүргізуші, ЮНЕСКО тренері Марина Максимова қатысады.

Тренингке қатысушылар журналистік зерттеудің телевизиялық ерекшеліктерімен, ақпарат жинаудың, әдістерімен һәм құралдарымен, осы тақырыптағы отандық телеұйымдардың өнімдерімен танысады.
Әрі қарай

Қаладағы айт

Мұсылмандардың ең ұлық мерекесі Құрбан айт мерекесі ғой. Қазір білмеймін, бұрындары айт мерекесі кезінде ауылдық жерлерде жұрттар жаппай айтшылап бір-бірінің үйіне кіріп-шығып жүруші еді. Әліде солай екені даусыз ғой, бірақ, дәл баяғыдай үлкендері жеке, балалары жеке айттай қоймас.Тіпті, мектептегі қыздар жиылып жеке айттаған кездер де болған.
Әрі қарай

Тит Лукреций Кар. "Заттардың болмысы" атты пәлсапалық трактаттарынан үзінді

Адам туа сала өз тасынан өзі тартқыштап, табиғат-мақан:«мені түсінівал нақ!» деп мылтық кезеніп тұрмаса да, ақысы кеткендей қолына түскеннің барлығын зерттеп, ақыры аспандағы пақандарға жеткенше ізденіп өтетін мақұлық. Солардың бірі — Кар. Жоқ, солардың бірі — Тит. Епті, бәрібір ыңғайсыз естілетін сияқты, ендеше:«Солардың бірі — Тит Лукреций Кар».
«Абай атамыз тұрғанда Карға не жорық?» деп жемегейсіздер, нақтар кілең, Абайды — Абай ауданының тұрғындары зерттесін керек болып бара жатса.
Әрі қарай

Шала қазақ болса да, Kcell-ден ақша алғандар аударсын!

Шала қазағы бар, бала қазағы бар, ойдан-қырдан жиналғандар, қазақ блогоферасына үш қайнаса сорпасы қосылмайтындар келіп, ҚИА атынан, және Kcell-дің қолдауы арқасында Уордпресс CMS-ін қазақшалады. Бұған дейін сынақ түріндегі аудармасын шығарғанда, қазақтілді блогшылардың сынына ұшырағандардың өздері де тілдері де түзеле қоймапты. Бала қазақтарға бас-көз болып жүрген шала қазақ "Wordpress на казахском" деп жарқ ете қалды. Сондағы айтып отырған аудармалары мынадай


Онысы аздай… Үлкен істі тындырғандай болып, былай дейді:
Әрі қарай

Қалауын тапсаң қар жанар

Түскі кез, тамақтанып отырған уақыт.

О: -Алло! Е, қалай жағдай.
М: -Салам брат. Норм. Денсаулық қалай?
О: -Жақсы, бәрі. Е, не ғо бырат, интернетпен мирдегі пароль мен потомды ауыстыржіверш. Зйбал болд, спамнан блок қойыпстаған ба. Қаз жазыпалш логин мен парольді.
М: -Давай, жақсы. Жанымда ручкі жоқ, сообщение арқылы логин-парольді жібере сал.
О: — Жақсы давай.

Тәлібтің осындай адамның қатынасы жынымды келтіреді. Өзі жақын адам да емес, сөздерін нагло атқылайды. Южаншшшс деген эпитет ұшады осындайда. Басында келісе саламын көбіне. Мойындап қояйын. Келесіде сыпайы түрде наққа жібере саламын. Жәй, жмот болып қаламын. Қарапайым нәрсеге жмот боп қалу, былай ойласаң төмендік емей немене.

Түн іші. Кенет тағы телефон шырылдады, тағы бір досым екен:
-Алло, бырат қал қалай? Кешір, кеш зывондағаным үшін. Че, үйдесің ба?
-Салам бауырым! Ия, үйдемін. Әлі жатқан жоқпын. Матч қарап жатырмын.
-Жақсы брат. Түн ішінде маңызды шаруамен звондап тұрмын. Ренжімесең, қазір машинамен алып кетейін, бір-екі сағатыңды бөліп көмектесіп жібересің бе? Осындай-да осындай, көмегің қажет.
-Бопты. Кел. Күтемін.

Е, көңіл деген осы ғой. Бір атым насыбайдан да көңіл қалады. Өстіп адамгершілікпен хабарласып жөнін айтып, адамша сұраған адамға жомарттығың жетпесе, түсінбедім.
Әрі қарай