Қаладағы айт

Мұсылмандардың ең ұлық мерекесі Құрбан айт мерекесі ғой. Қазір білмеймін, бұрындары айт мерекесі кезінде ауылдық жерлерде жұрттар жаппай айтшылап бір-бірінің үйіне кіріп-шығып жүруші еді. Әліде солай екені даусыз ғой, бірақ, дәл баяғыдай үлкендері жеке, балалары жеке айттай қоймас.Тіпті, мектептегі қыздар жиылып жеке айттаған кездер де болған.
Тәуелсіз ел болдық, енді өз дінімізді тануымыз керек деп жүрген сол бір тұста біздің ауылға медреседе оқитын 5-6 бала келді. Оларды кім жіберді, не мақсатпен жіберді ол жағын сол кезде қаузап ешкім сұрамаған шығар. Жаңағы балалар бізден көп болса 5-6 жас үлкен болатын. Мен атаммен ілесіп тарауық намазына бұрыннан барып жүруші едім, бұл балалар келгелі тарауыққа баратын балалар саны көбейіп кетті. Жаңағылар уағызды үлкендерге де бізге де айтушы еді. Судырап тұр шетінен. Жұмақ дейді, хор қызы, зәм-зәм суы дейді.Алғашқы екеуін түсінгенімізбен «зәм-зәмін» түсінбедік. Лимонад секілді су дедп түсіндірді.
Оны естіп алған біз дәл сол күні өліп кететіндей жаппай намазға жығылдық. Хор қызынан, зәм-зәм суынан және құрмадан бәріміздің дәмеміз бар. Ораза да бітті,үш күн айттан соң әлгілер медресесіне қайтты. Біраз балалар намазын олар кеткен күні-ақ тастады. Үлкендерде. Мен өзім сол оқығаннан 9-шы сынып бітіргенше оқыдым. Кейін, балалықпен бастағанымды, шын жүректен оқып жүрмегенімді айтып, үлкендерден кешірім сұрап, намаз оқуды кейінге ысырдым. Түсінем, намаз ойыншық емес. Бастасаң соңына дейін оқуың керексің. Дегенмен, Алланы жүрекпен танымай жатып оқуға асықпау керек секілді.Мені қойшы, бала боп бастадым, бала боп тастадым. арамызда жүретін қыз-жігіттерге таңым бар. Бүгін намаз оқып жүргендер ертеңіне шатысыппын деп сыра ішіп отырады…
Жә, қаладағы айт туралы қашан айтады деп отырған боларсыздар. Қаладағы айт ауылдағыдай емес. Айт күні келетініңді айтып келесің бұл жақта. «Алло, сәлеметсіз бе? Түстен кейін үйде боласыздар ма? Айттап барайық деп едік» дегендей. Себебі, қала. Себебі, айт. Оларда айттап кетуі мүмкін ғой. Ал, ауылда проезд кетпейді.
Бөлісу:

9 пікір

aza
проезді қоя берш, уақытты айтшы… Келіншегің тұрса қасыңда, «жаңа айттым менің ағам үйіне бара салайық деп» тағы…
Abilakim
ондай да болады…
a63a1
Ешкім келмесе де дастархан жайып дайындап қоямыз. БАйқағаным көрші үйлерге айттап барғанда, дайын тұрмақ түгілі шелпегін іздеп бес минут жүред, шелпектіде қойш бөлке нан турай салатындарды да көрдік. Мәселе шелпекпен нанда емес, үйіне барып құран оқуғой. Шіркін осы күндері ауылға тартып кеткің келеді.
a63a1
былай енді туытарымыз кіріп шығады.))
a63a1
«туыстарымыз»
Abilakim
сол ғой, шыны керек туыстарымызға кіріп шыққанымызбен көршілерге кірмедік.күндіз жұмыста жүреді, кешкілік қалай қарар екен деген ой келеді.Кілең бізден үлкен кісілер.Үлкен боп өздері бастаса бізде есіктерін ашар ек…
chimaq
bizde bugin kiaider aitchylap jur,men uide kelip ketken kisilerge chai berip otyrmyn…
chimaq
kisider. qate jazylyp ketti…