Жаңа жылға не сыйлық алғыңыз келер еді?

40 күннің ары-берісінде өзіміз көптен күткен Жаңа жыл мейрамы келе жатыр.

Осы мезгілде қашанда бір ерекшелікті, сиқырды күтеміз ғой. Енді сиқыр болмасада ерекше сыйлық күтеміз. Өзгелерге қуаныш сыйлау үлкен бақыт қой. Қуаныштың ең үлкені жан жылуы екенін білеміз. Бірақ, қашанда өзіңіз сүйетін сүйіктіңіздің, туған-туыстарыңыздың ойында жүрген, ұнатып жүрген затын сыйлау үлкен қуанышқа алып келеді.

Біздің сіздермен ақылдасайық деген екі ойымыз бар. Ойларыңызбен бөлісе отырсаңыздар.

1.Жаңа жылға қандай сыйлық алғыңыз келеді? Ұлуы бар әшекей бұйымдары сіздерге ұнар ма еді?
2. Сіз өзіңіз жаңа жылға қандай сыйлық силар едіңіз? Бағасы қандай болуы керек?

Ойларыңызбен бөлісе отырсаңыздар!
Бөлісу:

9 пікір

araika
Кешірім сұрай отыра, тақырыпқа түзету енгізсем:
Жаңа жылға не сыйлық алғыңыз келер еді?
Сыйлықтың өзі не? деген сұраққа жауап беретінін ескерсек, екеуін қатар қолдану мүмкін емес сияқты
Aizhantabyn
ооооо! менің жақсы көретін тақырыбым ғой) Сыйлық дегенде, банальный сыйлықтар, сол баяғы әшекей, брэнд дорба, трэндтегі әдемі бұйым: етік, шарф, кардиган с.с. Сосын, кейде спа-ға абонемент. Ал ең керемет сыйлық — эксклюзив! Ол кез келген нәрсе. Қайталанбас туындылар: картина, құмыра, әшекей, дорба, киім т.с.с. Мысалы, ұлуы бар комплект не болмаса әдемі брошь қатып кетер еді, егер ол тек бір дана болып шығарылса)))
Ал қазір өзім бір әшекейді армандап жүрмін: күмістен есімім жазылған алқа болса мынау сияқт. Сіңліме де алар ем))) бірақ менің эскизіммен жасалса, сонда точно басқа ешкімде болмас еді)))
Aizhantabyn
Dinara
Бізде жасамайды ма мұндайды? Қаласаң эскизін салып жібер, жасатып жіберейін. Бұл жақта қыздардың көбісінің мойнында солай аттары жазылған алқа :) Ал маған ерсі көрінеді негізі білмим :)
Aizhantabyn
Ерсілеу, өзім де соны ойлаймын, бірақ «хочу!». Мүмкін Жаным деген жазу болса да ұнайды)) Ок, эскизін салайын) бағасы жайлы айтып жіберсең))
Dinara
Мен Аллах деген жазуы барын алғам, қатты ұнайтын, бірақ көп таға алмадым сол.
Бағасын нақты білмим әзірге, жекеде жалғастырармыз ;)
Aizhantabyn
ок) гмэйлің болса, айтшы, рикуэст жіберейін)
VKM
Ылғиорыстың қыздарының аты. Қазақша әшекей жасайтындар қазақ қыздарының атын жазса)Сосын ұлу тематикадағы затты,1-ақ жыл киесің, одан да қазақи сырғалар қашан да жақсы сыйлық бола береді. Меніңше)
Aizhantabyn
Стрекоза, бабочка сияқты брошьтар тағып жүреді ғой, оригинально болса керемет сыйлық менше. Оған қоса қай жылы алғаныңды білесің)))))