Шала қазақ болса да, Kcell-ден ақша алғандар аударсын!
Шала қазағы бар, бала қазағы бар, ойдан-қырдан жиналғандар, қазақ блогоферасына үш қайнаса сорпасы қосылмайтындар келіп, ҚИА атынан, және Kcell-дің қолдауы арқасында Уордпресс CMS-ін қазақшалады. Бұған дейін сынақ түріндегі аудармасын шығарғанда, қазақтілді блогшылардың сынына ұшырағандардың өздері де тілдері де түзеле қоймапты. Бала қазақтарға бас-көз болып жүрген шала қазақ "Wordpress на казахском" деп жарқ ете қалды. Сондағы айтып отырған аудармалары мынадай
Онысы аздай… Үлкен істі тындырғандай болып, былай дейді:
Алдағы уақытта ресми аударманың ресми қателерін толықтай тауып, ресми түрде жария етпек ойым бар.
Онысы аздай… Үлкен істі тындырғандай болып, былай дейді:
Мы делам переводы, с верой в то, что он поможет увеличить количество сайтов на казахском языке, казахоязычного контента, подтолкнет сферу разработки сайтов на казахском языке вперед и станет одним из множества тех шагов, которые необходимо предпринять всем нам для того чтобы казахский язык развивался в ногу со временем.Осы сөздерді қазақша жазуға арттары шыдамаған (жаза алмаған) шала қазақтар мен бала қазақтар қазақ Интернетінің көсегесін көгерте қояды дегенге қазақша қақпайтын орыстар мен орыстілділер ғана иланатын шығар.
Алдағы уақытта ресми аударманың ресми қателерін толықтай тауып, ресми түрде жария етпек ойым бар.
Ашып қарамай жатып жаза салды немесе қазақшасы шала біреудің сөзі.
негізі Вордпресті пәлендей аударып керек емес сияқты. ай мен күн аттары болмаса, былайынша барлық аударылатын жерлері теманың ішінде. соңғы темаларда тіпті өз тіл файлдары бар, соларды аудару керек.