Барселона мен Шахтер ширекфиналда (видео)

Фото: REUTERS/Gustau Nacarino
Фото: REUTERS/Gustau Nacarino

Кеше түнде Чемпиондар Лигасы 1/8 финалының реванш матчтары ойналды. Камп Ноуда Барселона Арсеналды 3-1 есебімен ұтып, алғашқы ойындағы 2-1 есебінің қарымтасын қайтарды. Донецкінің Шахтеры Романы өз алаңында да жеңді, есеп 3-0. Осылайша ширекфиналға өткен алғашқы командалар белгілі болды. 1/8 финал матчтары бүгін жалғасады, Шальке өз алаңында Валенсияны, ал Тоттенхем Миланды қабылдайды.
Әрі қарай

Киіз үй

Қазақтың кең даласының құдіретін бойына сіңіріп, көзбен көріп өскен соңғы ұрпақ біз шығармыз бәлкім. Сар далада ақ бауыр ақбөкендердің табынымен жайылғанын, шаңырақтап түскен күн сәулесінің танауды қыттықтай оятатынын сезінген де біз болармыз мүмкін. Түңлікті түріп, керегенің киізін көтеріп қойып самаурынның шайын сораптай ішіп сорпа-сорпамыз шығып терлеген біздің балаларымыз бұл әсерді ала алады ма екен?Әй, қайдам…

Жердің домалақ екенін киіз үйдің формасымен дәлелдеген көшпенділер ұрпағына киіз үй туралы аз-маз мағлұмат.
Әрі қарай

Бір бала... Керемет

Айтсаң өстіп айт! Бәрекелді. (Садық Шерімбек 08.03.2011)

Бүгін Youtube-ты қыдырып жүргенімде мына бір видеоға көзім түсті.

Feryal Başel атты түрік әншісі өте шебер орындады деп айта алам.
Әрі қарай

8 Наурыз


Көктемнің төл мерекесі -8 Наурыз Халықаралық Әйелдер мерекесімен барша әпке, қарындас, ару қыздарымызды құттықтаймыз!
Дендеріне саулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне жеміс тілейміз!
Әрі қарай

Қазақ киносынан шертілген бір тамшы ой немесе аянышқа толы махаббат дастаны...

Стивендер мен Джеймстерді шаң қаптыратын қазақтың қарадомалақ режиссері қашан туылады (немесе шығады) екен.
Сағат таңғы 6:04… aktobe88 сайтта отыр…

Бүгін 2 жарым сағат уақытымды бөліп, "Қыз Жібек" көркем фильмін тағы да қарап шықтым. Шіркін, не деген фильм десеңізші?! 70-інші жылдарда түсірілген көркем фильм болғанымен, сол бір кезеңдегі қазақ сақарасының бүгіні мен ертеңін бір-бірімен ұштастырып жатқандай…
Әрі қарай

Дабайликс. Шаңғыкэмп



Бір. Атыңнан айналайын, Астаналық блогшылар осы жұмаға дейін Блог құрылтайда жасар презентацияларыныздың тақырыптарын нақтылап жіберсеңіздер. Асекеңнің я Өркеннің поштасына. Сөздің реті келген соң сүйкеткеніміз емес, өте-мөте маңызды өтініш.
Екі. Бекболат ағамыз өзінің екінші қара сөзінде, кешіріңіз жазбасында жалпыастаналық блогкерлерді шаңғы жарысына шақырған болатын. Бұйыртса, ерекше басқосуымыз болғалы тұрған жарыстың датасы белгілі болды. Ол – 7 наурыз, сағат – 15.00. Сондықтан, астаналық блогшымын деген атты көтеріп жүрген қыз бен ұлды жарыстан қалмасын дейміз. Аса сенімді ақпарат көзінің айтуынша, жарыс үшін Есіл өзенің үстіне, тура Кенесары хан ескерткіші тұрған жағалау емес, қарсы бетіне жиналады екенбіз.

Мақала сілтемесі: http://orkenegro.wordpress.com/2011/03/02/%d0%b4%d0%b0%d0%b1%d0%b0%d0%b9%d0%bb%d0%b8%d0%ba%d1%81-%d1%88%d0%b0%d2%a3%d2%93%d1%8b%d0%ba%d1%8d%d0%bc%d0%bf/
Әрі қарай

Әйелдің орнында болып көру

Өміріңізде бір рет болсын әйел болу қандай екенін ойлап көрдіңіз бе? Олай болса бүгін ойлап көріңіз:



Әйелдердің 3-тен 1-і зорлық-зомбылық көреді екен.

Кім кінәлі?

Біз тек қарсыңызға бір айна қойдық...


дейді мына роликті жасаушылар.
Әрі қарай

Коллаж-мінездеме.

Менде ерігіп отырып коллаж-мінездеме жасадым. :)))

Есімім- Еркеқыз( жеңгелерім солай атайды),(шын есімім гүлге байланысты қойылған).
Сүйікті фильмім-«Сладкий ноябрь»
Арманым-Мықты дизайнер модельер болу(еді)
Арманымдағы қала-Париж
Сусын-шие шырыны.
Тағам-лағман.
Жақсы көретін түсім-қызыл.
Жақсы көретін мекенім-компьютер үстелім.:)
Хобби-сурет салу, тоқу(Әсіресе тоқу. Ауру қалса да әдет қалмайды демекші, кезінде сырқаттанып қалғанымда ішім пысып тоқуды үйреніп едім, қазір сауығып кетсемде қолым босаса болды отырып алып тоқи берем.)
Бір сөзбен өзімді қалай сипаттаймын-сезімталмын.
Туған жерім-Мақтаарал ауданы.)))
Әрі қарай

Әжемнен естелік.

Нағашы әжем марқұм көзі ашық, көкірегі ояу, жаны таза, дана кісі еді. Қашанда бата оқығанда сөздерінде шынайылық білініп тұратын. 85 жасында дүние салды. Ол да болса кәріліктен өтті болмаса бақуат кісі болған. Бұрынғының адамдары қазақшылыққа салынып оқымаған ғой, сол замандастарына қарағанда зерек болып, оқып, көзі ашылып өскен әжем. Жасы 80-нен асар аспас газет-журналдарды судыратып оқитын, сөйтіп алып көзім көрмейді-әй деп қоятын.Ал, біздер оның жасының төрттен біріндеміз, қазірден көзімізде көзілдірік((. Әжем ақындыққа бір табан жақын кісі еді. Мамам айтуына қарағанда кәдімгідей айтыса беретін суырыпсалма болған дейді, тек енесіннен табан тартып, ел-жұрттан ұят деп айтыспай қойған дейді. Сол қазір шкафты жинастырып жатып, соңғы жылдары шығарған өлеңін тауып алдым, соны жаза кетейінші. Блогымда естелік болып тұра берсін.))
Бастайын бісміллә деп тойдың басын,
Аман боп өсе берсің малы басың
Құдайым Берікжанға бала беріп,
Бәрінің ұзақ қылсын өмір жасын.

Немене өлең деген құрағанға
Өлеңді аямаймын сұрағанға
Айтпаушы ем бұл өлеңді басқа жерде,
Тек қана айтамын ұнағанға.

Басында бір ағаштың елу қарға
Сөзіне жалғаншының сену бар ма?
Барында оралыңның ойнада-күл,
Жалғанға екі айналып келу бар ма?

Жаратты Құдай сені айдап қылып,
Шәйнекке демдеп қойған шәйдәй қылып.
Тоты құс сен бір тұрған тал басында
Қолымды жеткеремін қандай қылып?

Қарағым айналайын кекілдім-ай
Судағы өмілдірік секілдім-ай.
Аллаға мінажат қып зарын қылып,
Жолына ғашықтыңтың бекіндім-ай.

Басында бір ағаштың алты қарға
Болама жаяу жолдас аты барға?
Қыздар көп өлең айтсам ел ішінде
Айтамын сіз сияқты заты барға.

Немене өлең деген білген құлға
Жақсы адам таптырмайды алсаң пұлға
Барында оралыңның ойна да күл
Жалғанға қайта айналып келу бар ма?

Базардан базар барып мия аламын,
Мияны төкпей-шашпай жия аламын.
Айтар ем бұл өлеңді таң атқанша
Жасым келіп қалды ғой, ұяламын.
Әрі қарай