Дабайликс. Шаңғыкэмп



Бір. Атыңнан айналайын, Астаналық блогшылар осы жұмаға дейін Блог құрылтайда жасар презентацияларыныздың тақырыптарын нақтылап жіберсеңіздер. Асекеңнің я Өркеннің поштасына. Сөздің реті келген соң сүйкеткеніміз емес, өте-мөте маңызды өтініш.
Екі. Бекболат ағамыз өзінің екінші қара сөзінде, кешіріңіз жазбасында жалпыастаналық блогкерлерді шаңғы жарысына шақырған болатын. Бұйыртса, ерекше басқосуымыз болғалы тұрған жарыстың датасы белгілі болды. Ол – 7 наурыз, сағат – 15.00. Сондықтан, астаналық блогшымын деген атты көтеріп жүрген қыз бен ұлды жарыстан қалмасын дейміз. Аса сенімді ақпарат көзінің айтуынша, жарыс үшін Есіл өзенің үстіне, тура Кенесары хан ескерткіші тұрған жағалау емес, қарсы бетіне жиналады екенбіз.

Мақала сілтемесі: http://orkenegro.wordpress.com/2011/03/02/%d0%b4%d0%b0%d0%b1%d0%b0%d0%b9%d0%bb%d0%b8%d0%ba%d1%81-%d1%88%d0%b0%d2%a3%d2%93%d1%8b%d0%ba%d1%8d%d0%bc%d0%bf/
Бөлісу:

10 пікір

asaubota
барайық бәріміз. не киіп барам деген сұрақ туындап жатыр уже :) шаңғы тебуге ыңғайлы куртка жоқ енесстің. қай жерде өтетінін нақты жазып жібер Өркен.
sammita
:)))) 7 наурызда жер жіпсіп, Есілдің мұзы сәл жұмсара бастайтын шығар, иә?
Nurgisa
неткен қатыгездік :(((
Makhabbat
Астанада тұрсам барушы ем:(((
Orkenegro
нақты жері сол, Есілдің КЕнесары хан ескертіші тұрған жерге қарама-қарсы жағалауы, сол жере өзі шаңғыны прокатқа беретін пункттер бар дейді
asaubota
ол қай жерде епті? :)
Abilakim
Астанадағы басы жоқ ескерткішке қарама-қарсы жерде
sammita
Титаник үйдің маңында.
asaubota
мдааа… тауып алармыз бірдеме қылып. Астананы әлі дұрыс білмеуші едім, қай остановка, қай маңайда екенін айтсаңдар тез түсінер едім…
sammita
Сарыарқа көшесінің бойындағы Radisson қонақ үйі маңынан түсесің. «Конгресс холлдың» жанымен жоғары қарай өтуге де болады, қашықтық қылмаса.