Барселона мен Шахтер ширекфиналда (видео)
Фото: REUTERS/Gustau Nacarino
Кеше түнде Чемпиондар Лигасы 1/8 финалының реванш матчтары ойналды. Камп Ноуда Барселона Арсеналды 3-1 есебімен ұтып, алғашқы ойындағы 2-1 есебінің қарымтасын қайтарды. Донецкінің Шахтеры Романы өз алаңында да жеңді, есеп 3-0. Осылайша ширекфиналға өткен алғашқы командалар белгілі болды. 1/8 финал матчтары бүгін жалғасады, Шальке өз алаңында Валенсияны, ал Тоттенхем Миланды қабылдайды.
Барселона — Арсенал 3-1
Шахтер — Рома 3-0
Біреумен бәстесіп едім, екі жеп биге шықтым ғо.
Тоттенхем-Милан
Сырт алаңдағы өнерінен кейін ағылшындар жанұшыра алға ұмтыла бермес. Бірақ бір гол салып алу арқылы келесі сатыға өтуді оңайлатып аларын білсе керек. Милан шегініп қайтсін… Меніңше, алаң иелері ұтылмайды, ойында екіден артық гол соғылмайды. Есеп 2-0.
Шальке-Валенсия
Меніңше осы ойын алдыңғы жұптан қызықтау өтетін сияқты. Гол саны да аз болмауы керек, менің ойымша. Дегенмен, өз алаңында немістердің айы оңынан туса таң қалуға болмас. 2-0 немесе 2-1.
Тоттенхем хотспөр Миланмен 0-0 тең ойнады, Милан 3 ескерту алды, Тоттенхем ескертілмеді, ойында жалпы саны 8 оффсайд болды.
Шальке Валенсияны 3-1 есебімен ұтып, келесі сатыға ілгеріледі.