АБАЙ.КЗ ға дат!!!



Абай.кз порталынан мына суретті көріп қалдым. Бір екі ауыз айтар сөзім бар! Абайлықтарға дат!
Сәуірдегі сайлауға ел болып кірісіп, дауыс бермекпіз! Cонда Абай порталы Қазақтандықтардың барлығын(дауыс берушілерді) қойға теңегендіктері ме? Елбасын сайлаушылардың барлығы учаскеге кірсе, мал бола ма? Ойларына келгенін жасауды қою керек қой. Немесе Абайлықтар умныйлар(орыстар үшін) ма? Жоооқ, сендер қателесесіңдер, опазиция болсаңдар өздеріңе. Қазақ халқын малға теңеуші болмаңдар!!! ҚАЗАҚТАР АТЫНАН!
АЛДАСПАННЫҢ ЖАРҚЫЛЫ!
Әрі қарай

Астаналық блоггердің 7 белгісі



1. Астанадағы ресми билікке жақын мекемеде яки БАҚ-та жұмыс істейтін немесе депутат адам.

2. Дипломы бойынша мамандығы журналист емес, бірақ қазір Интернетке жақын болғандықтан журналистика төңірегінде жүрген адам.

3. Алматылықтардың астаналық блоггерлер ұйымшыл емес дегеніне қарсы, бірақ блоггерлер басқосуына анда-сонда келетін кісі.

4. Келесі Блог-құрылтайды Астанада өткізгісі келеді. Оны астаналық блоггерлер тамаша ұйымдастырады деп есептейді.

5. Қатты қиналған кездерінде Ақтөбесіне, Алматысына немесе Шымкентіне кетіп қалғысы келеді.

6. Қанша жерден ұлтшыл болып тұрса да ресми көзқарасы мен ұстанымы биліктікіне жақындау. Біртіндеп болса да билік қазақша интернетке көңіл бөліп келе жатыр дейді.

7. Алматылық блоггер сияқты, өз блогыма шатып-пұтып бірдеңе жазсам да Интернеттегі Қазақ контентіне үлесімді қосып жүрмін дейтін, шын мәніндегі жүрегінде ұлтшылдық сезімі бар патриот қазақ. Кез келген жердегі, кез келген елдегі қазақ блоггерін жақсы көреді, сыйлайды, бауырым деп есептейді.

МАҢЫЗДЫ! Осы белгілерге қоса үш ескертпемді блогымнан оқуларыңызға болады.
Әрі қарай

БІздің БМП-лар ескірген...

Блогқұрылтай-2011 де кім болмады десеңізші. Мәжілістің депутаттары да, атағынан ат үркетін ақын ағаларымыз да жүрді. Солардың ішінен көзіме бірден түскені Ауған соғысы ардагерлері ұйымдары қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұлов еді. Бұрындары әскери салада қызмет еткендікі ме ағамызбен шамалы сұхбаттасқан едім. сол сұхбаттан үзінді.

-Біздің әскери техникаларымызға көңіліңіз толады ма?
— Кезінде қыруар қаржы жұмсап алған «Семсер», «Найза» сынды техникаларымыз жарамсыз болып тұрғаны белгілі. Мен өзім соғыс көрген адаммын. Бізге жаңа әскери техникалар керек. Аталған техникалар бір орында тұрып атуға жарамсыз әрине.Терезелері сынып кеткен кездері болды. Машинаның рамасы соққы күшіне есептелінбеген.Ол машиналардың башмақтары болуы керек еді. Ондай жағдайда атқан кездегі күш машинаның рамасына емес башмағына табандарына түсетіні де мәлім. Осылайша бір жерге құрып атып-атып, тағы басқа жерге барып атуға жарамды. Бірақ бізге осы техникаларды игеру керек. Бір техниканың жанында шабылып жүретін ондаған адамдардың санын жаңа техникалар арқылы қысқарта аламыз
Әрі қарай

Ең арзан көлік...



Ол — Теміржол! Қазақстанда халқы 500 мыңнан асатын 4 қала бар (қателесуім мүмкін): Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды.

Ресейде болғанда мынадай жақсы жүйені байқадым. Осындай үлкен қалаларға халық қала сыртындағы кенттерден, аудан орталықтарынан электричкамен қатынайды. Яғни, электрпойыз. Пайдасы шаш етектен. Бірінші, арзан көлік (экономикалық тұрғыдан). Екіншіден, таза көлік (экологиялық). Үшіншіден, қалаға кіре берістегі көлік кептелістері азаяды.
Әрі қарай

Блогқұрылтайға 1,5-ақ күн қалды


Блогкемпқа 1,5 ақ күн қалды. Блогшы бауырлардың алды Алматыға келіп те үлгерді. Блогкемп туралы кейін естіген ке ағайын хабарласып, “ по блату” болса да қатысайықшы деп жатыр.Соған қарағанда блогкемптен көпшіліктің күтері көп сияқты. Үміттерді ақтайық. Қазақ блогшыларының басқосуы сәті өтуге жазсын!!! (Фотоны көріп, тақалғанда лого ауыстырған екен деп жүрмеңіздер. Түркиядан келген Батыр бауырымыз бүгін жіберіпті. Қабылданып қойған логомыз болған соң,  блогқа қойып тамашалауға тура келеді)

Мақала сілтемесі: http://azanbekov.wordpress.com/2011/03/17/%d0%b1%d0%bb%d0%be%d0%b3%d2%9b%d2%b1%d1%80%d1%8b%d0%bb%d1%82%d0%b0%d0%b9%d2%93%d0%b0-15-%d0%b0%d2%9b-%d0%ba%d2%af%d0%bd-%d2%9b%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d1%8b/
Әрі қарай

Осы дұрыс па?

Балқаштан ағам келді. Әр нені әңгімелеп жатып қазіргі жастардың сөз арасына «Аллаһ разы болсынды» көп қосатыны жайлы сөз еттік. Көшеде қоштасып жатқан екі доста «ал, жақсы.Сау бол, Аллаһ разы болсын!»дейді. Телефонмен бір -біріне өтініш жасайды ар жақтағысы мақұлдаса да «Аллаһ разы болсын!» дейді. «Рахмет, көмегің тиді» деседе жеткілікті шығар?! Мүмкін бұлары дұрыс та болар? Керекті-керексіз жерге Жаратушыны қыстыра берген жөн емес тәрізді МОМП (мменің ойым-менің пікірім).
Әрі қарай