Ең арзан көлік...
Ол — Теміржол! Қазақстанда халқы 500 мыңнан асатын 4 қала бар (қателесуім мүмкін): Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды.
Ресейде болғанда мынадай жақсы жүйені байқадым. Осындай үлкен қалаларға халық қала сыртындағы кенттерден, аудан орталықтарынан электричкамен қатынайды. Яғни, электрпойыз. Пайдасы шаш етектен. Бірінші, арзан көлік (экономикалық тұрғыдан). Екіншіден, таза көлік (экологиялық). Үшіншіден, қалаға кіре берістегі көлік кептелістері азаяды.
Қазақстанның аталған «алып» қалаларына сондай электрпойыздар желісін орнатса, «ауылдан» қалаға қатынайтын халыққа жеңіл болар еді. Мысалы, Талғардан Алматыға келіп жұмыс істейтіндер үшін, студенттер үшін қиын. Олар қуыстай шағын автобусқа отырады, немесе такси ұстайды. Бұл адамды шаршатуы мүмкін. Салдыр-гүлдір жетіп болғанша жүйке тоза бастайды.
Электричка болса, рақат болар еді. Пойыздың кесте бойынша қай уақытта жүретінін білесің. Сол уақытқа ыңғайланып ұйқыдан тұрып, вокзалға бет аласың. Реттілік, тәртіп болады өміріңде.
Не айтқың келді сонымен деп сұрарсың менен? Ештеңе де. Жай тек Омар братпен осы туралы әңгімелесіп отырып, электричка көзіме елестеп кетті. Өркениет.
Билік осыны қолға алса, бөлінген қаржы 2-3 жылда қайтарылады деп ойлаймын. Өйткені, пойызда отыратын орын болады, іші кең, әрі жылы. Пробкада тұрмайды, орта жолда бұзылып қалмайды. Сондықтан да халықтың басым бөлігі осы көлік түрін таңдар еді.
Алматыдан басқа қалаға керегі жоқ