Адамнан қулық артылмас.

Өмірде пайдасы тиіп қалар. Біле жүріңіз.
-Асау жылқыны немесе сауын биені базарға апарып сатар алдында аузына бір шиша арақ құйып жібереді екен. Содан әлгі атыңыз бір күн бойы моп-момақан болып артыңыздан еріп жүре береді. Жуас деп мақтап-мақтап сата беріңіз.
-Базардан союға қой іздегенде абай болыңыз. Артқы сирақтарына қараңыз. Байлау болуы мүмкін. Мұндағысы, арықтау қойдың сирағынан жел береді екен де қайта шықпасын деп сирағынан байлап қояды. Үйіңізге барып бауыздап қалсаңыз желі шыққан доптай «пыс» ете қалады.
-Осы жел беру әдісін қойды бауыздағаннан кейін терісін сыпырар алдында да пайдаланады. Сонда терісі өздігінен алынып түсе қалады.
-Кей бір тиыны алынуы қиын балықтарды тазалар алдында ыстық суға салып жібереді екен. Сонда тазалануы онай болады.
-Құрылыс салумен айналысатын кей бір фирмалар біз жақта көптеп босап қалған ескі базаларды арзанға сатып алады екен де, бұзып кірпіштерін жаңадан салып жатқан ғимараттардың ішкі жағына өріп жібереді екен.
Әрі қарай

Авторлық құқық туралы заңға қандай өзгерістер енгізу керек?

"ҚР Авторлық және сабақтас құқықтар туралы" Заңына алдағы уақытта өзгерістер мен толықтырулар енгелі жатыр. Себебі еліміздегі ең көне, ескі, «не в тему» заңдардың көш басшысы осы АжСҚТ заңы болып тұр. Ол заңда Интернет, Интернет-ресурс, блог, электронды басылым (БАҚ) немесе онлайн-газет-журнал деген сөздер жоқ. Сөз болмағаннан соң түсіндірмесінің болмайтыны да түсінікті болар.

Енді мәселеге көшсек. Қазір аталған заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға байланысты орыстілді Интернет белсенділері әрекет етіп, өз ұсыныстарын тықпалап жатыр. Олардың арасында "ҚИА" "Үш рет шерту" тактикасын ұсынып еді, соның салдарынан ассоциациялары айтарлықтай ыдырап, құрамындағы ықпалды Интернет-ресурстар шығып кетті. Шықпаса, одан ары дейміз. Себебі Қазақ Интернетіне пайдасы шамалы ассоциацияның мәселелеріне неге бас ауырту керекпіз?
Біз, Қазақ Интернетінің белсенділер (блогшылар, Интернет-сайттардың иелері,
Әрі қарай

Молданың айтқанын істегенмен, интернеттен көргеніңді істеме...

Қазағымыздың мақалын бұлай бұрмалауыма себептің болып тұрғаны. 30 жасар американдық Кимонта атты келіншек өзінің 3 айлық нәрестесін Youtube-дегі бейнеролик арқылы сүндеттемек болады. Бірақта оның қай жерден қателескені белгісіз,қатты қансыраған баланың жанын дәрігерлер алып қалыпты.

Дереккөз
Әрі қарай