ҚазНеттегі жаңа сайттар

Осы бүгін ғана мынадай екі жаңа сайтты көрдім:
1) "Қызмет" Интернет-газеті kyzmet-gazeti.kz
2) Footballkz.kz футбол жаңалықтарының сайты

P.S: Жарымжан сайт болып ашылған footbol.kz сайты жабылып қалыпты
Бөлісу:

11 пікір

TERISKEY
@Zako, халің қалай? Footbol.kz сайты жарымжан боп ашылған жоқ, бұл бір, екінші, ол сайт атын www.aladop.kz қылып өзгертіп, жемісті жұмыс жасап жатыр.
Erbol
Осы біздің қазақ тілді сайттардың көбінде иесі кім, қалай байланысуға болады деген ақпараттар жоқ.Сосын Әйел құпиясының тілшілері келіп қарап отырып, отырып мынау бір иесіз сайт екен деп мақаланы көшіріп ала салады. kyzmet-gazeti.kz де, footballkz.kz солардың бірі болады. Қонақ кітабы деген ғана тұр. Нақты байланыс ақпараты жоқ. Қоршалмаған бау-бақша. Сиыр кіріп, жайылып кете береді.
satibaldi
Сиыр кіріп, жайылып кете береді.
Бұл жерде әрине, @KILYZAMAN -ды меңзеп тұрғаныңды әлгі жері қарақты оқырманға айтпаса да түсінікті.
Zako
Жақсы.
Footbol.kz сайтының жарымжан болып ашылғаны соншалықты, ол сайттың оқырмандары оның блог немесе сайт екендігін ажырата алмай біраз жүріп қалды. Оны қойшы, алғашқы шаблонындағы көптеген сөздер ағылшынша еді ғой
екінші, ол сайт атын www.aladop.kz қылып өзгертіп, жемісті жұмыс жасап жатыр.
Доменін ауыстырғанымен келбеті ауыпапты. Ол маңызды емес бірақ.
Ескі доменін неге редирект («басқа жаққа айдау») етіп қоймаған?
Пікір түзетілген: 24 тамыз 2011, 03:02
asaubota
қызмет дегенге бір діни жамағаттың сайты ма деп қалсам…

ал ана екіншісінің домені сәтті емес сияқты
Zako
қызмет дегенге бір діни жамағаттың сайты ма деп қалсам…
 «Бұл қай түрік болды» деп па?

ал ана екіншісінің домені сәтті емес сияқты
Есесіне, сауатты. Footbol дегенді де көрдіңіз емес пе.
e_zhalgas
домен таңдауға шеберміз ғой және оны тынымсыз дәлелдеп келе жатырмыз
asaubota
футбол туралы сайт ашқым келіп жүр. соңғы кезде футбол жазатын журналистер тоқырауда жүрген сияқты "қателіктерге бой алдырып". соларға нан болсын деген аса үлкен ниетпен
Zako
Қасиетті Рамазан айында журиктердің бала-шағасын асырап, қайырымды іспен айналысайын дедіңіз бе?
Пікір түзетілген: 24 тамыз 2011, 03:15
asaubota
енді халық үшін жүрген адамдармыз ғой  біреуге берілмеген ми, бізге берілген екен бөлісу керек қой