Космология немесе ұшқан рухты іздеу

Таразым – Тұманды Альбион –
Мен түкті аңдамай адастым.
Батыстан гулеген желменен бірге ұшып,
Тұп-тура белінен құшыппын –
Алпауыт ағаштың.
...ғайыптан жоғалған өр рухы,
«Осында екен ғой»
деп қоям Алаштың!
Ысқырған жел тағы жетектеп әкетті жиекке,
(Өн бойым жеп-жеңіл, айналып кеткем бе, сүйекке?)
… мен кенет кейпіне ене қап білместің,
Бүкір – бел, түсініксіз тілде тек сөйлейтін,
Айменен тілдестім.
… уәдеден қажып та кеткен соң, құрғақ тым,
Жиектің еркесі – Ақбалтыр айға мен,
Былай деп тіл қаттым:
«Елші боп келгесін;
Арқалап келдім мен алты Алаш арызын,
Рухымды оятып алам деп
Тоздырдым кеңселер дәлізін.
Қолыңнан келсе егер,
Қазақтың өр рухын қайтару:
Ақмарал, ай бикеш, парызың!»
Ай:
«… тектілік тезіне көнбеген,
Жанының жарасын арзанқол күлкімен емдеген.
Қазақтың рухы астеройд кейпінде ұшып жүр,
Ауа жоқ аймақтың өзінде өлмеген.
Сұлтаны өлтіріп, ұлтаны жерлеген,
Метеорит күйінде ағызып жібердім,
Рухыңды жерге мен!»
… дәл қазір өзіме-өзім жат, бөтенмін,
Өзімді жоғалтып, өзгенің шашбауын көтердім.
Өзімді жоқ қылған өзгенің болмысын өлтіріп,
Өзімді қайтадан табар ма екенмін…
Табиғат АБАИЛДАЕВ
Бөлісу:

11 пікір

satibaldi
… Рух толы тегене,
Сол баяғы қалпындағы.
Қарсы ал мені мекеме
Сол көшеде — Каблуков атындағы…
Tabigat
Қыртиграмма ғой мынуың
Abilakim
Тақырыбы Шаханов өлеңдерінің тақырыбына ұқсайды екен
satibaldi
Әлгі қалай еді, сананың жазасы ма, очм, құзда ма, сондай бірдеңе еді ғой?
Abilakim
«Клавиатура саусақты жарты адамдар» деген кітап көрсең таң қалма!
e_zhalgas
«саусағыңның табы пернедегі әріппен көмкерілген» деген образды сипаттау жолдарын оқысаң да таң қалма
Tabigat
сен шаң қауып қалмасаң болды да, сабазым
e_zhalgas
рухыңды ағызып жібердім дейді, ай, қайран қазақ…  хехе!