Мектепті жауып кетті ғой

Алоо
— Ермұхан қал қалай мен келдім, қазір саған жіберем агентке шықшы,
— Алоо е, мен уже үйдемін, мектеп жауып кетті ғой.
— Қалайша обед жаңа ғана болды ғой.
— Біздің жақта түстен кейін ешкім болмайды мектепте, түске дейін ғана ғой жұмыс.
— қалайша түс жаңа ғана болды түстен кейін балармен кім жұмыс жасайды?
Түстен кейін ешкім жүрмейді бізде мектепте. Біз Югтанбыз ғой! Ол сендерде ғой солай істейсіңдер сосын гранттың бәрін аласыңдар.
— Жарайды онда электронды поштаңа салас салам.
— Мақұл, ертең таңертең қараймын…

Бұл Қала мен ауыл мұғалімінің ұялы телефон арқылы Қазақ елінің бір шетімен екінші шетінен аз ғана әріптестік қатынасы…
Әрі қарай

Ақбота "Қызыл гүл" ме?

Ақбота Керімбекованың орындауында баяғыда тамаша бір ән болушы еді.Көше әні болуы керек шамасы. "Қызыл гүлім-ай, қызықтырдың-ай" деген жолдары бар. Соның өзгертілген түрін құлағым шалып қалған.Әлгі әнде "Қызыл гүлмін-ай, қызықтырдым-ай, аппақ гүлмін-ай, ардақтымын-ай" деп айтылады.
Жас әншілердің бірі бұрмалап айтып жүрген болар деп қатты да мән бермеген едім. Сөйтсем, осылай орындап жүрген Ақботаның өзі екен. Сіздер не дейсіздер?

Суретке сілтеме
Әрі қарай

Сәлем, 90-шы жылдар!


Қазіргі экшн-боевиктер өткен ғасырдың дүниелерімен салыстырғанда анағұрлым «ақылды» болуға тырысатыны рас. Сюжеттегі әр детальды нақты көрсетуге, әр диалогты барынша өмірдегідей мәнді етуге ұмтылады. Оқиғалар шытырманданып, көрерменді демалтудан бұрын ойлантып тастайтын кездер де жетерлік. Бірақ Саймон Уэст өзінің "Медальон" ("Ұрланушы"; «Stolen») фильмінде ондай нәрселерге бас қатырмапты.
Әрі қарай

Бұл Мыңбала қай мың бала?



Кино атауы мың бала
Күткеніміз тым болмаса жүз бала
Киноға түскені он бала
Кино әуені бір бала.

Barsa

Жо-жоооқ… Бұл постта «Көшпенділерден ілгері, көңілдегіден кейін» (© Қисық) фильмді мақтап тұрғам жоқ. Тек қазақтағы сандарды айтылу ерекшелігін айтқым келіп отыр. Менің білуімше атам қазақта сандарды бөлшегіне дейін айтпаған. Көп сөзінің орнына мың, қырық т.б. сөздер қолданған. Мәселеңки, "Қырымның қырық батыры" жырын білесіздер ғой?! Ол жерде отыз тоғыз, қырықыншы батыр емес, мұнда қырық саны — көп деген мағынада қолданылған. "Қырықтың бірі қыдыр" дейді. Мұнда да №37 адам Қыдыр болады деген сөз емес, көптің бірі Қыдыр деген мағынада. «Мыңбаладағы» Мыңды да бұл жерде осындай мағынада айтып отыр. Одан бөлек, түстерге қатысты да осындай сөздер бар. Көне түркіде, солтүстікті — қара түспен, батысты — сарымен, оңтүстікті — ақпен, шығысты — мұтып қалдым  Қаратау тауының түпкі мағынасы солтүстіктегі тау. Алтын орда, Ақ ордалар осыған байланысты айтылған.
Әрі қарай

258. Мойылды бет

www.kerekinfo.kz/blog/8918.html жалғасы

Түс ауа күн ыси түсті, күн көзінен қорғанып үйдің көлеңкесінде отырған бетім. Бір уақытта зырылдап келіп ш…ш…ш… шұғыл тоқтаған велосипед дауысынан кейін зың-зың еткен қоңырау шылдыры естілді.
Орынымнан тұрып қарасам Арман велосипед қоңырауын зың-зың етіп шылдыратқан. Қаша түбінде өсіп тұрған талдан мені бірден байқаған жоқ. Екі көзі терезеде, үйдің ішінде деп ойлап, қайта-қайта велосипед қоңырауын шылдыртады. Қашаға жақындай түскенде мені байқап қалды.
-Мойыл теруге барасың ба?
-Барамын…
Арманға ауылдан төрт-бес шақырым жерде мойыл өсетін жерді атасы көрсетіпті. Мойыл ағаштары сайдың оң жақ бетінде ғана өскен соң «мойылды бет» атаныпты.
Велосипедтерден түсе сала алда өсіп тұрған мойыл ағаштарына беттедік.

Бірден екеуіміздің көзіміз мойылдың бір ағашына түскені, піскен жемістері қаракөк түсті самсып тұрғаны, ағаш бұталарына аяқ салып жіберіп жуандау біздің салмағымызды көтереді ау деген бұта үстіне жайғастық. Жан-жағымызға қолымызды жүгіртіп уысымызға жиналған жемістерді ауызға толтыра шайнап, мойылдың жеміс сүйектерін жаңа жеміс порциясына босату үшін түкіріп үлгермей отырмыз. Қол созым жерде мойыл таусылып барады… Қолымыз бір жерде өскен жеміске созыла бастады. Арман қулығын асырып жібергені.
Әрі қарай

Түнек...

… Көктемнің соңғы күндері… Жұмыстан сәл кештеу жібергеніне бастығыма деген ашуым бар, оның үстіне бір жарым сағаттан бері темекі тартпағам, айына отбасылық бюджетімнің жетіден екісі кететін темекімді құмарта тартып бара жатырмын. Анда-санда темекі тартқандағы әдетіммен жерге шырт-шырт түкіріп қоям. Аялдама да алыс емес-тін, жақындап қалдым…
Алыстан сирена дауысы естілді. Сол жаққа бұрыла бергенмін… айнала көк түтін… айқай-ұйқай… Басыма зіл батпан шоқпар тиді де көзімнің алды жарқ ете қалды… Түнек… Ашыла бастады көзім… Алдымда маска киген біреу… анадайда «Полиция» деген жазуы бар қара микроавтобусты көзім шалды… түнек…
Орындықта отырмын. Бөлме іші қаракөлеңке. Лампаның жарығы тура көзіме түсіп тұр. Алдымда стол. Қарама-қарсы бір адамның сұлбасы байқалады. Полиция бөлімшесінде секілдімін.
-Фамилия?
-А… аа?
-Фамилииияя?,-деп жекіріп жіберді сұлба.
-ааа… Алан…
-атың?
-Данияр… мм… мен қайдамын?
-Бұл жерде сұрақты мен қоямын. Мекен-жайың?
-Ацсотоно қаласы, Кербабаев көшесі, 13,-деп өтірікті қойып қалдым.
-Жұмыс орның?
-«Артемда» тәшкі сүйреймін.
-24 мамыр күні, кешкі сағат 7-лер шамасында қайда болдың?
-Жұмыстан қайтып бара жатқам…
-Қолыңда не бар еді?
-Папка… документтермен. Таксист болып жұмысқа тұруға бара жатқам. Айтпақшы документтерім қайда? Кімсіңдер өзі?
-Бұл жерде сұрақты мен қоямын. Қолыңда басқа не болды?
-Басқа ештеңе…
-Темекіні мен тарттым ба сонда?!!! Сссұмырраййй…
Жуан жұдырық мұрныма дөп тиді… Тағы да түнек…
… дәл осы кезде көрші кабинетте Ацсотонода заң күшіне мінген 2-күн ішінде 2000 адам темір торға тоғытылғаны туралы рапорт жасалып жатты…
Әрі қарай

Хабдолла атайдың соғыс туралы шытпақтары

Алдымен аз-мұз трагедия. Хабдолла* атай, 1923 жылы туылған, қызыл әскер. Жауынгерлік жолын 1939 жылы бастаған. 1942 жылы неміс тұтқынына түсіп, Рейн-Вестфалия жерінде шошқа бағады. Өмірінің ол кезеңінен айтатын жалғыз естелігі: «Фройлена жақсы кісі еді. Сұлу да еді: емшектері — мынаааааааандай!». 1945 жылы совет әскерлерімен «азат» етіліп, "өз еркімен тұтқынға түскен" деген айыппен 25 жылға бас бостандығынан айырылады. 25 жыл түгел отырып шыққан ол қайтар жолға түк таба алмай, бір топ адаммен дүңгіршекке(«ларек») шабуыл жасап, тағы 10 жылға қамалады. Ол мерзімін өтеп шыққан соң, паспорт режимін бұзды деген айыппен тағы 3 жыл бас бостандығынан айырылған. Бас-аяғы 41 жыл жазықсыз айдауда отырған адамға бәрі де кешіріледі, есі ауысқандығы да соның зардабы болар. Бірақ қанша сыйлағанмен, кейбір өтіріктерінен ұстап алып, қасқа шалды жындандыратын едік.

***
Әрі қарай

Жапон халқының хертегісі. "Сакура шиесі"

— Барып тұрған нағыз-нағыз жезөкшесің сен! — деп бақырды байы Иокоға.
Токио Муниципиалдық Дәретханасының жанындағы мәуе сакура бүр жарды.
— Жезөкше емес, гейшамын мен! — деп бақырды Иоко, байы Дзюинтироға қайыра.
Токио Муниципиалдық Дәретханасының жанындағы сакура гүлдеді.
— Айырмашылық?
Токио Муниципиалдық Дәретханасының жанындағы сакура ештеңе істемеді.
— Гейша — өнер адамы, топас!
Тыңдарманға әрі қарайғы боқжағыс қызық болмас. Табиғатынан лоқтау келген Дзюинтиро қатынының шын мәнінде — кәуділгі жезөкше екеніне ешқашан көзі жетпес. Алты ожау сакэ ішіп алған тасбақа Фудзиямаға алты рет мініп түскенше түсіне қоймас. Алты градус әлемді өзерткенмен, бүгінгі 23 градус ыстық самурайдың сансыраған санасына сына сала қояр ма екен?
Токио Муниципиалдық Дәретханасының жанындағы сакураны түбірімен жұлып тастап, Matsushita
Әрі қарай