Хабдолла атайдың соғыс туралы шытпақтары

Алдымен аз-мұз трагедия. Хабдолла* атай, 1923 жылы туылған, қызыл әскер. Жауынгерлік жолын 1939 жылы бастаған. 1942 жылы неміс тұтқынына түсіп, Рейн-Вестфалия жерінде шошқа бағады. Өмірінің ол кезеңінен айтатын жалғыз естелігі: «Фройлена жақсы кісі еді. Сұлу да еді: емшектері — мынаааааааандай!». 1945 жылы совет әскерлерімен «азат» етіліп, "өз еркімен тұтқынға түскен" деген айыппен 25 жылға бас бостандығынан айырылады. 25 жыл түгел отырып шыққан ол қайтар жолға түк таба алмай, бір топ адаммен дүңгіршекке(«ларек») шабуыл жасап, тағы 10 жылға қамалады. Ол мерзімін өтеп шыққан соң, паспорт режимін бұзды деген айыппен тағы 3 жыл бас бостандығынан айырылған. Бас-аяғы 41 жыл жазықсыз айдауда отырған адамға бәрі де кешіріледі, есі ауысқандығы да соның зардабы болар. Бірақ қанша сыйлағанмен, кейбір өтіріктерінен ұстап алып, қасқа шалды жындандыратын едік.

***
— Барлауға бардым бір күні тура немістер жаққа! Еңбектеп, ептеп-септеп, немістердің тылына да жеттім. Барлауға қараңғыда шығармын деп, шинелімнен төсек салып жайғасып жатсам, артымнан бір неміс келіп:
— Руки вверх, товарищ Хабдолла! — дейд!
— Шал, қойсайш нақ: ол сенің атыңды қайдан білед?
— Гитлер айтқан да, Гитлер!!!
— Лібәә, қойшнақ: ал Гитлер қайдан білед сені?
— Айтпап па едім немене? Гитлерді өлтір деді ғой бірде маған! Чемоданға бомба салдым да, Гитлердің штабына келіп, қасына қойып кетуім керек болған. Штабқа кіре беріп едім, күзетші:
— Товарищ Хабдолла, отставить! — деді де, тұтқындап алды.
— Олар орысша сөйлей ме не?
— Неге сөйлемесін? Мынау орыстар қазитке дұрыс шығармапты, немістер мені баяғыдан танид былайынша. Гитлер 1941 жылы негізі былай деген: «У меня три личных врага: Чаплин, Черчилль и товарищ Хабдолла» деген, әне қайда жатыр әңгіме!..

***
— Бір күні авиации маршал Новиков самолетпен Мәскеуге апарып таста деп пәрмен берді…
— Шалл, сен танкист емессің бе? Қайдағы, тіпті бар ғой — өткенде сен артиллеристпін деген жоқсың ба?
— Когда с тобой маршал Красной Армии разговаривает, ты умеешь все! Жабыңдар ауыздарыңды, не білесіңдер сендер, отставить!


***
— Сталиннің өзі айтқан екен: «наградить товарищ Хабдолла за храбрость и посадить!» деп.
— Не дейд? Ооо, Сталиннің өзі!!!
— Иә, Берия айтты маған, «товарищ Хабдолла, ренжіме, для страны так надо» деп. Лагерьде мен кіріп келгенде барлығы тік тұрушы ед. Әйелдердің барлығы менікі ед…


***
— Геринг Украинаға қонаққа келгенде ұстап әкелдім мен, бірақ орыстар өздері айрылып қалд тірілей. Айтпайд олар әдейі, мені қазитке жаздырмайд үнемі…

***
— Бірде…


***




* — Кейіпкердің тума-туыстарына құрмет ретінде есімі өзгертілді.
Бөлісу:

13 пікір

Abilakim
Немістер«Айн, цвайн, драйн, кешір бізді Құсайын!»-деп айғайлады деп бөсетін шал болып еді біздің жақта
satibaldi
Аха, біздің жақта да небір экземплярлары болатын
Abilakim
танкіге пышақ салып алғандар да болыпты
sammita
бір естелік әңгімесі екіншісіне кереғар әңгімесі де көп олардың
konvict
Меніңше, шын соғыстың ортасында болғандардан тірі қалғандар аз шығар.
Daniar-Alan
қазіргі тірілер столовыйда істегендер ма сонда? қудың
Daniar-Alan

қуад кен шалың, бізде де бір кісі болды. контуженный. кішкене балаларға «сен танкист боласың, сен летчик боласың» деп жүруші ед.
танкист болған дымым да жоқ,  армияға да шақырмады
Nurshat
[Ұлллллллллллллллыыыыы Отан] ұлллы жақша ішіндегі)))
neoaskar
Бір ауылдан үш жігіт кеткен ғой соғысқа, сонда бірі сондай қайтыс болыпты да ана екеуі аман-есен келіпті елге, біреуі тұтқынға түскен, екіншісі бір тасын оқ жұлып кетіп жаралы болып келген. Келгенде мектепке кездесуге екеуі де бармапты, қанша шақырса да, қалай барады, тұтқынға түскенді балалар «неміс» деп мазақтады екен, екіншісі енді мектепке барғанда «Ата қалай жараланып келдіңіз» десе тынды ғой… күлсең кәріге күл жастары 80-нен асып қайтыс болған дейтін.