Бұл Мыңбала қай мың бала?



Кино атауы мың бала
Күткеніміз тым болмаса жүз бала
Киноға түскені он бала
Кино әуені бір бала.

Barsa

Жо-жоооқ… Бұл постта «Көшпенділерден ілгері, көңілдегіден кейін» (© Қисық) фильмді мақтап тұрғам жоқ. Тек қазақтағы сандарды айтылу ерекшелігін айтқым келіп отыр. Менің білуімше атам қазақта сандарды бөлшегіне дейін айтпаған. Көп сөзінің орнына мың, қырық т.б. сөздер қолданған. Мәселеңки, "Қырымның қырық батыры" жырын білесіздер ғой?! Ол жерде отыз тоғыз, қырықыншы батыр емес, мұнда қырық саны — көп деген мағынада қолданылған. "Қырықтың бірі қыдыр" дейді. Мұнда да №37 адам Қыдыр болады деген сөз емес, көптің бірі Қыдыр деген мағынада. «Мыңбаладағы» Мыңды да бұл жерде осындай мағынада айтып отыр. Одан бөлек, түстерге қатысты да осындай сөздер бар. Көне түркіде, солтүстікті — қара түспен, батысты — сарымен, оңтүстікті — ақпен, шығысты — мұтып қалдым  Қаратау тауының түпкі мағынасы солтүстіктегі тау. Алтын орда, Ақ ордалар осыған байланысты айтылған.
Бөлісу:

13 пікір

Daniar-Alan
уақыт жоқ лібәд… толықтырам кейін
Adiletshu
Daniar-Alan
пост Сізге жақпады ау дим, аса мәртебелі Әділетшу мырза?
asaubota
негізгі сценарийінде шынымен 1000 бала туралы еді. әр жерден әкелінген кішкентай 1000 баланы арнайы жасақ қылып өсіреді екен, кино солардың жоңғарларға қарсы соғысы туралы болуы керек еді. кейін неге өзгертілгенін білмеймін. біз көрген мың бала не туралы еді? кім айтып бере алады?
Daniar-Alan
теңгеден біраз қиналған сияқты. сосын өзгертілген шығар.
asaubota
жоқ, басқа бір топтар араласқан сияқты сценарийге.
Daniar-Alan
мапия десеңЧ… не болса да бір талқылайтын тақырып тауып беріп кетті осыыы дим да Ареке, жан-жақта сұмдықтар болып жатыр. Олимпиадада ту тесілді. Үнсіздік (пока не мерее мен естімедім). Алматыда қырғын әкес… Үжі елдің еті өліп кетті ау дим?..
asaubota
Мьянмада (Бирма) будиистер мұсылмандарды қырып жатыр. біздікілер Фейсбукте сол аянышты фотоларды бөлісуден басқа түк істеп жатқан жоқ. мықты исламист болса көтермей ме сол мәселені халықаралық деңгейде.
Daniar-Alan
Үжі елге поқу боп кетті. Еттері өліп кетті. Бұрнағы жылдары ахылайтын ед, қазір «аааа» деп қоя салад…
19852407
Алматыда не қырғын?
Daniar-Alan
әлгі террористтерді айтам
19852407
аеее, оған ет үйренді ғой
doskhan
фильмнің жалпы сценарийі де, орын алған оқиғалары да, көрермендерге беретін тәлім-тәрбиесі де ұнамады маған. мұндағы көрсетілімнен қазаққа тән кейбір қасиеттері болмаса қалғаны болмайтын мылжың әңгіме деп айтар едім. жалпы фильмді «Жаужүрек мың бала» емес «жаужүрек екі бала» деп қойғаны шынайылыққа жанасады деп санаймын. себебі фильмді түсіруге ат салысқандар қазаққа тән қазақылықты білмейтіндердің араласқаны көрініп тұр. тек сценарийді жазудан бұрын қазақтар туралы бірнеше кітаптарды парақтап қана жазғаны туралы режиссердің де сұхбатын оқығаным бар.