Таныс болыңыз: Камызяк құрамасы



Менің таныстырғалы отырған командам Қазақстандыкы емес. Ресейдің премьер-лигасында 1 жылдан бері ойнаса да, көпшілікке танылып үлгерген команда көрші елдің Астрахань облысы, Камызяк ауданынан. Қазақтар мекен еткен өлкеден келген команданың ерешелігі неде деген сұрақ туындайтыны сөзсіз? Айтайын: Олар бүкілресейліктер үшін түсінікті болсын деп бас қатырмайды. Өз ауылдарында айта беретін жаргондар мен сөз тіркестерін қымсылмастан айта береді. Сонысымен де жұртқа қызық шығар, әйтеуір залдағылар үнемі қыран-топан күлкінің астына қалады. Мысалы, сөз қорларында: «Түйууу...» (қазақтардың қателескенде айтатын энтонациясы ғой), «Ох, жук а?!» (Біреуге қапаланғанда), «Дүжш» (сот отырысындағы балғаның тарсылын ауызбан айтқандары). Осы секілді, тек Камызяк ауданының адамдары айтатын дыбыстармен Ресейдің көзайымына айналды  

Сонымен таныс болыңыз: «Сборная Камызякского края»
Әрі қарай

Жаз бойына қараған сериалдарым :).

Корей сериал фанаттарына:

Астанада жүргенімде бітірген істерімнің бірі осы сериал көру болған шығар. Нақты айтқанда сериалдар. Үш сериалды көріп бітірдім, қалған үшеуі өкінішке орай аяқсыз қалды. Интернет қайта қосылса жалғасын көремін бұйыртса.
Сонымен ең ұнағанынан бастайын. Ол туралы on.kz-дегі қауымдастықта жазған болатынмын.
Әрі қарай

Парақорлық этюдтері. Акт #10: Кедейшіліктің қамыты

«Алматыдан қайырымдылық акциясын жасап жүрген вагон шығыпты: балаларға тегін киім-кешек пен азық-түлік таратылады. Шарт: әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінен жұмыссыз, әлде көпбалалы деген анықтама көрсету керек».
Газеттегі бұл хабарландыру Раушан әжейге маза бермейді. Прокурор баласына телефон шалып:
— Маған сондай анықтама алып бер!
— Туууууй мама, оны не істейсің…
— Тәйт! Сен не білесің?! Алып бер дегесін алып бер!..
Әрі қарай

Мөлдір мұң

Ол мөп-мөлдір, мұңды айтам! Олай дейтінім, бұл мұң-махаббаттың азабы емес (ол жастан өтіп те кеттік қой). Қайғының зары емес (Құдайға шүкір, басым аман, бауырым бүтін). «Анаған жетпедім-ау»,-деген байлыққа құмарлық емес (бас аман болса, басқасы табылар деген қазақпыз ғой). Алайда, өзге шаруадан қолым босап, өзіммен-өзім қалғанда менің санамда тұратын мұң. Тіпті бұл менің ішмдегі, ойымдағы құрамдас бір бөлшегім секілді. Онсыз өзімді түкке тұрғысыз адам сезінемін. Онсыз жалғызсыраймын. Алайда, бұл не мұң? Неге мен бұл мұңымнан арыла алмаймын?
Қыз баланы «жат жұрттық» деген, қазекем, сол қыз баланың әрқайсысында ата-ана, ел-жұрты, бауыр-туысына деген сағынышы, өле-өлгенше тіпті мәңгілік қалатынын ойлады ма екен?! Сол әрбір қыз балада, осынау сағыныш пен аңсаудан тұратын, елі мен жеріне деген таусылмас сағыныш тұнған мөлдір мұң боларын білді ме екен?!
Мамам, өзімнің осы бір мұңым, менің анамың оңашадағы көкірегін кере күрсінетінімен ұқсас секілді. Тіпті, бауыр-туысынан жыраққа, күйеуінің артынан еріп кете барған анамның, оңашада неге терең күрсінетінін енді түсінгендеймін. Оның көкірегінде сағыныштан, ата-анасы мен бауырын аңсаудан туған үлкен мұң бар екен-ау! Сонда менің мөлдір мұңым, анамың осы бір сағынышының тамшысындай ғана екен ғой. Тағдырына бой ұсынып бар өмірін тек балалары мен отбасына арнаған менің анам секілді әйелдер қаншама…
Әрі қарай

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын!

Сыйын маған,
Ей, өмір, сыйын маған,
Сыйыңды алам мен сенің бұйырмаған!

Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығы. @Сатыбалды айтпақшы, мүмкін жыл бойы күткен шығармын осы тойды. Себебі, мен сол жақтың қызымын ғой. Елімнің, жерімнің аты аталатын, ұлы адамдарын ұлағаттап жасап жатқан тойды біле тұра қалай тыныш жатам? Әрине, алыстан келген кел ел тек жақсылығыңды көрсе екен деп тілейсің ғой.

Ары қарай суреттерге кезек:
Әрі қарай

Кеш болса да

Маусым айы жауынды болып еді, шілдеден бері қуаңшылық.
Бір жауын астында қалғанда түсіргендеріммен бөлісейін деп, кеш болса да.
Әрі қарай

«.ҚАЗ» домен атауы

  • KazNET
Қазнет

Бірнеше ай бұрын Байланыс және ақпарат министрлігі ICANN-ға «.ҚАЗ» домен атауын құруға сұраныс жіберді. Бұл жаңалық белгілі қауым ішіндегі, талқылаулар және дөңгелек үстелдерде туындады. ICAAN-ның бұл доменді мақұлдауы мүмкіндігі жоқ емес.
Әрі қарай

Қасым Олжаспен қоштасу

Енді бізге ешкім келіп оқымайды өлеңін
Аңыз болып қалады әлі «Анар» жайлы өлеңің
Төмен санап көпшілікті өзіңнен
Қай биікке шығам дейсің Өренім?!
Жеткен жері сол ма бәлкім өреңнің…
Жә, жә! Жарар! Қарайлама артыңа
Мүмкін біздер жете алмадық парқыңа
Қол сағатың күн нұрына жарқылдап
Жаза бергін осы жазған қалпыңда!
Әрі қарай

ӘРУАҚ

Бір кыз aруақтардан жаман қорқады екен. Бір күні дискотекадан қайтып келе жатса бір жігіт шығып: қарындас, ренжімесеңіз мен сізді алдағы зираттардан өткізіп жіберейін депті. Қыз келісіпті. Жігіт зираттардан өткенше қызға неше түрлі анекдоттар айтып, күлдіріп, қорыққанын ұмыттырып жіберіпті. Өтіп болған соң қыз: рахмет сізге, сіз менің қорыққанымды ұмыттырдыңыз, өзіңіз бір комик кiсi екенсіз десе жігіт: ой, бұл ештеңе емес қой… МЕН ТiРi КЕЗiМДЕ ВООБЩЕ КОМИК БОЛҒАМ депті.
Әрі қарай