Таныс болыңыз: Камызяк құрамасы

Менің таныстырғалы отырған командам Қазақстандыкы емес. Ресейдің премьер-лигасында 1 жылдан бері ойнаса да, көпшілікке танылып үлгерген команда көрші елдің Астрахань облысы, Камызяк ауданынан. Қазақтар мекен еткен өлкеден келген команданың ерешелігі неде деген сұрақ туындайтыны сөзсіз? Айтайын: Олар бүкілресейліктер үшін түсінікті болсын деп бас қатырмайды. Өз ауылдарында айта беретін жаргондар мен сөз тіркестерін қымсылмастан айта береді. Сонысымен де жұртқа қызық шығар, әйтеуір залдағылар үнемі қыран-топан күлкінің астына қалады. Мысалы, сөз қорларында: «Түйууу...» (қазақтардың қателескенде айтатын энтонациясы ғой), «Ох, жук а?!» (Біреуге қапаланғанда), «Дүжш» (сот отырысындағы балғаның тарсылын ауызбан айтқандары). Осы секілді, тек Камызяк ауданының адамдары айтатын дыбыстармен Ресейдің көзайымына айналды

Сонымен таныс болыңыз: «Сборная Камызякского края»
рахмет бырат, шынымен уник команда екен.