Парақорлық этюдтері. Акт #10: Кедейшіліктің қамыты

«Алматыдан қайырымдылық акциясын жасап жүрген вагон шығыпты: балаларға тегін киім-кешек пен азық-түлік таратылады. Шарт: әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінен жұмыссыз, әлде көпбалалы деген анықтама көрсету керек».
Газеттегі бұл хабарландыру Раушан әжейге маза бермейді. Прокурор баласына телефон шалып:
— Маған сондай анықтама алып бер!
— Туууууй мама, оны не істейсің…
— Тәйт! Сен не білесің?! Алып бер дегесін алып бер!..
Вагон келіп тоқтағанда, Раушан апай бірінші болып кезекке тұрып алады: вокзал менттері ескертілген. Виртуалды аш-жалаңаш алты немересіне ол: барлығына комбинезон, етік, қуыршақтар мен азық-түлік алады. Жолай үйіне қайтып келе жатып, таныстарының дүкендеріне сатуға таратып кетеді.

P.S. Осындай адамдардан кейін маған бірдеңе деп бұтағымды жегісі келетіндерге таң қаламын. Жоғалыңдар нақ, ептібайымайдтар!!!
Бөлісу:

15 пікір

edige
таныстарының дүкендеріне сатуға таратып кетеді.
patick


Бар-бар ондайлар, аз емес және.
Arhun
Памфлетіңмен қатырдың! Күшті!
Gastarbaiter
Прагматизм хуле.
Баягы аштан кырылган заманнан калган комплекстер го. Ертен киын заман боп калады деп коркады ол ажейлер унемы.
Ол кисилерге уксус берсен де тегин нарсены таласып турып, всеми правдвами неправдами алады.
Ажеден бурын онын баласыныкы кызык болган екен.
Пікір түзетілген: 19 тамыз 2011, 08:35
KILYZAMAN
Тіршілік үшін күрес деуге келмесе де: КӨМІР-ӨМІР
serjan
Осындай адамдардан кейін маған бірдеңе деп
неменеңе шала бүлінесің.
sammita
ПШС
serjan
Астарлы абзатстарды маған түсіндірген кезде ақылдылығыңа таң қалатын адамдар милиондап саналады,
sammita
абзатс деген не?
serjan
сынымен цүнбедіңіз бе? ПШС екенсіз ғо.
Пікір түзетілген: 19 тамыз 2011, 15:05
sammita
предшкольный синдром.
Абзац емес қой.
serjan
Болды енді доғарайық әркім басы жеткен жеріне дейін пікір жазады ғой, менің астарлы ақиқатты түсіне алмағаныма бола сонша масқаралағаныңыз не? мүмкін менің ойлау өрем сіздікіне жетпейтін шығар.
asaubota
балалар үйі, интернаттарға берілген заттарды да иемденудің бұл кісілер үшін еш сөлекеттігі болмаған.