Мөлдір мұң
Ол мөп-мөлдір, мұңды айтам! Олай дейтінім, бұл мұң-махаббаттың азабы емес (ол жастан өтіп те кеттік қой). Қайғының зары емес (Құдайға шүкір, басым аман, бауырым бүтін). «Анаған жетпедім-ау»,-деген байлыққа құмарлық емес (бас аман болса, басқасы табылар деген қазақпыз ғой). Алайда, өзге шаруадан қолым босап, өзіммен-өзім қалғанда менің санамда тұратын мұң. Тіпті бұл менің ішмдегі, ойымдағы құрамдас бір бөлшегім секілді. Онсыз өзімді түкке тұрғысыз адам сезінемін. Онсыз жалғызсыраймын. Алайда, бұл не мұң? Неге мен бұл мұңымнан арыла алмаймын?
Қыз баланы «жат жұрттық» деген, қазекем, сол қыз баланың әрқайсысында ата-ана, ел-жұрты, бауыр-туысына деген сағынышы, өле-өлгенше тіпті мәңгілік қалатынын ойлады ма екен?! Сол әрбір қыз балада, осынау сағыныш пен аңсаудан тұратын, елі мен жеріне деген таусылмас сағыныш тұнған мөлдір мұң боларын білді ме екен?!
Мамам, өзімнің осы бір мұңым, менің анамың оңашадағы көкірегін кере күрсінетінімен ұқсас секілді. Тіпті, бауыр-туысынан жыраққа, күйеуінің артынан еріп кете барған анамның, оңашада неге терең күрсінетінін енді түсінгендеймін. Оның көкірегінде сағыныштан, ата-анасы мен бауырын аңсаудан туған үлкен мұң бар екен-ау! Сонда менің мөлдір мұңым, анамың осы бір сағынышының тамшысындай ғана екен ғой. Тағдырына бой ұсынып бар өмірін тек балалары мен отбасына арнаған менің анам секілді әйелдер қаншама…

Мен Гибридқа ұқсаттым.
Мардымды айтар ойың болмаса тыныш қана отыруға не кедергі?
ок.