Қарапайым Биогаз қондырғысын жасап ал...

Жеке шарушылықта биогаз өндірудің ең қарапйым әдісі
Еліміздің барлық жерінде табиғи газбен жылытуға мүмкіндік жоқ екені белгілі. Ал енді ауылдағы үйді отынмен немесе көмірмен жылытудың өзінше толып жатқан қыйындықтары бар екені бәрімізге мәлім.
Әрі қарай

Шкафтағы скелет

Бұл жазбаны жазуға сенімділік берген Қылизаманның мына тақырыбы еді.
Шкафтағы скелет
Мұны жасау аса қиын емес.
Қажетті компоненттер: көнетоз шкаф, қартамыс көңілдес.
Қытайлық он саусағынан және сонша башпайынан өнер тамған шеберлер көңілдесіңнің қайтыс болғанын күткіңіз келмесе, жергілікті мәйітханалардың көмегіне жүгінуді ұсынады. «Шүкір, шахта мен жолда мерт болатындар бұ күні тірілерден көп» деп сақ-cақ күледі паталоганатом Ху Циань.
Рас, классикалық үлгідегі өз көңілдесіңнің скелетіне не жетсін! Бірақ бәзбіреулер қара топырақсыз көкөніс өсіріп жатқан ит-шошқа заманда скелетті мәйітханадан ала салған да тез заманның жылдамдық талабына сай сияқты.
Әрі қарай

ONYX - Classic Terror (2011)



Рэппен таныс болғалы бері осы ONYX тобының өлеңдерін тыңдаушы едім. Бұрын осылардың логосы салынған футболка кию Алматылық репірлердің арасында мода болатын. Бұның бәрі сендерге қызық болмас, әрине. Сонда да мына клипті осы жерге шығарып қоймасыма болмай тұр. Өйткені клипте Қазақстанда, дәлірек айтса, Алматыда түсірілген кадрлар бар екен :))

Әрі қарай

Тұңғыш рет, бірінші болып...

Тағы да “Блогкэмпті” сөз қылады деп ойлап қалмаңыздар. )) Өркеннің тақырыбын ұрлап алдым. Басыма осы тақырып қайта-қайта келіп тұр. Тұңғыш рет деп Азия клипін қазақша субтитрмен, бірінші болып бізге Жанна (Алтыградус) ұсынып отыр. Орыс сайттарында орысшаға аударылған клиптер жетерлік. Ал қазақшаға аударған әлі ешкімді көрмеппін. Біз де елден қалысамыз ба? ))
Әрі қарай

1/8 финал жалғасы



Бүгін Чемпиондар лигасы 1/8 ойындары жалғасады. Бүгін екі керемет матч!

Манчестер Юн — Марсель
Бавария — Интер М


Ертең:

Челси — ФК Копенгаген
Реал Мадрид — Лион


Фавориттер белгілі болғанымен мұндай ойындардан сюрприз күтуге болады. Әсіресе бүгінгі Бавария мен Интердің ойынын жіберіп алмаңыз.
Әрі қарай

«Немо» және оның командасы.


Испанияның «Marca» газеті соңғы нөмірінде «Немо және оның командасы» жайлы қызықты ақпарат жариялады. Корольдік клуб ойыншыларының лақап атын карикатурамен жариялаған бұл мақала бүкіл дүние жүзі баспасөзінің назарын өздеріне аударды.
Команда жұлдызы Месут Өзілдің лақап аты – «Немо». Оған бұл лақап «Дисней» және «Пиксар» студияларының өніміндегі Немо атты балықпен сырт пошымындағы ұқсастығы үшін таңылыпты. Икер Касильясты «Капи» (капитан) атандырса, Рикарду Карвальоны «Ақсақал» десетін көрінеді. Бұл аттың оған қойылу себебі белгілі, ол командасында жасының үлкендігімен қоса байсалдылығымен ерекшеленеді. Рауль Альбиольға командаласы португалдық Пепе Рейна «Пышақ» дейтін атты лайық көріпті. Әрине, бұл оның колбаса кескіш, нан кескіштігі үшін емес, жіңішке де ұзын дене тұрқына байланысты қойылса керек. Ал Пепенің өзін жай ғана «Пепиньо» деседі.
Әрі қарай

Автандил Сәкібаев. «Әбілқайыр хан»

«Неге дұрыс емес дейін деп жатырсың, Дос? Ғү» ©СаянҮш

Кабина жарқ-жұрқ етіп, ішіндегі плазма қабырғаларына бір шапшып, бір қайтып, ақыры тына қалды. Сосын есігі ашылды да, қою түтін будақтап атқылап, ақыры түтін — Әбілқайыр ханның кейпіне еніп, жан-жағына қарады. Естілер-естілмес «әбілдер...» деп кейігендей болды. Бұл кезде кабинаны айнала отырған ғалымдар батылдығын жиып үлгірген болатын. Ақыры ең сақалауы жөткірініп алып, сөзін бастап кетті:
Әрі қарай