Қарапайым Биогаз қондырғысын жасап ал...

Жеке шарушылықта биогаз өндірудің ең қарапйым әдісі
Еліміздің барлық жерінде табиғи газбен жылытуға мүмкіндік жоқ екені белгілі. Ал енді ауылдағы үйді отынмен немесе көмірмен жылытудың өзінше толып жатқан қыйындықтары бар екені бәрімізге мәлім. Электрмен жылыту қымбат. Мұндай жағдайда биогаз қондырғысын өздігімзше жасап алуға әрекет жасайық.
Биогаз — биомассаның ашып-қыжыған кездегі процессте бөлінетін метандық газ. Биомассаның шіруіне үш түрлі бактериалар әсер етеді. Тамақтану тізбегіндегі кейінгі бактериялар алдыңғы бактериалармен қоректеніп отырады.Бактерияның бірінші түрі – гидролиздік, екіншісі – қышқыл түзетін бактериалар, үшіншісі – метан түзетін болып есептеледі. Биогаз өндірісіне метаногендік бактериалар ғана емес аталмыш үш түріде қатысады.
Үй шарушылығында биогаз өндіру үшін биогаздық реактор керек болады. Бұл дегеніміз еш саңлаусыз сырты жылылықты сақтау үшін жақсылап қапталған ыдыс болуы керек. Сондай ақ реакторды жер астына көміп тастасада болады. Реактордың отыны ретінде тұрмыс қалдықтары мен малдың қиы, шөп шалам, қашек жарай береді.
Липецк облысының тұрғыны Юрий Давыдов дәл осы әдісті қолданып ұтымды биогаз қондырғысын өзі жасап алыпты.
Энергетикалық мәселені Давыдов былай шешкен екен. Үлкен шұңқыр қазып, оған өзі құйып даярлаған! бетон доңғалақтар орнатақан. Ал оны салмағы бір тонна болатындай темір күмбезбен жапқан. Агрегаттан сыртқа трубалар шығарған. Сонан соң өзінің шаруашылығындағы және көрші қолаңдарының ауласынан малдың бүткіл қиларын ерінбей жинап сол агрегатқа салған. Көршілері болса оны қияли деп мазаққа алса керек.
Бір дегеннен бес тонна қалдықтар тазаланған! Көп күттірмей ақ темір күмбез газға тола бастады. Жаз айларындағы ауа райының ыстықтығына байланысты процесс тез жүрсе қыста баяулау жүретіні түсінкті. Арасында артық газды шығарып тұрмаса(стравливать) қопарылыс та болуы мүмкін!
Давыдовтар алғашында бұл газбен моншаларын жағып, торайлардың тамағын сол газда пісіріп кейінірек үйлеріне де кіргізіп алды.
1 Сурет Қарапайым биогаз қондырғысының сызбасы


қондырғылар.
1 — реактор, 2 – қалдық салатын бункер, 3 – реактордың люгі, 4 –Судан жасалған тығын, 5 –сыртқа шығару трубасы, 6 — биогазды игеру тетігі
Газды қалай аламыз?

1,5 тонна іріқара қыйын және 3,5 шірінді жапырақтар, қашек, шөп т.б. араластырамыз.
60 — 70 пайыздық ылғал бере алытындай су қосамыз.
Шұңқырға салынған осы қоспаны 35 градусқа шейін қызыдру әдісін ойластырсақ болды, әрі қарай ауасыз ақ өзі 70 градусқа шейінгі межеде қыза бастайды.
Қидан газ алу уақыты – екі апта.

Темір күмбезіміз газ қысымымен ұшып кетпес үшін тростардың көмегімен жақс ылап бекітілуі керек.
Бұл қондырғы бір күнде 40 кубометров шамасында «көгілдір отын» бере алады. Бес тонналық ішіндегі қалдықтар алты айға жетеді.

Тағы бір маңызды жәйт — бұл агрегатта газы бөлініп алынған қалдықтар жоғары сапалы тыңайтқыш ретінде ауылшаруашылығында қолдана береді.

Күрделірек түрін мына жерден табасыз
Опубликовано:
Юрий Давыдов, Липецкая обл.
bk
Бөлісу:

16 пікір

inust
Өте пайдалы мақала. Осыны ауылдағы техника құмарлары оқыса…
inust
Бұл мақала маған қатты ұнады, бірнеше рет қарап шықтым. Енді өз сайтымда сілтеме қоям осы мақалаға. Бос сөз қуа бергенше осындай мақалаларды тауып, қазақшаға аударып жаза беріңіздер блогшылар.
inust
Бұл мақала маған қатты ұнады, бірнеше рет қарап шықтым. Енді өз сайтымда сілтеме қоям осы мақалаға. Бос сөз қуа бергенше осындай мақалаларды тауып, қазақшаға аударып жаза беріңіздер блогшылар.

Физика пәнінің мұғалімдері үшін таптырмайтын мақала. Жанғозыға айтайын.
satibaldi
Бұл қондырғы бір күнде 40 кубометров шамасында «көгілдір отын» бере алады.

Уа христиандар, мынау не деп тұр???

Ең үлкен газ баллон — 50 литр. Бір текше метр = 1 000 литр!!! Сонда мынау қондырғысымақтан күніне 20 баллон(!!!) газ шығатын болғаны ма? Лібә, өздерің елестетіңдерш: күнде 20 баллон газ тегін нақ!!! Бұл рас болса, Қашағанға дәу бұтақтан қақпақ жасап жауып, тезек теруге кетпейсіңдер ме?
Сонда Батыс елдері ақымақ па? Орыстардың табиғи газы үшін көтіне кіргенше, Қылизаманша өкіртпей ме баяғыдан?
Мынау бос мақала, ешқандай негіздемесі жоқ, әншейін лақпа ұсыныс!!!
KILYZAMAN
… Бұл аударма екенін ескер. Ал енді саған ұқсап санамды әжуамен әжімдегім келмеді. Арифмометрімді қосып әлек болмадым. Себебі — ондай қондырғының жеке шарушылықта пайдасы орасан екенін білемін. Оны сезіну үшін шаруашылыққа бір қадам болса да жақын болуың керек. Негізі саған біраз көң ойғызып, қиды иіскетуде артық болмас еді.Асфальттың әсері ғой санаңның тым бетондалып кеткені.
satibaldi
Шаруақор көрініп, қыздарды сындырғың келіп отыр ма? Қарағым, мал, көң, қи, тезек, бау, бақша, балық, тауық, лама бізден қалған кәсіп.
Аударма екенін ескермеймін, себебі, аудармашы аударатын дүниесін интеллектуалдық сүзгіден өткізіп, қисынға келтіруі керек. Қолға түскенді мен де аудара алам нақ.
KILYZAMAN
Сүзгің бетондалып қалғаннан кейін шығар, әжім басқан әжуамен жүргенің.
edige
Сөзіңде жан ба негізі.
Ох шешесссс… комунизм болады десейш жасап алсаң. тагы 10 үйге жететіндей таратсаң "ҚазПРОМ" болам ба? рахат қой
KILYZAMAN
1 м3 биогаз(метан) = 0,6 м3 табиғи газ, 0,7 литр мазут, 0,4 л бензин, 3,5 кг ағаш отын, 1,5 кг тас көмір, 0,6 кг керосина, 2 кВт/ч электроэнергия болады екен
omarbek62
Бұл туралы естіп, оқығаныма менімше бір 15 жылдай өтіп еді, бұл қашан іске асады екен. Қағаз жүзінде бәрі жақсы секілді. істеп тұрған қондырғыны көрсе ғой, сонын адресі болса ғой.
omarbek62
Ғаламтордан тауып, көпшілікке ұсынып отырған азаматқа мың да бір рахмет. Ауылдан шыққан бір қазақтың баласын іске асыратын шығар, ауылда әлі де тегін табылатын шикізаттар ғой.
KILYZAMAN
Жиенімді үгіттеп келдім(ауылда шаруашылығы бар), жасап алуға. Өзіде осыны әскерде жүрген кезінде немістерден көрген екен. Келіп осы жайлы сөз қылғанында ауылына күлкі болып, аяғы жаға жыртысумен бітсе керек айтысында. Енді дәлелдеуге тырысар деген ой бар :-)
satibaldi
Келіп осы жайлы сөз қылғанында ауылына күлкі болып, аяғы жаға жыртысумен бітсе керек айтысында.
Қорқынышты ауыл…
KILYZAMAN
… Кегежесінен керікеткен, керітартпалары көп болғаны ғой…