ONYX - Classic Terror (2011)



Рэппен таныс болғалы бері осы ONYX тобының өлеңдерін тыңдаушы едім. Бұрын осылардың логосы салынған футболка кию Алматылық репірлердің арасында мода болатын. Бұның бәрі сендерге қызық болмас, әрине. Сонда да мына клипті осы жерге шығарып қоймасыма болмай тұр. Өйткені клипте Қазақстанда, дәлірек айтса, Алматыда түсірілген кадрлар бар екен :))

Атап айтқанда:
— Колонкаларды жерге лақтырып, қиратқан жерлері;
— Алматылық Тимон деген репірмен журналистерге интервью беріп жатқан жерлері;
— Көшедегі машиналардың нөмірі — А
— Қазақстан баспасөз клубының логосы :)

Сонымен, ONYX — Classic Terror


Осы жылы 12 ақпан күні бұл топ Алматы қаласына келіп, «Склад» клубында тура да, ауыспалы да мағынасында концерт қойып кеткен болатын. Қандай концерт болғанын клиптен көре жатарсыңдар :)

Өкінішке орай, үйге қонақтар келуіне байланысты, мен ол концертке барған жоқпын. Әйтпесе баруға болатын еді.

П.С. Оқығыларың келсе, мына жерде (ресурс осы сайттың тұрғындарына ұнамауы мүмкін) сонда болғандардың концерттен алған әсерлерімен бөліскендері бар. Тілі — орысша.

Топ туралы:
П.С.
Кезінде бұл топ мынадай өлеңдермен танымал болған:
ONYX тобының ең танымал интросы: Bacdafucup


ONYX — Slam (1993)


ONYX — All We Got Iz Us (Evil Streets) (1995)


ONYX — Shut 'Em Down (ft. DMX) (1998)

ONYX — хип-хоп тарихында аты аңызға айналған топтардың бірі. Рэппен 1988 жылдан бері айналысады. Кезінде Sticky Fingaz, Fredro Starr, Sonnee Seeza және Big DS деген мүшелері болатын. 1993 жылы Bacdafucup деп аталатын бірінші альбомын шығарып, 1995 жылы екінші альбомын (All We Got Iz Us) жазу кезінде Big DS топтан шығып кеткен екен. Себеп — Big DS-ке басқа топ мүшелері микрофонды көп бере бермейді екен. Басқа бір жерден естігенім бойынша, Big DS әскерге барып келген соң топқа қайтып оралмапты. Кейіннен қайтыс боп кеткен екен. Содан бері топ үш рэпперден тұрады.

Дискографиясы:
Bacdafucup (1993)
All We Got Iz Us (1995)
Shut 'Em Down (1998)
Bacdafucup Part II (2002)
Triggernometry (2003)
Cold Case Files: Murda Investigation (2008)

Айта кететін тағы бір жайт — 1998 жылғы Shut 'Em Down альбомына қонақ рэппер ретінде атақтылардан DMX, Lost Boyz, Raekwon, Method Man, Big Pun, Noreaga, ал атақсыздардан 50 Cent (ол кезде оны ешкім танымайтын :)) қатысқан.

Соңғы кездері бұл жігіттер ара-тұра киноларға да түсіп тұрады.

Сөз соңында: Бұл топтың өлеңдері осында ешкімге ұнамаса, таң қалмаймын. Өйткені бұл топтың шығармаларын кез келген адам тыңдай бермейді. Рэп айту стильдері өте ауыр. Қырылдаған дауыстары тағы бар. Жай, керек инфо боп қала ма деп қосқаным ғой ;)

Копирайт:
Тәәәк, суреттерді мына жерден, энциклопедиялық мәліметтерді мына жерден алдым, қалғандарын өзім қосып жаздым.
Бөлісу:

16 пікір

asaubota
негрлердің рэптерін аса ұната бермеймін. біздікі сол Ceza ғой :) Ceza келіп көріп пе екен Қазақстанға?
omarbirat
жоқ, әлі келген емес. Түркия, Германия мен Европаның тағы бірнеше елінен басқа жерге шығып көрмеген-ау деймін. Постсәбет елдерінде болғанын естімеппін. Бурабайға шақырайық та :)))
bagaline
Sagopaны тыңдағанда Cezaның дәурені өтті мә деп қалам кейде…
asaubota
Сагопадан жақсы бір трек лақтыршы, Джезадан басқасын тыңдай алмай қалдым түрікшелерден.
konvict
Ceza не б темү ғой
omarbirat
«Сагопаны рэппер қылған айналасындағылар, ал Жеза туа біткен рэппер» деген бір пікір ұнап қалды бүгін. :))
Былай текст жағынан да, техника жағынан да Жезаның шығармашылығы ұнайды. Сагопа да жаман емес, бірақ техникасы онша емес :)
patick
Алматының фрагменттерін клиптеріне қосқаны қуантады :)
omarbirat
Сірә, бұл хоумилер тиын жағынан қиналып жүрген болса керек. Қазір бұлардың гангста-маңкста деген темалары онша өте қоймайды. Естуімше, бұларды Алматыға шақыру қатты қымбатқа соқпаған. Бір рет Ресейдің ешкім танымайтын бір тобымен совместка жазған деседі. Масқалада Тимати қаншама ақшасын шашып, Снуп Догг, Баста Раймстармен бірлесіп өлең жазып жүр :)))

П.С.: Ақша үшін болмаса да, жай ғана қызық үшін ел аралап та жүрген шығар :))
patick
түрлері де бомжға ұқсастау екен, геттоссс
Zere
Ең басындағы суретті көріп менің мектеп кезім есіме түсіп кетті. Сол кездері осындай жазу мода болып еді. Мен тіптен түсінбейтінмін да не екенін, жазып жүрген адамдар да түсінгеніне шүбәм бар ))
konvict
Маған ұнады! Жақсы екен рэптері.
Gastarbaiter
Негрлердің (толераттардан кешірім сұраған смайлик) бір өлеңінде
«Эй мазафакалар! Менде ақша бар, маған қыздар беред, мәшине бар джакузи, шешеңнің аңы саған не керек наху, мен д*артаньян, сен педераст, тарс-тарс пүстәлөтім тағы бар, шөп шегесің бе сукамал!»
деп алып, келесі өлеңінде

«Эй бұтақбастар, сен пиздес офисте көт жылытып отырсың, ал мен геттода өстім білә, өмір деген осындай, шындық айтсаң өлтіред, шешем інім екеумізді асырау үшін үш жұмыста істейді, інімді менттер ұрлық үшін түрмеге қамап тастады сукамал, қалмады біләт амал, наша сатуды кәсіп қылдым, қарсы шыққандарды мәйіт қылдым, мыңмен жалғыз алыстым, ей педараздар, кінә қоймаңдар!»
деп фәлсафа соғуын түсіне алмай қойдым.
omarbirat
«Маған осыншама оқ тиген, сонда да өлмей қойдым» дейтіні тағы бар ғой :))
Gastarbaiter
Шансонда да бар ғой сондай, бір өлеңінде «Трудно волю ждать, трудно убежать» деп алып, келесісінде «Кайфуем, сегодня мы стобой кайфуем» дейтін жерлері
konvict
Хазірет саған плүс. (Маған қоймай ақ қой)
konvict
«Мен туралы не естігеніңді білмеймін,
Ешқандай жезөкшеге ақша бермеймін.
Кадилак, әдемілік жоқ, көрмейсің бе?
Мен шешес жеңгетаймын»