Мені танисыз ба?

Кеше Нұрберген Мақымның анасының дүниеден өткеніне жеті күн болды. Жұмыс қайнап жатыр, шығарған кезде бара алмаған болатынмын. Кеше бір күн демалыста жолдасым екеуміз барып көңіл айтып шықтық. Анасы ел адамы ғой, кісі көп болды, көбі таныс және. Шығып келе жатырмын, не екенін білмеймін, бір нәрсені ойша айналдырып келемін. Шығаберісте бір жұқалтаң келген, кішкентай қараторы жігіт амандасты да -Мені танисыз ба?
Әрі қарай

Құны $1 тұратын домен немесе тасбақаның шөбі


Уордпрестің құрсаулануына байланысты блоггер-келіншегім «өз алдына отау» етіп шығаруды өтінген. Жұрттың ісі дегенде жанып түсетін мен айналамдағылардың шаруасы дегенде саябырсып қалатын жаман әдетім бар. Содан әне-міне деп жүргенде Жалғас інім хабарласып, бір блогтұғыр жөнінде сұрады. Оның алдында жарты жылдай бұрын да менің timurrr.co.cc блогым туралы, домен-хостинг туралы ара-тұра сұрап жүрген. Еріншектікке келгенде алдыма жан салмайтын мен ертең айтам, арғы күні айтаммен бірнеше айларды да сырғытып жіберіппін 
Әрі қарай

Біттік, ептібаймайыттар :(

@asaubota, @satibaldi, @erbol, @qojeke, @tagy baskalar, біттік! Нақты біттік. Ізгілік тігеді енді. Е, жаман ойлама. Кибер-кебінімізді тігеді деймін. Оқыңдар ары қарай, өлмей тұрғанда.
Әрі қарай

Алматыда автобуста жүру құны өсуі мүмкін

Бензин бағасының көтерілуі салдарынан Алматыдағы автобустарда жүру ақысы 100 теңге болуы мүмкін. Бұл жағымсыз жаңалықты 31 арна айтты.

«Есептеп көрдік. Жоқ дегенде 100 теңге болуы керек. Қазір «солярка» 88-90 теңге болып тұрғанда, жол ақысы 100
Әрі қарай

Жапония күнделігінен: Шимабарадағы кешкі ас

Кешке жақын Шимабарадағы қонақ үйге де келдік. Өзін Омар айтпақшы, сол «Заря Востокадағыдай» көшелермен жүріп отырып, бірнеше үлкен-үлкен офистар қасынан тауып алдық.
Біз келгенде ымырт болатын, жол көрсетуші жүктерімізді бөлмеге орналастыруға
Әрі қарай

Қайыңды көлі.

Теңіз деңгейінен 2000 метр биіктіктегі қылқын жапырақты орманның арасынан орын тепкен бұл әсем көлдің әсемдәгі көздің жауын алады. Ұзындығы 400 метрдей болса, тереңдігі 30 метрге жуық. Шатқалдардан қарағанда Қайыңды мен Сатының керемет табиғатын
Әрі қарай

АҚЫРЗАМАН БОЛСА…



Бұ қазаққа бәрі той. Енді ақырзаманды «көппен көрген ұлы той» деп қояды. Бессовестный! Немесе «ақырзаман болса не істер едіңіз» деп сұрайды. Сұрағы дұрыс шығар, енді… кішкене ойландыру үшін қойылған деп қабылдасақ. Ал жазылған пікірлердің
Әрі қарай