Құны $1 тұратын домен немесе тасбақаның шөбі


Уордпрестің құрсаулануына байланысты блоггер-келіншегім «өз алдына отау» етіп шығаруды өтінген. Жұрттың ісі дегенде жанып түсетін мен айналамдағылардың шаруасы дегенде саябырсып қалатын жаман әдетім бар. Содан әне-міне деп жүргенде Жалғас інім хабарласып, бір блогтұғыр жөнінде сұрады. Оның алдында жарты жылдай бұрын да менің timurrr.co.cc блогым туралы, домен-хостинг туралы ара-тұра сұрап жүрген. Еріншектікке келгенде алдыма жан салмайтын мен ертең айтам, арғы күні айтаммен бірнеше айларды да сырғытып жіберіппін 

Сонымен не керек, келіншегім өтінішін сансыз мәрте қайталаған соң (айта бермесе қозғалмауым да мүмкін еді) «Жарайды» деп іске кіріскем. Әрине шаруа домен алудан басталатыны бесенеден белгілі. Дәл сол мезете «Жалғастың да сұрап жібергені осы еді ғой? Екі қоянды бір оқпен атып, келіншегіме қалай домен-хостинг алғанымды бейнежазбаға түсіріп ала қояйын» деген ой келді кешкісін. Ал кеп іске кіріс. Сөйтіп түнгі 01 не 02 шамасы, барлық шаруаны бітіріп, енді жазып алған видеоларыма қарасам, масқара, барлық мәліметтер, яғни логин-пароль, Client ID, ұялы телефон, электронды пошта, тағысын-тағы ақпараттың барлығы шұбырып жүр. Ақыры таңғы 04-ке дейін отырған еңбегім жартылай құрдымға кетіп, ұйқыға жөнелдім.

Ертесіне кешегі бітпей қалған істі жалғастыру керек болды. «Шешінген судан тайынбас». Алайда, келіншегіме домен де, хостер де алып қойғам. Жасалып кеткен процесті қайталау сірә мүмкін емес. Амал жоқ, бейне-сабақты өзге мысалмен көрсету керек болды. Қолымды бір сілтейін десем, блогтұғырлары жабылып қалып, іштері удай ашып жүрген уордпресшілер жамағаты көз алдыма елестей береді, елестей береді… Ойластырып барып, дәл сол Жалғастың өзін мысалға алмаққа бекіндім. «Ұрыста тұрыс жоқ!». Сөйтіп, кеше күнімен-түнімен отырып, таңғы 04-ке дейінгі ұйқыны тағы да қиып, осы бір бейне-сабақтарды жазып шықтым. Ескерте кетейін, бұл менің бірінші тәжірибем. Сондықтан келеңсіздіктер мен сабақтың сапасыздығы үшін кешірім өтінемін. «Көш жүре келе түзелер».

Аршат айтпақшы «Бронепойызда» келе жатқандарға:
Бұл сабақ не туралы? Сіздің уеб-сайтыңызды һәм жеке блогыңызды интернетке шығару үшін домен яғни интернеттегі бетшеңіздің «үш даблюдан тұратын» (© Хабар арнасы )аты-жөні керек болады. Дәл соны «домен» деп атайды. Ал сайтыңыздағы ақпараттар һәм сайтыңыздың өзі сақталатын орынды «хост» дейді. Қысқаша осы, қалғанын өмірдің өзі үйретеді.
Назарларыңызға рахмет!

ПыСы: Фонда тұрған музыка ұнамаса кешірім сұраймын.
ПыПыСы: Тасбақаның шөбі Жалғастың тілінің астында.
ПыПыПыСы: Хостерді қалай тіркеу жөніндегі бейне-сабақты келесі жазбадан табасыздар

Қосымша: Барша жамағатқа өтірікші болғандай болдым. Мақала тақырыбын "Құны $1 тұратын домен" деп алғандықтан кейбір адамдар маған хабарласып «мынауың одан артығырақ сұрап тұр ғой?» деп жатыр. Ол негізі сіз таңдаған домен атына байланысты. Мысалы мен тіркеген кезде Жалғас Ертайдың домені түкке тұрмайды екен Бар болғаны $1.07 сұрады. Бәлкім соның бағасы сол болар Негізі ол сізге қажетті доменнің ағылшын тілінде мағынасы бар, жоқтығына да байланысты. zhalgasyertay.info деген домен олар үшін «пәшти што» тегін бере салды.

Тағы бір мәселе, доменді алсаңыз толықта бір жылға аласыз. Ай, апта емес. Бүгін алсаңыз, келесі жылы осы уақытта тағы төлеуіңіз керек. Әрине, онда да қажет деп тапсаңыз. Бірақ ол кезде ол бір доллар бомлауы мүмкін. Бірақ «он доллардан қымбаттай қоймас» деген ойдамын. Ай сайын шұлығыңыздан жасалған сейфіңізге 100 теңгеден сақтап отырсаңыз, келесі жылы доменіңіздің уақытын тағы бір жылға созатын қаржы жиналады.

Домен аларда жалақы алатын кәдімгі «банкоматыңызды» жазасыз. 20 емес карточка сыртындағы 16 санды. «Expire date» деп тұрғаны карточкаңыздың біту мерзімі.

Тағы айтайын дегенім, уордпресстегі бүткіл пост-мост, кәммент-мәмменттеріңізді солайымен импорттап, осы сатып алған доменіңізге орната аласыз. Блогқұрылтай қатысушыларының есіне @asaubota Админ Аршаттың «5 минутта wordpress» атты мастер-класын түсірулерін өтінемін. (Бірақ ол 5минут болған жоқ)))))

ZIP Code — деген жерге 6 цифрдан тұратын қалаңыздың, елді мекеніңіздің кәдімгі пошталық индексін жазасыздар.

Консултация қажет болса жекеге шықсаңыздар болады.
Бөлісу:

17 пікір

imanigul
Рахмет, жаным! Аллаһ разы болсын! Блогшыларға менің де бір септігім тиіп қалды-ау деп ойлаймын. Өзің мойындағандай, мен саған "қақылдай" бермегенде, бұл жоқ па ед… Бірақ маған жеке отау тігіп берем деп, 3-4-ке дейін отырғаныңнан, ертерек ұйықтағаның жақсы ма деп қалдым…
just19
Рахмет! Келесі видеоны күтеміз!

Компьютер маманысың ғой деп кей адамдар өмірі ойланбаған ұсыныспен келіп жатады. Базар жоқ! — деп тастайсың да, гуглға тарс-тұрс еткізіп енгізіп, жасап бересің…
Пришел, увидел, победил!

Осындай каточкамен ақша аударатын сайттардың рас екендігіне қалай көз жеткізуге болады екен? Номер, поролді енгізген соң, ішіндегі ақшаның бәрін сыпырып алса біздің менттердің сырын білеміз ғой, алп бере алмайды дүрдараздар. Баяғыда 1500 единицамды алып бере алмаған.
timurrr
Оқасы жоқ. Бұл ірі бизнес жасап отырған компаниялар. Сондықтан сенің 5-10 теңгеңе мұқтаж емес. Ол үшін өздерінің абыройларын түсірмейді. Ал жалпы кез-келген сайтқа карточкаңды жаза беру әрине дұрыс емес КазКомның 3д секюр деген жақсы қызметі бар. Керек десең тіпті виртулды карточкасы да бар. Басқаларын білмедім…
Qojeke
Ізгіліктің ұзын сонар шымайынан кейін мына тексті оқуға көзімнің майы жетпей отыр.
timurrr

Сонша текстті оқығанда үш абзацқа жағдайың жетпей қалды ма?
Qojeke
Көзімнің майы текстің ұзақтығынан емес, мұң-зарына мән беріп, жылап-сықтап алғанымнан ағып кетті ғой, Тимур
asaubota
wordpress.com-дағы блогқа жеке домен қоссаң ашыла ма? Мұрат Әбеновтікі ашылмай тұр ғой.
timurrr
Мен де таң қалып жүрмін. Ашылмай жүр, аха. Шамасы ҚТ уордпрестің доменіне емес хостеріне доступты жапқан сияқты?
urimtal
Туһ, құрдас, қатты еңбектеніпсің ғой  Сауаптан жазсын!!! Күшті шығыпты.
timurrr
Рахмет! Бірақ қайдағы еңбек… 4 минуттық видеоны екі күн таңғы 4-ке дейін жасадым дегеніме @blackbeard пен @yerbol89 інілерім 4 күн күлетін шығар
konvict
Қалай жаңағы жерге баруға болады?
timurrr
Қай жерге? Домен алатын жер ме? www.GoDaddy.com
timurrr
Доменіңді алдым. Бағасы $2.17 болды. Енді менің хостер туралы бейне-сабағымды пайдаланып хост аласың да 12-24 сағаттан кейін жұмыс жасай бересің. Іске сәт!
konvict
Бұған блогтағы жазбаны импорт жасауға бола ма?
timurrr
Негізі болады. Бірақ қазір сіздердің админкаларыңа доступ жоқ емес пе? Сондықтан сәл қиындау болуы мүмкін. Бірақ болады импорт жасауға. Тулс — Экспорт — Уордпресс — ОК