Мен өмірді сүйемін!
Мына видеоны көргенде көзіме жас келді. "Құйрығы жоқ, жалы жоқ-
Құлан қайтіп күн көрер?!
Аяғы жоқ,қолы жоқ-
Жылан қайтіп күн көрер!?
Шыбын шықса жаз болып — Таздар қайтіп күн көрер?!
Жалаң аяқ балапан,
Қаздар қайтіп күн көрер!?" деп Асан қайғы бабамыз жырлап кетіпті. Жарайды, құлан да, жылан да күнін көрер. Бірақ, аяқ қолы жоқ адам қалай күн көреді? Жоқ, ондай адам күнін көре алады екен. Оған мысал австралиялық Ник Вуичичтің өмірі. Туылғанда аяқ-қолсыз дүниеге келген жанның әрбір әрекеті адамға үлкен мотивация береді екен. Осы кісінің бір видеосын өміріне ырза емес жандар бір көрсеші. Тесттен өте алмай қалдым деген оқушыларға да көрсетсе болар еді. Мүмкін, Джей Чонды, Стивен Сіглді шақырғанша осындай жандарды бірауық шақырып қойса нұр үстіне нұр болар ма еді…

«Дымға пайдасы жоқ қолың болғанша болмағаны жақсы екен деп ойланады екенсің»
Қызың тастап кетіп жалғыз қалғанда, қолым болғаны қандай жақсы деп айнымасаң болғаны
Құдай бетін әрі қылсын.
сілтеме www.youtube.com/watch?v=MW4O-kcwHjU
Мен мына видеосын көргем.
Бір таныс қыз институтта емтихан, диплом жұмыстарымен басы қатып жүр еді, бір кездескенімізде осыны көрсетіп едім, соңында «Менің қолымнан келмейді» деп енді ешқашан айтпаймын деп еді.
Бітті, сюжет эмоция тудырды, көз жасты бір сығып алдың, ұмыттың, келесі эмоциялық азық іздеп кеттің.
Мотивация жайлы дұрыс айттың, бірақ, мұндай өмірде болған жағдайдың бәріне мотивация деп түсінгеніміз дұрыс емес.
Бір адамдар, жағдайын айтып, ақыл кеңес сұрайды. Кітап оқы, сол жерде көп нәрсе жазылған десең — құлағы салбырап, кітапты қолға алсам ұйқым келеді дейді. Сен айтқандай ютубты қара десең — интернетті қолдана алмайды. Содан анау мынау ақыл кеңес, риуаят, әпсанадан жібересің, қосымша бір екі фильмдерді рекомендейсің, сонымен кетеді. Кейін қарасаң — бәрі далбаса, айтқан мотив пен ақыл кеңесің далаға ұшқан. Керісінше сол мотивтерді әңгіме жарыстарда айтып отырады, ондай да мұндай, солай болған, пәленше үйткен бүйткен деп елді аузына қаратып, Ұлы адамдармен бірге шай ішіп замандас адамдай отырады. Ал іс жүзінде өміріне және мәселелеріне ешқандай әдіс тәсіл, ақыл істетіп жатқан жоқ. Обшым сондай эмоция іздейтіндерге ашуым келеді.