Мені танисыз ба?

Кеше Нұрберген Мақымның анасының дүниеден өткеніне жеті күн болды. Жұмыс қайнап жатыр, шығарған кезде бара алмаған болатынмын. Кеше бір күн демалыста жолдасым екеуміз барып көңіл айтып шықтық. Анасы ел адамы ғой, кісі көп болды, көбі таныс және. Шығып келе жатырмын, не екенін білмеймін, бір нәрсені ойша айналдырып келемін. Шығаберісте бір жұқалтаң келген, кішкентай қараторы жігіт амандасты да -Мені танисыз ба? Тимурмын ғой,-деді. Өзіңіз ойға шомып келе жатырғанда, былайша айтқанда автопилотпен келе жатырғанда осылай дік еткізсе не дейсіз? -Әрине танимын, — дедім, содан Тимақаң кетті, бізбен бірге келгісі келгенін айтты, хат жазғанын айтты тағы бір нәрселер есімде жоқ. Ал мен машинально тыңдап тұрмын, неге дейсіз бе? Себебі „Тимур, аласа бойлы, жұқалтаң, қара торы жігіт„ деген параметрлер бойынша базадан іздеп жатырмын, 60 пайыздық сәйкестікпен келетін бір ғана Тимур табылды, соқпаған параметрлерін көптен көрмегендікке салып, сол болар деп топшыладым. Енді телефоным қолымда, СМС жоқ, үйге келіп пошталарымды (көптен қарамағандарды да) қарадым. Ол емес болып шықты, сөйтіп отырып, керекке кірсем, оқылмаған ХАТ. Сөйтсем @timurrr екен.
Тимурмен де таныстым осылай.
Бөлісу:

17 пікір

timurrr
"қараторы"  Демек күнге жақсылап тұрып күйген екенмін. Маған мұндай сипаттама бірінші рет берілген болар өмірімде…
Бәсееееее, Сигмеке, "Қайдан ғана танып қойды екен, ә?" деп қоям… Бірақ негізі көзіңізден, түріңізден көрініп тұрды, бұл әлемде жүрмегеніңіз. Убунтудың серверлерінің ар жақ, бер жағында жүрген боларсыз
Қолыңыздан алғаныма қуаныштымын
Пікір түзетілген: 27 маусым 2011, 18:27
alisha
соны айтам, аққұба жігіт ең ғой
sigma
солай корінді маған ана жер қараңғылау болғасын шығар, или автопилот
timurrr
Өзімді «аққұба келген, әжептәуір әдемімін» деп жүрсем
sigma
Сканер сбой беріп жүрген ғой онда
VKM
Нұрбергеннің анасы иманды болсын!
alisha
Бәріміздің де тілегіміз сол! Анасы мықты журналист болатын… Соңғы көргенімде /қазасынан 2-ақ күн бұрын/ «Маған қарап суретке түсші» деп, көз алдымда жылы жымиып тұрып еді… Естігенде сең соққан балықтай боп қалдық…
Пікір түзетілген: 27 маусым 2011, 18:51
omarbirat
Кеше Нұрберген Мақымның анасының дүниеден өткеніне жеті күн болды.
Иманы жолдас болсын. Эх
konvict
Нұрбергеннің анасының топырағы торқа, алды пейіш, арты кеніш болсын.
AKY
Кеше Нұрберген Мақымның анасының дүниеден өткеніне жеті күн болды.
Арты қайырлы болсын…
Пікір түзетілген: 27 маусым 2011, 20:23
Abilakim
Жаннаттың төрінен орын алсын!
Aizhantabyn
Иманды болсын!!!

Қаза жайлы есту қашанда қиын ((
KILYZAMAN
Топырағы торқа болсын…
edige
Иманы серік болсын… Қайғыңа ортақпын...
Gulistan
Жатқан жері жайлы, балаларына шапағатшы болсын деймін. «Ажал айтпай келеді» деп бекер айтпаған.
Gastarbaiter
Мен осы естіп отырғаным. Нұрбергеннің жағдайын елестете алар емеспін. Орны толмайтын қайғысына ортақпын. Арты қайырлы болсын.
Бір жиналып барып қайту керек 40-100 күндік асына.
Осындайда бармасақ, несіне қоғам боп отырмыз.
madlen
мен де енді білдім
смс жаздым, қандай қайғылы