Естідің бе?

Біреумен сөйлесіп тұрғанда (көзбе-көз, телефонмен, смс, агент, скайп, т.т.) осы бір сұрақ қойылса қай-қайсымыз да елең ете қаларымыз сөзсіз.

Қазір осы бір сұрақты естігенде қандай ассоцияциялар туындайды бастарыңызда?

Осы бір сұрақты естігенде бұрын "қандай жаңалық болды екен" деп ойлайтын едім, бүгін «тағы қай жерде жарылыс болды екен?» деген ой мәре сызығын бірінші болып кесті. Демек сценарий авторлары өздерінің діттеген мақсаттарына жетіп келе жатқандай ма, қалай өзі… геосаясатынссс…
Әрі қарай

Samsung Galaxy SII видео өңдеуі

  • kazjur


Астанадағы «Мінбер» тренингіндегі бір сәт қой.

Samsung Galaxy SII телефоны қолыма тигеніне біраз болса да ішінде видео өңдейтін бағдарламасы барын таяуда білдім.
Әрі қарай

Храмов қазандығы

Көргендерді таңғалдыратын бұл жаңалықты ойлап тапқан Павлодар облысындағы Рождественка ауылының тұрғыны Николай Храмов деген азамат. Ол бала кезінен көңілінде сақтап жүрген балама жылу көзін табуға қатысты ой-қиялын есейген шағында шын мәнінде жүзеге асырды.

Мектепте оқып жүрген кезінде оның ата-анасы жергілікті жылу қазандықтарында от жағушы болып еңбек ететін. Николай мен інісі оларға көмектесіп жүріп, кәдімгі әк тастарын қып-қызыл көмір шоғына тастап қоятын.
Әрі қарай

Girdap: Қарауға тұрарлық фильм

Шымкенттегі құрбан айт алдындағы шуды өтірік ақпар деп қоя салуға да болмайтын сияқты, адамда бірнәрсеге деген сенім мықты болса ол бәрін жасайды, жеңіп шығады. Терроризм деп жүргеніміздің өзі осы мықты сенімнен жасалып жатқан дүниелер ғой. Қазір ешнәрсеге таң қалуға болмайтынына сендім, кішкентай Түркістанның өзінде орын алған жан түршігерлік оқиғалардан кейін.
Әрі қарай

білім жайлы азғана сөз қозғасам...

Білсең егер, бауырым,
Білімсіздік – ауыру.
Құран, Сүннет – дәрісі,
Аурудан керек арылу.
Болып жүрсең әбігер,
Ғалым деген дәрігер.
Құран менен Сүннеттен,
Тауып берер дәрілер.

Ибн әл-Қайим өзінің әйгілі өлең шумақтарында ұлы сөздерді айтқан болатын: “Надандық — өлімге апаратын ауру, оның шипасы екі нәрседе: Құран мен Сүннет – бұл дәрі, ал дәрігері – дана ғалым!” (Қараңыз: “Шәрху усули сәләсә” 18).
Әрі қарай

49 күнен кейінгі ойлар

49 күн сериалын тәмамдап тастадым. Қандай да бір сериалды бастағанда кімнің қатысуында деген оймен, инетті сол жайлы ақпар іздеп көремін. маған ұнағаны. менің жақсы көріп көрген, «Бір ана, үш әке» сериалындағы Жо Хун(Jo Hyun Jae) ойнайтындығы басты назарда болды, және Сценаристі «Көрікті прокурор».

Сериалдың басынан аяғына дейін, бір деммен күтіп отырасың, кім жылап, әлгі қызды құтқарып қалады екен деп. Мистикалық жанрдағы алғашқы корей дорам шығар көрген. сюжет қатты ұнады, бірақ айналып келгенде сол баяғы әлжуаз/романтиканы ойлай беретіндер

чепачем: 49 күн деген не нәрсе деп инеттен іздеп көрдім, түк таппадым. Буддалықтарда бар нәрсе деп сериал арасында сендіреді. Яғни басты кейіпкердің храмға барып келген жері де бар…

әңгіме: комға түскен қыз жайлы, сүйіктісі, жан құрбысымен измен жасайды, комда жатып, біреудің тәнімен барлық жайға қанық болады. Экшні: өзіне туыс емес, 3 адамның әлгі комдағы қызды ойлап жылауы, яғни фишкасы сол, содан кейн 49 күн өткен соң, істер ісін істеп, ана жаққа* кете барады.

өзіме ұнағаны: ужастик кино көріп отқандай бойыңа үрей келмейді, қайта ана жақ пен мына жақта жүрген басты кейіпкерге болсып, біртүрлі күй кешесің.

өмірдің мәні: тек махаббат па? сериалдың орта тұсында бассейін де бір келіншекті, жәбірей ана жаққа аттандырып жібереді  сонда өмірді бос сүріпсің, себебі, сенде махаббат жоқ дейді

сурет мына жерден алынд:
alliance-fansub.ru/showthread.php?t=14414
Әрі қарай

Кінәсіз КАЗКОМ

Қарағанды қаласындағы ірі сауда үйінің бірі «City MALL» да КАЗКОМ-ның мынандай бір жарнамасы ілініп тұр.
Сауда үйінің ішіндегі банк бөлімшесінің бастығы Васютина Ирина Михайловна бұған өзінің кінәлі емес екенін айтуда. Ол кісінің сөзіне қарасақ бұның бәрі жарнама компаниясының қателігі. Сенбі күні көрсеткен кемшілікті дұрыстай алмайтындықтарын, бұл жайлы дүйсенбі күні жиналыста айтатынын, содан кейін барып жарнама компаниясымен хабарласып жаңасын даярлап, соны ілмейінше ескі жарнамаларын ала алмайтындығын айтып өтті. Шрифт ауыстыру үстінде кеткен қателік екені белгілі болғанымен логикалық тұрғыға салсақ сөйлемді қойып сөз ішінде қаптаған сұрақ белгілерінің болмайтындығы белгілі емес пе?
ПыСы: Бастықтарымен осы әңгіме жайлы сөйлесіп отырғанымдыбанк қызметкерлерінің бірі (қазақ жігіті) естіп қалды. Содан кейін суретке түсіріп жатқан маған келіп «Аға, бұл жерде қате кетіп қалған ғой. ана 2-нің алдына 1 қойып қойыпты. Негізі бізде 2 миллионға дейінгі несиелер ғана беріледі» деп тұр
Әрі қарай

Экстраординар тұлғалар: Фред Смит

Өз-өзіңе сенбесең, біртуар адам болмайсың (Оноре де Бальзак)

Бұл адам кішкентай кезінен өз-өзіне сенген. Ата-анасының даналығының арқасында өзін дұрыс бағалау және сенімділігі жақсы дамыған. Ол қателесуден қорықпаған.

Фред Смит әдеттен тыс (неординарно) ойлана алған. Оның бизнестегі кейбір қадамдары тіпті ақыл сенгісіз. Интуициясы ояу. Жалғыз болғанды ұнатады. Күніне 4 сағат кітап оқиды.
Әрі қарай