Естідің бе?

Біреумен сөйлесіп тұрғанда (көзбе-көз, телефонмен, смс, агент, скайп, т.т.) осы бір сұрақ қойылса қай-қайсымыз да елең ете қаларымыз сөзсіз.

Қазір осы бір сұрақты естігенде қандай ассоцияциялар туындайды бастарыңызда?

Осы бір сұрақты естігенде бұрын "қандай жаңалық болды екен" деп ойлайтын едім, бүгін «тағы қай жерде жарылыс болды екен?» деген ой мәре сызығын бірінші болып кесті. Демек сценарий авторлары өздерінің діттеген мақсаттарына жетіп келе жатқандай ма, қалай өзі… геосаясатынссс…
Бөлісу:

17 пікір

KILYZAMAN
Жаман ойдың жүйрік екені Рас. :-(
a63a1
маған поқы, планетаны жарып жіберсе де
a63a1
Елмен көрген ұлы той, тәлібтің артын бағайық
asaubota
мүмкін болса барынша осыны пиар жасамаған жөн.
KILYZAMAN
Өте дұрыс: Қорыққанға қос көрінер… Сақтықтың, қорлықтың алдын алатынын түсінсек болды тек :-(
asaubota
мүмкін болса біраз уақыт дін, экстремизм, террор тақырыптарында ештеңе жазбайық.

Алдекен, саған емес жалпы айтып жатырмын.
Aldeken
Жалғастың Тараздағы қырғын туралы жазғанындай болса, болатын болар…
Елдің аузындағы алып-қашпа қауесет емес, белгілі бір ақпарат көздеріне сүйеніп дегендей…
Өткендегі құрбан айттың алдындағыдай дүрліктірудің қажеті жоқ дегенге келісемін…
asaubota
жоқ, жаңа Д.Мубаровқа лағынет жазды бір қыз. соларды жарнамаламай-ақ қойсақ деген ой менікі.
Zilola
«Естідің бе» десе, аяғы ауыр туыстарды босанған екен деп, «сүйінші ма» деймін автоматты түрде )))
Жаман ой келе қоймайды, өйткені тек жақсылық күтемін

Бұрын КВНде прикол бар ед, «Мәди қайда. Естімедің бе, жай алақаныңды» дейтін.
araika
осы сұрақ қойылса, қызықты жайттан хабардар боламын көп жағдайда.
molly_zhan
Мен де жақсы жаңалық еститіндей елең ете қаламын. Жаман нәрсе бірінші болып келмейді ойыма?
salta
мен бугін Ирак Елекеевтің өз аузынан естідім: осы бізге қорғаушы қажет шығар, КНБ мен полицияны қырып жатыр, ендігі өшеред біздікі болмаса жарар дегенін, оны Астанадағы соттардың бірінің судьясына айтты. бұған не дейсіңдер?
19852407
 Депутаттар да қорқады екен-ау. «Неприкосновенные лица» деп бомба жарылмай өте шығатын шығар аулаққа айналып