білім жайлы азғана сөз қозғасам...

Білсең егер, бауырым,
Білімсіздік – ауыру.
Құран, Сүннет – дәрісі,
Аурудан керек арылу.
Болып жүрсең әбігер,
Ғалым деген дәрігер.
Құран менен Сүннеттен,
Тауып берер дәрілер.

Ибн әл-Қайим өзінің әйгілі өлең шумақтарында ұлы сөздерді айтқан болатын: “Надандық — өлімге апаратын ауру, оның шипасы екі нәрседе: Құран мен Сүннет – бұл дәрі, ал дәрігері – дана ғалым!” (Қараңыз: “Шәрху усули сәләсә” 18).
Бөлісу:

17 пікір

satibaldi
Кетші-әй өзің!
mistermarlen
ақымаққа жауап қайыру — надандықтың есігін ашқанмен тең.
satibaldi
Онда шелегіме жауап қайырып отырсың ба, «Жауап жазу» дегенді басып?
mistermarlen
басқалардың назарына
Gastarbaiter
«Уа жарандар, мына бейбақққа қараңдар, ең бастысы менің оны қалай қағытқанымды тамашалаңдар!»- деген сияқты екен)
KILYZAMAN
Болып жүрсең әбігер,
Ғалым деген дәрігер.
— ғалымдар бар ғалымсымақтар да бар(олар көп). Ал ғылымға келсек, оның түрі көп — түбі бір...
meirzhan
Ғылымның түбі — философия
kokbori
Қателесесің, ғылым түбі пәлсапа, философия -материализм
meirzhan
Не айтпақшысың?
kokbori
Бірдеңе айтқым келгенін сездің бе?
meirzhan
Ғылымның түбі — философия
десем

Қателесесің, ғылым түбі пәлсапа
депсің.
kokbori
Екеуі бір ме еді?
kokbori
Екеуі екі бөлек деп жүр едім, философия материализмге, пәлсапа санаға негізделетін-ді, мүмкін ізден қатемді табарсың, сенімді емеспін
meirzhan
Бәлкім сенікі дұрыс шығар. Мен философия мен пәлсапа бір деп ойлаймын. Тек екіншісі қазақи атау. әлде араби
kokbori
екіншісі қазақи атау
Осыдан кейін қазақ тілі туралы айтысу қиындау ма деп қалдым
izbasar
Нағыз ғылым иесі түбі ақиқатқа апарса ғалым болар!