Мейрамбектің жаңа әні


Алдында «Саз әлемі» бағдарламасының алғашқы көрсетілімінің соңында естіп қалып едім осы әнді. Интернеттен тауып алып сіздердің назарларыңызға ұсынбақпын.
Мейрамбек пен Тарту тобы орындады.
Бөлісу:

17 пікір

meirzhan
araika
сен қойған ән ғой:)
saken
өйбу… бұл ән бар ма еді ужі?
Керекке кірмегеніме біраз болды.
araika
иә, болды және бар, тіпті сөздерімен де:)
saken
өшіремін қазір. :)
Aizhantabyn
рахмет))) жаңа көріп отырмын))) өшірмеші или ссылка берсін)
saken
өшіру деген тетікті таба алмай отырмын )))
AKY
тақырыпты тек «Тыңдау керек» қауымдастығының иесі ғана өшіре алады.
araika
Сіз әндер тақырыбында жиі жазатыныңызға қарап, осы «Саз әлемінде» айтылған болу керек(бірақ оған дейін де айтылды) Мадинаның орындауындағы «Сенім» әнін болса, бөліссеңіз деген ұсынысым бар
saken
ок. Тапсам қоямын міндетті түрде.
omarbirat
Музарттықтар жас топтарды танытуға көшкен ғой деймін. Топтармен дуэт болып айтатын әндері көп шығып жатыр. Бір күні продюсерге айналып кетпесе неғыл дейсің.
saken
аха. Меломен тобының продюссерлері ғой деймін солар.
meirzhan
Меломан тобындағы біреуі Сәкеннің бауыры.
Жалпы Музарттың төңірегінде әншілер аз емес.
Zilola
Меломен тобындағы бір бала қателеспесем НұрМұқасандағы Мұқасанның інісі
TERISKEY
Меломен тобының өз продюссері бар, аты — Жанна. Мұарттықтар тек ақылшы ағалары ғой:)
Nurgisa
Әннің мотиві басқа бір композициялардыкін қайталайтындай әсер қалды. Тыңдауға жайлы екен, дегенмен.
Zhan
Бірде «Аргументы и факты» газетінен Ресейде не көп, топтасқан әншілер көп, бірақ «Дискотека авария» ғана өміршең болып келе жатыр деп еді бір продюсер. Сол сияқты қанша әншілер топтасып шықса да «МузАрт» шоқтығы биік күйінде қалады.