23 ақпан, бұл қандай күн?

Былтыр 23 ақпанда сол кездегі Мәжіліс депутаты Тәңірберген Бердоңғаров әріптестерін мерекемен құттықтап, оған Бекболат Тілеухан ренжіп, біздер, яғни журналистер біраз «тауар» тауып алып мәз болғанбыз. Биыл әйтеу Мәжілісте ешкім ресми түрде 23 ақпанмен құттықтаған жоқ. Жалпы отырыс кеше өткен. Әрине, кәбинеттерінде бір-бірін құттықтап жатқандар бар шығар. Алайда, ресми түрде ешкім ештеңе деген жоқ. Дегенмен, ғаламторда 23 ақпанды «мереке» деп, бір-бірін құттықтап жатқандар бар. Ал, мен болсам «мереке емес!» деп безеріп отырмын. Сонымен бұл қандай күн?
Өз басым 23 ақпанды «2012 жылдың ақпан айының төртінші бейсенбісі» деп қана бағалаймын. "Қазақты қан қақсатқан әскердің құрылған күні қазақ үшін мереке емес!" деп қасарысып отырмын. Келісетіндер мен келіспейтіндер екі жаққа сапқа тұрсын.
Фотоны knews.kz сайтынан ұрладым
Әрі қарай

Блиц-сұхбат: Esmeralda

1. Алматыда туғансың ба? Қай мектепке бардың? Қай универде оқып жатырсың?
Алматыда туып-өстім, қазақ гуманитарлық өнер гимназиясын бітірдім, қазір әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде оқимын.
Әрі қарай

"Матрица" демекші

Көптен ойда жүрген дүние еді.
Әбіләкімнің постынан кейін әбден бекідім.
«Матрица» — Internews Kazakhstan Орталық Азияда жүргізіп отырған жоба. Мақсаты: Орталық Азия елдерінде жаңа технологиялар дамыту )құдай, не жазып қойғанмын), Орталық Азия халықтарының ІТ сауаттылығын арттыру.
Әрі қарай

Біздің қаззақтар

Қоянннн келіп тұр қонаққа

Тек қаззақтар ғана жер сілкінгенде далаға шықпай, «бісімілла» деп жата береді…
Қаззақтың екі-ақ ауруы бар: суық тию мен көз тию.
Біз ғана "Үйде кім бар?" десе, «ешкім жоқ, өзіміз» дейміз.
Әке-шешеміздің идеалы «Жұрттың балдары».
Тек қаззақтың жігіті ғана қызға жол беріп тұрып: «Сызылмай болсайШ, тез» дейді.
Біздер ғана қонақ кеткесін «енді өзіміз нармальна отырып шәй ішейікші» дейміз
Әрі қарай

Таныс болыңыздар: izbasar

izbasar — Айбек Қуандық. 1982 жылы Моңғол Халық Республикасы (сол кезде) Бай-Өлке өңірінде дүние есігін ашыпты. Отбасында үлкені. Қазір көмірлі Екібастұзда № 25 — гимназияда ұстаз.

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Бұрын Дауай қз ға тіркелген едім бірақ қолданбадым. Биыл көктемнен бастап Керекинфоны тұрақты қолданып жүрмін. Керекинфоның маған ұнайтын себебі қазақша еркін ойлайтын жастардың болуы.
Әрі қарай

Ностальгияға берілсек: теңге



Бүгін 15 қараша Ұлттық валютаның күні. Теңгенің күні.

Әлі есімде, ойын баласымын, бес-алты жаста болсам керек. Әкем үйге бір бума жап-жасыл қағаз алып келген. Қағазда сақалды атаның суреті бар.

Жап-жасыл қағазымыздың үш теңгелік ақша, ал атаның Сүйінбай Аронұлы екенін кейін білдік.

Жаңа ақшаны ұстап көріп жатқаным анық көз алдыма келеді.

Керекшілер, бірге еске алайық жақсы болсын, жаман болсын ұлттық деген аты бар валютамызды.
Әрі қарай

"Қой сорпасы" (жасалу әдісі)

Үйдегі сүйіктіңізге сюрпризді соңғы рет қашан жасадыңыз? Өткен сенбі күні Кәмшатпен отасқанымызға бір жылдың жүзі болып еді, күннің дәстүрліден ерекше өтуін қаладым. Жұма күні жұмыстан кейін гүл дүңгіршегіне барып сатушымен келісіп қойып едім, сенбі таңертең ерте келіп, ең әдемі қызыл розаның бір шоғын сыйлады кіреберісте. Ұйықтап жатқансыған сыңай танытып, есікті әдейі өзім ашқаным жоқ. Сенбі күні үйге жылу берілетін болғасын, үйден шыға алмай қалдық. Мерекелік трапезаны үй шарттарында дайындауға болмайды деп кім айтты? Ешкім. Жанұям үшін айрықша күні өз қолыммен жасаған «Қой сорпасының» дайындалу жолымен сіздермен бөліскім келеді:
Әрі қарай

M@lagent

Соңғы уақытта ауылдың жасөспірімі түгел агентте отырады. Бәрі бір-бір әлемнен ашып алған. Қалтафонмен неше түрлі суретке түсіп, оны өз әлемдеріне жүктеп, бір-бірімен достасып өтіп жатқан тылсым өмір.
14 жасар інімді қосам деп, оның біраз сыныптастарымен дос болуғе тура келді. Қабылдамайын десең, ауылдың кішкентай балалары ғой, өзінше әлдеқандай деп ойлар деп…
Сонымен ауылдың агентші жастарымен дос болдым. Бірақ, әлеміме кіріп, жазбаларды оқып, кейде жағамды ұстайм, кейде ұялам… Ауылда ырымға бір орыс жоқ, әлгілердің бәрі орысша сөйлеуге сондай талпынады:
Әрі қарай

Керекинфода аламан айтыс басталды ағайын

Құрметті Керектіктер, бүгіннен бастап мынадай идеяны жүзеге асырғалы отырмын. Кешегі Абзал мен Әдемі әлемнің айтысынан кейін тасыма сарт ете қалған осы ой маза берер емес. Сондықтан Керектіктердің арасында қойтістердің тойыс айтыскердің басын қосып, айтыс ұйымдастырып отырмын. Аламан айтыстың шарты мен барысы мынадай:
Әрі қарай

Әміре Қашаубаев - қазақ ән өнерін бір сатыға көтеріп тастаған адам

Өз ерін елемесе, ел кемеңгерді қайдан алсын деп жатады ғой. Кейде осы сөзді отырып та айтып жатады. Мен бүгін өз әңгімемде Әміре Қашаубаевтың тұлғасына тоқтала кетсем деймін. Сонымен, тоқталайын. Тоқтадым.
Қазақ халқы Әміре Қашаубаевқа дейін Шығысынан — Шыңжаңға дейін, Батысынан — Орынборға дейін ғана ән салған халық. Би де билеген халық, бірақ біз Әміре Қашаубаев туралы айтып
Әрі қарай